Заңның бастау бұлағы – ҚазҰУ

Азаматтық құқық және

азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының

 з.ғ.к,доценті

Алдашев С.М.,Карашева Ж.Т.

 

Заңның бастау бұлағы – ҚазҰУ

 

 

Жаһандану заманында адам құқықтары мен бостандығын қорғау басты нысанаға алынған десек, оған Шерxан Мұртазаның “Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты” дегенін қосыңыз. Демек, адам өмірінде заңның арқалар жүгі жеңіл емес. Осы салада үздіксіз білім беріп жүрген білім ордаларының бірі де бірегейі Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультеті.

Факультет қабырғасы университетпен бірге 1934 жылы қаланған болатын. Сондықтан да, білімнің альмонаторы атанған заң факультетінің біздің елімізде  биік екеніне ешкім күмән келтіре алмас. 2024 жылы қаңтар айынан бастап қара шаңырағымыз өзінің 90-жылдық мерей тойын тойламақ.

Оның дәлелі әрине талай белесті бағындырған, Ата Заңымыздың әр тармағы, әр бөлімін құрастыруға үлес қосқан түлектері екені мәлім. Қазақ заңының шаңырағын көтеріп, уығын тіккен жандардың қай қайсысын да өмір тариxынан “ҚазҰУ” деген таңбаны көруге әбден болады.

“Түлектерім – тірегім” деген қара шаңырақтың бүгінгі шәкірт дайындау жолындағы алғы істеріне тоқтала кетейік.

Құқықтану, кеден ісі, корпоративтік құқық мамандықтары бойынша жыл сайын бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиелеп шығаруда. Сапалы білім алып шыққан студенттеріміздің жұмыс орнында да өресі биік тұратынына сенімдіміз.

Факультет заман талабына сай жабдықталған еліміздегі алдыңғы қатарлы білім ордасы. Шәкірттер игілігіне шексіз интернет пен компьютер құрылғылары үздіксіз жұмыс жасайды. Сонымен қатар, зертxаналық сабақтарға арнайы жабдықталған криминалдық зерттеу, сот жүргізу бөлмелері мен медиация дөңгелек үстел кабинеттері студенттердің сапалы білім алып қана қоймай, жан-жақты болып шығуына өз септігін тигізуде.

Бізде студенттердің таңдауына қарай сабақтар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жүргізіледі. Әлемдік стандарттар бойынша бакалавр, магистратура, PһD докторантура санаттарында білім алып шығуға мүмкіндіктер жасалынған. Себебі бізде, Қазақстандағы ең үздік деген  профессорлар мен доценттер, ұстаздар құрамы жұмыс жасайды.

Студенттеріміз сабақ оқып қана қоймай студенттік ұйымдар мүшелері болып, түрлі үйірмелерге де қатысуына болады. Сол арқылы оқу мен қатар қоғаммен қарым-қатынас жасай білегу дағдыланады. Бүгінгі күні шәкірттеріміздің білім көрсеткішінің арқасында Қазақстанда ғана емес, университетімізде де алдыңғы қатарлы факультеттердің көш басында тұр. Оның дәлелі жыл сайынғы заң факультетерінің студенттері халықаралық және республикалық олимпиадалардың, спорттық жарыстардың, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары.

“Заң – үлкен шыбындар бұзып өтіп, ұсақ шыбындар шырмалатын өрмекшінің торы емес” деген Бальзактың сөзін ұстанатын біздің факультет қашанда әділдікті ту еткен еліміздегі ең айтулы білім бөлімі.

 

 

Азаматтық құқық және

азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының

 з.ғ.к,доценті

Алдашев С.М.,Карашева Ж.Т.