«Қазақ -софт» сайты

 Жинақтаушы: Есенбаева Айгерім

Қытайдағы қазақ жастары «Қазақ -софт» сайтын іске қосты деп хабарлайды 31 арнаның тілшілер

Қытайдағы қазақ жастары ғаламторда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Қазақ -софт» сайтын іске қосты. Мұнда төте жазумен жазылған кез келген мәтінді кириллицаға немесе керісінше сәйкестендіруге мүмкіндік бар.

 

Сондай-ақ әмбебап сайт көп қаріпті жазу жүйесі мен  сегіз жүз сөздік қоры бар қазақ тілінен ағылшын, түрік, парсы, орыс, қытай тілдеріне онлайн аударма жасау бағдарламасын ұсынады. Мұнда әдеби сөздік те жұмыс істейді. Алдағы уақытта аудио сөздік жобасы пайдалануға берілмек екен.

 

ТӘЛІП НҮСІПҰЛЫ, IT маманы:

  • Мәтіндерді бізге дауыстап оқып беретін жүйенің негізін біз қалап қойдық. Мысалы, «Сәлем, Қазақстан» деп қомпьютерде жазылған мәтін болса, соны бір кнопка, бұйрық арқылы оқып беретін. Әрине, адам дауысына, табиғи дауысқа жақын.

          

                                                               Жинақтаушы: Есенбаева Айгерім