Әділетті сайлау-ел болашағы

 

 

 

С.М. Алдашев

азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу,

                                                                                           еңбек құқығы кафедрасының з.ғ.к.,доценті,

 Ж.Т.КАРАШЕВА,

азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу,

                                                                                           еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы

Әділетті сайлау-ел болашағы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты ретінде ерікті сайлауды, ал егемендікке ие әрі мемлекеттік биліктің бірден-бір көзі – халық екенін анықтады.

Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, республикалық референдумда дауыс берді. Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшелігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуін қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілдеттілігі мерзімдерінің саны және  ұзақтығын  қайта қарау қажет екендігін атап өтті. Президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынды,бірақ қайта сайлануға тыйым салынады-деп атап өтті.

Қазіргі жағдай, геосаяси ахуалға байланысты қарастыратын болсақ,бұл – өте батыл қадам. Сонымен қатар, Президенттің партиядан тыс болуы, яғни жетекші партияға басшылық етпеуі – өте маңызды мәселе. Көптеген озық, дамыған мемлекеттерде Президент партияға тәуелді болмайды. Биылғы Жолдауда еліміздің билік жүйесіне қатысты біраз саяси реформалар айтылды. Тоқаев Халықтық коалицияға кандидат болғаннан кейін ол «жақын болашақта» өзінің сайлауалды тұғырнамасының жариялануы туралы мәлімдеді. Өзінің жоспарында ол елді жан-жақты трансформациялау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар, мемлекет, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көп бағытты сыртқы саясат сияқты мақсаттарын айтып кеткен. Осыған орай,енді  реформалардың нақты бағдарларына тоқталайық.

Бірінші бағдар. Жаңа экономикалық саясат. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру, бәсекелестікті дамыту.

Екінші бағдар. Нақты секторды дамыту.Ең алдымен, қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады және транзит мәселелерін қолға алу.

Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция. Еліміздің басты құндылығы – адам. Яғни,ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Біздің Ата заңымызда «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп анық жазылған.

Төртінші бағдар.Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде  орындағанын қалайды.

Бесінші бағдар. Заң және тәртіп. Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осы жағдайды ескерген Президент осы реткі Жолдауында сол Конс­титуциялық сотты қалпына келтіру мәселесін көтерді. Бұл да өте дұрыс шешім.

Сайлаудың басты мақсаты-қоғамның жаңа жүйесін жаңғырту. Қазіргі таңда сайлауға қатысатын сайлаушылар тізімі бекітілді. Президенттікке үміткерлер өздерін ұсынып,тіркелді. Еліміз осыдан 15 жыл бұрын конституциялық реформа аясында Мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көшті. 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттары да осы үлгімен сайлана бастады. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берудің бастамасы болды.

Сайлауға қатысу-әр азаматтың міндеті,еліміздің жарқын болашағы. Дұрыс таңдау осы аталған бағдарларды  нақты жүзеге  асырылуын  қалыптастырады.

Болашағымыз жарқын болу үшін- әділетті сайлау, әділетті қоғам құруымыз керек.

 С.М. Алдашев

азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу,

                                                                                           еңбек құқығы кафедрасының з.ғ.к.,доценті,

 Ж.Т.КАРАШЕВА,

азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу,

                                                                                           еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы