ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, КӨКТЕММЕН!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, КӨКТЕММЕН!

 

 

 

Бұл, Бірінші Наурыз —

Бастауы ғой Көктемнің.

Көктем — жасыл Бағымыз,

Бәрі есте ме, өткеннің?..

 

 

 

Барша Қазақ Арулары —

Барша Ұлтымның Гүлдері,

Қыз-Жүректер, жалындады,

Сезім біткен  бүрледі…

 

 

Бұл Табиғыт-Анамыздың,

Бар мейірін төккен күн!

Өңі кіріп, Даламыздың,

Келген күні Көктемнің!

 

 

Барша Қазақ Арулары,

Гүл Көктемнің көркі ғой.

Шешек атар бағым, бәрі ,

Сүйген жүрек өрті ғой…

 

 

Махаббаттың Ханшасы ма,

Қазағымның сұлулары.

Ерін — қызыл алшасы ма,

Естен алар бұның дәмі…

 

 

 

Сүйген – татса, бал шырынын,

Ләззат алар — от демнен!

Қазағымның бар сұлуын,

Құттықтаймын, Көктеммен!..

Құттықтаймын, КӨКТЕММЕН!!!

 

 

Жұмаш Көкбөрі,