Қандай жағдайда қандастардың шет елде жүргенін біліп ал

 Руслан Турдибеков:

ШЕТТЕН КЕЛГЕН ҚАНДАСТАР ЖАЙЛЫ

       Оралмандар» деген əңгіме айтылса, «қашқындар», «сатқындар» деп шығатындар және солай түсіне білетін адамдар да бар. Өзбекстаннан келген қазақты келекелеп «өзбек», Қытайдан келгенін «қытай» деп айтатын бауырларыма айтар едім. Алдымен тарихты оқы. Қандай жағдайда қандастардың шет елде жүргенін біліп ал. Кейін өз тұжырымыңды айтарсың.

Ресей
Кеңестік заманның сұрқия саясатының арқасында Ресейге өткен жерлер:
( Қазақстанның 1919-1922 жылдардағы алғашқы астанасы Орынбор қаласы.
1. Оренбург (Орынбор)
2. Астрахань (Астрахан)
3. Саратов (Сарытау)
4. Самара
5. Тюмень (Төмен)
6. Омск (Омбы)
7. Томск

Өзбекстан
Төли бидің жатқан жері Ташкент бір кездері қазақтың Қызылордадан кейінгі астанасы (1922 жылы 04 сəуірден бастап 22 тамызға дейін) болған.

Өзбекстанда қалған қалалар мен аудандар:
1.Ташкент (Шыршық, Бостандық, Чыназ, Қыбрай, Ангрен, Ғазалкент, т.с.с)
2. Сырдария (Гүлістан, Бахт, Алмазтиесіла ауыл, т.с.с)
3. Жыззақ ( Достық, Фарыш, Бостан, Галларал т.т.с)
4. Наваи 1982 жылы облыс атағын алды. Оған дейін Бұхара облысы болған (Канимех, Нұрата, Зарафшан, Ұшқұдық, Тамды)
Наваи облысының Нұрата кентінде Кіші жүздің биі Əйтеке би жатыр.
5. Қарақалпақстанда ( Хожелі, Тахияташ, Тахтакөпір, Қоңырат т.с.с)

ҚЫТАЙ ЕЛІНЕ СТАЛИННІҢ СЫЙҒА ТАРТҚАН ҚАЗАҚ ЖЕРІН ОЙЛАСАҢ ЖҮРЕГІҢ ҚАЛАЙ АУЫРМАЙДЫ. АЛТАЙ ӨҢІРІНІҢ БƏРІН ТҰТАСТАЙ КЕСІП БЕРЕ САЛЫП, СОЛ ЖАҚТАҒЫ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ШЕТ ЕЛДІККЕ АЙНАЛДЫРА САЛДЫ.

Осылай етіп Қазақстан жерінің өте шұрайлы деген көптеген аумақтарын бөліп беріп жіберді. Ол жерлерде тұрып жатқан Қазақтар өз ата-баба қонысында отыр. Өзінің туған жерінде отыр. Ата-бабасының сүйегі көмілген жерде отыр. Сондықтан оларды «қашқын», «сатқын» деуге қақың жоқ. Қазақтың үш биінен тек қана Қазыбек би ғана Қазақстанда, Төле би — Ташкентте, Əйтеке би — Наваи обл. Нұрата ауданында жерленген. Сонда сол екі би қашып жүріп, сатқын болып өлді ма…?!
Отправлено из Mail.Ru для Android