Olai’ bolsa, i’tter ty’raly a’n’gi̇me jazai’yn

 

Olai’ bolsa, i’tter ty’raly a’n’gi̇me jazai’yn

 

Ko’rkem s’yg’armada negi̇zi̇ basty nysan adam ja’ne onyn’ o’mi̇ri̇ bolg’anymen jurt kei’de kei’i̇pkerler arasynan i̇zdep ju’ri̇p o’zi̇n tay’yp alady da, jatyp kep renji’di̇. Kei’i̇pkerler arasynan o’zi̇n nemese o’zgeni̇ i̇zdey’ qans’alyqty durys? «Ol jai’ personaj g’oi’. Men ba’ri̇n oi’dan qurastyryp jazamyn. A’n’gi̇meni̇ jazyp otyrg’anda sen ty’raly oi’yma es’ten’e ki̇ri̇p te s’yqqan joq» desen’, senbei’di̇. Olai’ bolsa, i’tter ty’raly a’n’gi̇me jazai’yn dep s’es’ti̇m. I’t a’n’gi̇me oqi’ qoi’mas. Oqysa da, qans’a as’y’lang’anymen, azar bolsa, qay’yp almaq bolyp balaqqa jarmasar. Qabag’an i’tter tym ko’bei’se, qolg’a ustap ju’ri̇p, tumsyqtan bi̇r pereti̇n myqty tayaq tabylar.

 

Олай болса, иттер туралы әңгіме жазайын

Көркем шығармада негізі басты нысан адам және оның өмірі болғанымен жұрт кейде кейіпкерлер арасынан іздеп жүріп өзін тауып алады да, жатып кеп ренжиді. Кейіпкерлер арасынан өзін немесе өзгені іздеу қаншалықты дұрыс? «Ол жай персонаж ғой. Мен бәрін ойдан құрастырып жазамын. Әңгімені жазып отырғанда сен туралы ойыма ештеңе кіріп те шыққан жоқ» десең, сенбейді. Олай болса, иттер туралы әңгіме жазайын деп шештім. Ит әңгіме оқи қоймас. Оқыса да, қанша ашуланғанымен, азар болса, қауып алмақ болып балаққа жармасар. Қабаған иттер тым көбейсе, қолға ұстап жүріп, тұмсықтан бір перетін мықты таяқ табылар.