халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Смағұлова А.C. Мұхаметқалиева Г.Ө.,

дипломатиялық аударма кафедрасының доцентері

 

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясына 30 жыл: жетістіктері, сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

 

Ауқымды шара Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарын ғылыми тұрғыдан талдау және талқылауға, еліміздің халықаралық қатынастардағы қазіргі перспективаларын, оның қауіпсіздік жүйесі, интеграциялық құрылымдар, экономикалық және өркениеттік процестердегі орны мен рөлін айқындауға бағытталған. Оған танымал сарапшылар, сыртқы саясат құрылымдары мен ҚР аккредиттелген дипломатиялық миссия өкілдері, ғалымдар және студент жастар қатысуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаев жиылғандарға арнайы бейнеқұттықтау жолдады. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көпвекторлы қағидат, прагматизм және ұлттық мүдделерге негізделген сыртқы саясаттың тиімді моделін құруға қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 186 елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Негізгі шетелдік серіктестермен ынтымақтастық артуда. Орталық Азия елдерімен диалог жандана түсті. Халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне жіті назар аударылуда. Баршаңызды Қазақстан дипломатиясының мерейтойымен құттықтаймын және жемісті жұмыс тілеймін!» – деді университет басшысы.

 

Жиында сөз алған БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жарқын болашақ құратын жастарды қалыптастыру БҰҰ миссиясының негізі екенін еске салды. Осы орайда, ҚазҰУ-да атқарылған жұмыстарды жоғары бағалап, «БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша жаһандық хабы ретінде сіздер студенттерге өз мақсатына жетуде үлкен көмек жасаудасыздар. Бұл Қазақстанның және өңірдің одан әрі дамуына ықпал етеді», – деп атап өтті.

Сондай-ақ пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Ашықбаев, Еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулы Цзян Вэй, Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Алексис Шахтахтинский, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов сөз сөйлеп, пікір бөлісті.

Конференция жұмысы Халықаралық қатынастар  дипломатиялық  аударма кафедрасында Секция 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДАҒЫ ШЕТ ТІЛІНІҢ РӨЛІ секциялық отырысқа ұласты.

Секция  модераторы Бақытов Айтқали Тайжанұлы мәлімдемесі мен  басталып келесі спискер лер сөз сөйледі.

Макишева М.К. ҚазҰУ доценті, дипломатиялық аударма кафедрасының профессоры;

Бекишева Р.М., Жантілеуова Г.Қ., дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушылары, Смағұлова А.C., дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, Жанұзакова Г.А., дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы  Смағұлова К.К., дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, Чакиева Д.А., магистрант, Қожабекова Р., дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы, Мұхаметқалиева Г.Ө., дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, Бақытов А.Т., дипломатиялық аударма кафедра меңгерушісінің орынбасары; Алимова Р.Т., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы және студентер баяндамалыры мен бөлісіп, пікірлерімен бөлісті.Секция жумысы өте ауқымды өтті.

 

 

 

 

 

 

Смағұлова А.C. Мұхаметқалиева Г.Ө.,

дипломатиялық аударма кафедрасының доцентері