Барысбай сұлтан Кипр астанасы Никосияны жаулап алды

 

 

Барысбай сұлтан Кипр астанасы Никосияны жаулап алды

 

Кресшілердің жиі-жиі шабуылына жауап ретінде Мәмлүк сұлтаны шеркеш Барысбай Кипрге жасаған үшінші жорығында қуатты күш жинап,  1426 ж. Рашид қаласынан 180 әскери кемемен, Лимасолға (Оңтүстік Кипр) қарай беттейді. Лимасолды 2 шілде күні  тізе бүктіре сала, Кипр аралының солтүстік бөлігіне беттейді. Кипр әскері Барысбай сұлтан әскеріне төтеп бере алмай, ақырында король Янус тұтқынға түседі. Осылай Барысбай сұлтан Кипр астанасы Никосияны жаулап алып, арал толығымен мәмлүктердің (қыпшақтардың) қолына өтеді.
Сол кездегі жазбаларға қарағанда 1426 ж. 14 тамызында жеңістің құрметіне болған салтанатты шеру кезінде, Каир көшелерінде жеңіспен оралған сарбаздардың артынан ұзын саны 3700 тұтқын келе жатты (кей жазбаларда 1600 деп көрсетеді). Олардың арасында король Янус пен оның бірнеше әмірі де болған.
Барысбай сұлтан жеңісінің нышаны ретінде Янус корольдің шлемін өз мешіт-медресесінің кіребәріс қақпасының ең жоғарғы жағына іліп қояды. Шлем ілінген жерінде 17 ғасырға дейін тұрды. Өкінішке орай Мысыр жеріне француздардың баса көктеп кіруімен шлем ілулі тұрған жерінен жоғалып кетті.
Кипр королінің тұтқынға түскенін естіген Родостықтар қатты қорқып, Барысбай сұлтанға  дань төлеп тұруға және өзін Родос аралындағы сұлтанның орынбасары етуін сұрап елшілерін жіберген.
(Төмендегі суреттерден жорық картасын, Каир қаласындағы Барысбай сұлтанның мешіт-медресесін, оның кіреберіс қақпасының жоғарғы жағында Янус корольдің шлемі ілінген ағашты көруге болады (ағаш жоғарыға шынжыр арқылы бекітілген). Сондай-ақ Мешіт-медресе құрылысының жоғарғы жағы қазақы қошқармүйіз ою-өрнектерімен өрілгені анық көрініп тұр)