Саумысыз Бекболат аға?! 

Ася Асеткина
Фейсбуктағы парақшасынан

Саумысыз Бекболат аға?!

         Сіз мәжіліске депутат болғанда қалың көпшілік болып шын ниетімізбен қуанып едік. Қуанғанымыз- мәжілісте  ұлтының намысын жоғары бағалайтын қазақтың бір шын жанашыры бар деп қуандық… Өкінішті..
«Халқым, жер сатылмайды жай ғана жалға беріледі»- деп жерден жеті қоян тапқан қу түлкідей бір «жарқ» етіп жоқ болып, енді келіп «екі-үш күн ойланайын»- деп тағы сусылдаттыңыз… Не ойланатыны бар?
Жер сатылмасын да, жалға да берілмесін!!! Сізді «алдындағы аз ғана балшығын ойлайтын бақа» деп ойламап едік…
Бақа болмай енді неңіз қалды, халқыңызбен бірге болмай «балшық-билікке» бұрып тұрғаныңыз?

Сізге ел сенді, үміт артты, қаншама қазақтың жастары үлгі тұтты..
Өкінішті-ақ..! Бір кездері тап мына өзіңіз үндеу айттыңыз «Ақтөбені- қытайдан, Алматыны-ұйғырдан,  Астананы-ағылшыннан, Оралды-орыстан қызған» деп.

Ал сонда өзіңізде қытайлар мен орыстардан шұрайлы жеріңізді, жер-анаңызды, қызғалдақ- қыздарыңызды қызғану сезімі оянбай ма??!

Ар-намысыңыз оянбады ма? Өзіңізді «жерін жалға беруші елін сатқан» деп көрмеп едік, намысшыл көретінбіз, ұлтжанды деп көретінбіз.

Бір айтса сізді айтады деп, өзіңізге қарап едік... Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын…

Ася Асеткина
Фейсбуктағы парақшасынан