Еркетай Төреұлыңын архивтік материалдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еркетай Төреұлы

1947 жылы 12 сәуірде Ақмола қаласында дүниеге келді. 8-сыныпты аяқтағаннан кейін 1963 жылы Целиноград көлік- жол техникумының техник-механик мамандығына түсіп, 1967 жылы оқу орнын ойдағыдай аяқтады. Техникумнан кейін Целиноград өткізу базасына механик лауазымы бойынша жұмысқа қабылданды. 1968 жылы Целиноград элеваторы- на техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болып жұмысқа қабылданды. 1971 жылы Целиноград облыстық тұрмыс басқармасы өндірістік бөлімінің инженер-механик лауазы- мы бойынша жұмысқа орналасты.

1983 жылдан бастап 1990 жылға дейін облыстық тұр- мыс басқармасы жүйесінің әртүрлі саласында жұмыс істеп, облбыт басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

1990 жылы «Трикотаж» облыстық бірлестігінің ди- ректоры болып ауысты, ал 1992 жылы «Көркем» ұжымдық кәсіпорнының директоры лауазымына ұжыммен ұсынылды, 1997 жылға дейін аталмыш лауазымда жұмыс істеді.

1998 жылы ақпан айында «Көркем» кәсіпорнының жа- былуына байланысты «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК тұрғын үй-пайдалану қызметінің бастығы болып жұ- мысқа қабылданды.

2005 жылдың қараша айынан бастап «Қараөткел» РМК қызмет бастығы болып жұмыс істеді. Қазір зейнеткер.

Еркетай, әкеміз мұра етіп қалдырғандай, отбасымыз- дың өзегі. Қазақтар «Ағасы бардың жағасы бар» деп бекер айтпаса керек. Ол туған-туыстың бар қуанышы мен қайғы- сында бірге болып, ағалық қамқорлығын аямайды. Кейде біздің әрекетімізге бағыт-бағдар береді.

Жұбайы Қадиша Рахымқызы, бұрынғы дәрігер – қазіргі

 

 

кезде зейнеткер.

Қызы Динара 1980 жылы туған. Мемлекеттік кірістер департаментінде бас маман.

Қызы Мәдина 1982 жылы туған. Нұр-Сұлтан қалалық же- дел шұғыл көмек көрсету ауруханасында кадр инспекторы.

Жиен немерелері – Адия, Асылан, Дәрия, Арлан.