“Tu’ri̇k ken’esi̇” ja’ne “Tu’ri̇k a’lemi̇ – 2040”

“Tu’ri̇k ken’esi̇” ja’ne “Tu’ri̇k a’lemi̇ – 2040”

 

Eli̇mi̇z ta’y’elsi̇zdi̇gi̇n alg’anda qazaq az, bar bolg’any qyryq pai’yz, onyn’ eki̇ mi’lli’onymyz g’ana qazaqs’a so’i’lei’ti̇n edi̇k. Elbasymyz solai’ dedi̇. Olardyn’ ko’bi̇ ay’ylda turdy. “On jylda ayudy da u’i’rety’ge bolatyn” (N.N.) memleketti̇n’ ti̇li̇n otyz jyl boi’y u’i’rete almai’ a’lekke tu’sti̇k. Qai’ta, keri̇si̇ns’e, qazi̇rgi̇ kezde resmi’ organdar, Zan’, bi’znes, qarjy, bi’li̇kti̇n’ ti̇li̇ barg’an sai’yn orystanyp bara jatqany qupi’ya emes. Sog’an qarap, halyqtyn’ da betalysy oryss’ag’a ay’yp ketkeni̇n   ko’remi̇z. Nursultan oryss’a so’i’lep, oryss’a oi’lai’dy, oryss’a demalady. Basqa i̇ri̇ qalalar da “myqtylarym kez bolsa, bas i’zei’mi̇n s’ybyndap” degendei’, sog’an qarap bastaryn s’ulg’yp otyr. Elbasy qazaqtyn’ jai’yna toqtalyp, “jaqynda sanymyz jetpi̇s proc’entke jetti̇” dedi̇. A’i’, qai’dam, myna qalpymyzben ju’z proc’entke jetkende de bi̇rjolata oryss’ag’a ko’s’i̇p, memleketti̇k ti̇li̇mi̇zdi̇ qoltyg’ynan ko’teri̇p my’zei’ge aparyp qoyatyn tu’ri̇mi̇z bar. Ti̇l –  o’len’ ai’typ,a’n s’yrqap, konc’ert-qoi’ylymdar o’tki̇zi̇p, sahnada Ju’rsi̇n ko’kemi̇z ai’tys ui’ymdastyryp nemese bazarda say’da jasay’men g’ana ko’rkei’mei’di̇. Resmi’ organdar, basqary’s’y bi’li̇k, bi’znes, qarjy salasy, ulttyq kompani’yalardyn’ ti̇li̇ memleket ti̇li̇ne ko’s’pese onda onyn’ bolas’ag’y joq degen so’z. Meni̇ bi̇r na’rse s’os’yndyrady! Qyzylorda, Atyray’, Man’g’ystay’, Tu’rki̇stan seki̇ldi̇ qazi̇rgi̇ kezderi̇ demografi’yalyq o’si̇mi̇ mol, qazaqtyn’ qai’mag’y qalyn’, orysy joq oblystarda qazaq ti̇li̇nde bi̇li̇m alyp, oryss’ag’a s’orqaq,ti̇pti̇, so’i’lei’ almai’tyn jastardyn’ sany jyl emes, ku’n sanap artyp barady. En’ qay’i̇pti̇si̇ – mi’lli’ondarg’a jeti̇p qalg’an oryss’a jaza-syza almai’tyn, qazaqs’a bi̇li̇m alg’an jastar men qazaqs’a bi̇lmei’ti̇n, oryss’a bi̇li̇m alg’an bi’li̇kke jaqyn bi̇r s’og’yr g’ana jastardyn’ arasynyn’ barg’an sai’yn bi̇r-bi̇ri̇nen als’aqtai’ tu’sy’i̇. Jasyratyn ne bar, qazaq ti̇li̇nde bi̇li̇m alg’an sol balalarymyzdyn’ deni̇ qog’amnan o’z ornyn taby’da qi’yndyq ko’ri̇p otyr. Olardyn’ sany mi’lli’ondardy qurap qaldy. Ulttyq kompani’yalar bylai’ tursyn, bi’znes, qarjy, zan’, bi’li̇k organdary olardy syrtqa tey’i̇p, qataryna  jolatpai’dy. “Eki̇ qolg’a bi̇r ku’rek” s’artymen, ondai’lardyn’ bei’neti̇ ay’yr, zei’neti̇ az qara jumysqa barg’anyn qalai’dy. Bul – qay’i̇pti̇ tendenc’i’ya. Bi̇tey’ jara i̇ri̇n’demesi̇n, i̇ri̇n’dep ketse jarylmai’ qoi’mas. Anay’ qytai’g’a, arabtyn’ jumyss’ylaryna ti’i̇si̇p i̇s’tegi̇ by’lyqqan as’y’yn s’yg’aryp jatqan jastardyn’ erten’i̇ qandai’ bolmaq? Bi’li̇k basydag’ylar eldegi̇ bolyp jatqan osy jag’dai’lardy ne an’g’armai’ otyr, nemese jemqorlyq degen pa’leketke bels’eden batyp, bai’lyqqa esi̇ keti̇p qunyqqany sons’a ai’lyg’y s’ai’lyg’yna jetpei’ jatqan, “qara jumysqa” barg’ysy kelmei’ti̇n qara qazaq balasyn syrtqa tey’i̇p, sang’a almai’ jatyr. Ti̇pti̇, u’ki̇metti̇n’ ka’si̇bi’ mamandyqtardy  damyty’g’a arnalg’an bag’darlamasy da qurdymg’a keti̇p bara jatqan seki̇ldi̇. Mi’lli’ardtag’an qarjyg’a as’ylyp jatqan mektepterdi̇n’ ayag’y qurdymg’a kety’de nemese mamandyq alg’an jastarymyzdyn’ deni̇ qai’da bararyn bi̇lmei’ sendely’de. Al endi̇, s’etelden bi̇li̇m alg’an, g’ylym jolyna tu’sken bi̇li̇kti̇ degen jastarymyz s’e. Olar da en’begi̇ne o’nbegi̇ sai’ jumys taba almag’asyn s’etel asyp kety’de. Ku’n sai’yng’y aqparattar solai’ dei’di̇.  Bi’li̇k ony du’ni’e elderi̇nde bolyp jatqan qubylys dep aqtaly’da. Ai’nalai’yn, halqy jeri̇ne syi’mai’ jatqan Ey’ropamen, AQS’-pen, Qytai’men ten’eseti̇n bi̇z, ki̇mbi̇z, on-aq mi’lli’on qazaqpyz! So’zdi̇n’ toqeteri̇, es’ten de kes’ jaqsy degen. Bi̇ri̇ns’i̇ Prezi’denti̇mi̇z, Elbasymyz N.Nazarbaev kes’e g’ana Tu’rki̇ti̇ldes memleketterdi̇n’ o’zara qarym-qytynas Ken’esi̇ni̇n’ Baky’de o’tken sammi’ti̇nde budan bylai’ bul ken’esti̇n’ atay’yn “Tu’ri̇k ken’esi̇” ja’ne “Tu’ri̇k a’lemi̇ – 2040” bag’darlamasyn jasay’ kerekti̇gi̇n alg’a tartty. Bul i’ni’c’i’ati’va bi̇ray’yzdan qolday’ tapty.Olai’ bolsa, bi̇zdi̇n’ Qazaq eli̇ de jan’a qadamdarg’a bastay’y qajet. Elbasymyz ai’tqan, bolas’ag’y jarqyn,  du’ni’edegi̇ jeteks’i̇ oryng’a umtylyp jatqan Tu’rki̇ a’lemi̇ni̇n’ qataryna Qazaqstan memleketi̇ de tolyqqandy qazaq eli̇ reti̇nde ki̇ry’i̇ u’s’i̇n memleketti̇k ti̇li̇mi̇zge bi’zneste, atqary’s’y  resmi’ organdarda, qarjy t,b, salanyn’ barlyg’ynda osy bastan to’rden oryn bereti̇n kez jetti̇ bep bi̇lemi̇z.

 

 

“Түрік кеңесі” және “Түрік әлемі – 2040”

 

Еліміз тәуелсіздігін алғанда қазақ аз, бар болғаны қырық пайыз, оның екі миллионымыз ғана қазақша сөйлейтін едік. Елбасымыз солай деді. Олардың көбі ауылда тұрды. “Он жылда аюды да үйретуге болатын” (Н.Н.) мемлекеттің тілін отыз жыл бойы үйрете алмай әлекке түстік. Қайта, керісінше, қазіргі кезде ресми органдар, Заң, бизнес, қаржы, биліктің тілі барған сайын орыстанып бара жатқаны құпия емес. Соған қарап, халықтың да беталысы орысшаға ауып кеткенін   көреміз. Нұрсұлтан орысша сөйлеп, орысша ойлайды, орысша демалады. Басқа ірі қалалар да “мықтыларым кез болса, бас изеймін шыбындап” дегендей, соған қарап бастарын шұлғып отыр. Елбасы қазақтың жайына тоқталып, “жақында санымыз жетпіс процентке жетті” деді. Әй, қайдам, мына қалпымызбен жүз процентке жеткенде де біржолата орысшаға көшіп, мемлекеттік тілімізді қолтығынан көтеріп музейге апарып қоятын түріміз бар. Тіл –  өлең айтып,ән шырқап, концерт-қойылымдар өткізіп, сахнада Жүрсін көкеміз айтыс ұйымдастырып немесе базарда сауда жасаумен ғана көркеймейді. Ресми органдар, басқарушы билік, бизнес, қаржы саласы, ұлттық компаниялардың тілі мемлекет тіліне көшпесе онда оның болашағы жоқ деген сөз. Мені бір нәрсе шошындырады! Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Түркістан секілді қазіргі кездері демографиялық өсімі мол, қазақтың қаймағы қалың, орысы жоқ облыстарда қазақ тілінде білім алып, орысшаға шорқақ,тіпті, сөйлей алмайтын жастардың саны жыл емес, күн санап артып барады. Ең қауіптісі – миллиондарға жетіп қалған орысша жаза-сыза алмайтын, қазақша білім алған жастар мен қазақша білмейтін, орысша білім алған билікке жақын бір шоғыр ғана жастардың арасының барған сайын бір-бірінен алшақтай түсуі. Жасыратын не бар, қазақ тілінде білім алған сол балаларымыздың дені қоғамнан өз орнын табуда қиындық көріп отыр. Олардың саны миллиондарды құрап қалды. Ұлттық компаниялар былай тұрсын, бизнес, қаржы, заң, билік органдары оларды сыртқа теуіп, қатарына  жолатпайды. “Екі қолға бір күрек” шартымен, ондайлардың бейнеті ауыр, зейнеті аз қара жұмысқа барғанын қалайды. Бұл – қауіпті тенденция. Бітеу жара іріңдемесін, іріңдеп кетсе жарылмай қоймас. Анау қытайға, арабтың жұмысшыларына тиісіп іштегі булыққан ашуын шығарып жатқан жастардың ертеңі қандай болмақ? Билік басыдағылар елдегі болып жатқан осы жағдайларды не аңғармай отыр, немесе жемқорлық деген пәлекетке белшеден батып, байлыққа есі кетіп құныққаны сонша айлығы шайлығына жетпей жатқан, “қара жұмысқа” барғысы келмейтін қара қазақ баласын сыртқа теуіп, санға алмай жатыр. Тіпті, үкіметтің кәсіби мамандықтарды  дамытуға арналған бағдарламасы да құрдымға кетіп бара жатқан секілді. Миллиардтаған қаржыға ашылып жатқан мектептердің аяғы құрдымға кетуде немесе мамандық алған жастарымыздың дені қайда барарын білмей сенделуде. Ал енді, шетелден білім алған, ғылым жолына түскен білікті деген жастарымыз ше. Олар да еңбегіне өнбегі сай жұмыс таба алмағасын шетел асып кетуде. Күн сайынғы ақпараттар солай дейді.  Билік оны дүние елдерінде болып жатқан құбылыс деп ақталуда. Айналайын, халқы жеріне сыймай жатқан Еуропамен, АҚШ-пен, Қытаймен теңесетін біз, кімбіз, он-ақ миллион қазақпыз! Сөздің тоқетері, ештен де кеш жақсы деген. Бірінші Президентіміз, Елбасымыз Н.Назарбаев кеше ғана Түркітілдес мемлекеттердің өзара қарым-қытынас Кеңесінің Бакуде өткен саммитінде бұдан былай бұл кеңестің атауын “Түрік кеңесі” және “Түрік әлемі – 2040” бағдарламасын жасау керектігін алға тартты. Бұл инициатива бірауыздан қолдау тапты.Олай болса, біздің Қазақ елі де жаңа қадамдарға бастауы қажет. Елбасымыз айтқан, болашағы жарқын,  дүниедегі жетекші орынға ұмтылып жатқан Түркі әлемінің қатарына Қазақстан мемлекеті де толыққанды қазақ елі ретінде кіруі үшін мемлекеттік тілімізге бизнесте, атқарушы  ресми органдарда, қаржы т,б, саланың барлығында осы бастан төрден орын беретін кез жетті беп білеміз.