Қаңлы мемлекеті – Қазақ мемлекеттілігінің негізі

 

Copyright © 2018. Бәйтерек – Келдібек | Қаңлы | Кангюй | Печенег. Сайтты құрастырған: ITQ.kz компаниясы

 

Қаңлы мемлекеті – Қазақ мемлекеттілігінің негізі

 

 

                     

 

 

   Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ, профессор, ҚР Жаратылыстану

   ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі

 

Қазіргі қазақ даласындағы ең алғашқы мемлекет – б.з.б.III ғасырдан бұрын белгілі болған. Бірақ қай мыңжылдықтың, қайсы ғасырында құрылғаны белгісіз.  Бұл мемлекет Қытай жазбаларындағы Кангюй. Авестадағы “Кангха”, ал “Оғыз-намедегі” Қаңғылы деп аталған ел Евфрат-Тигр өзендерінің бойында адамзат тарихындағы тұңғыш рет Месепотомия атты  мемлекетті құрған ертедегі қаңлылар болатын.    Жазу-сызуды, білім-ғылымды, мәдениет-өнерді, мемлекеттік құрылымды басқаруды қаңлы-шумерден  үйренген арабтар б.з.д. 2-мыңжылдықтың ортасында қаңлы-шумерлер тұрған жерлерді тартып алады.      Осылай жерсіз қалған қаңлылар өзінің тарихи отанына келгенше бірнеше бөліктерге бөлініп, басқа тайпалардың құрамына сіңіп, аман қалғаны тарихи отаны Туран еліне келеді. Тарихи отанында бірнеше ғасыр бойы өмір сүген соң қазіргі Қазақстан аумағында бірінші болып Қаңлы мемлекетін құрады.   Қаңлылар Шумер де болды, Сак та болды, Скиф те болды.т.б. болды. Өздерінің төл есімін мыңдаған жылдардан соң төл атауына қайта оралып, иемденді. Сөйтіп мемлекеттің атын Қаңлы мемлекеті деп атады.

Қаңлы туралы бірінші хабар император  У-дидің тұсында б.з.д (140-87жж) уақытқа тиесілі.                                                     Қытай жиһангері Чжан Цяньның саяхаты тәмамдалғаннан кейін б.з.д. II ғасыр Қаңлы мемлекетінің аумағын көрсеткен сызбасын Қытай Хан патшалығына берген. Суретті қараңыз.

Б.з.д. III ғасырдың басында Қаңлылардың саны 120 000 түтін, 600 000 адам, 120 000 садақ атушы әскері болған деп жазады (“Повествовании о западном крае”, “Истории старшего дома Хань”) қараңыз. Ал Чжан Цяньның жазуы бойынша б.з.д. II ғасырдың басында Қаңлы мемлекетінің әскері 90 000 адамды құраған. Яғни соғысқа жарамды еркектер халықтың 20 пайызын құраса, онда Қаңлы халқының саны 400 000 адамға жетеді деп есеп берген. Бұл сан сол кездегі жағдаймен салыстырғанда аз емес. Қаңлылардың саны сол Кир дәуірі заманындағы парсылардың санымен бірдей болған. Ал гректерден екі есе көп болған екен.

Б.з.270 жылдардағы Қытай мәліметтерінде – Қаңлы мемлекеті жекелеген елдерге елшілік жіберіп отырған. Қаңлы мемлекетінің жоғары билеушісі Қытай деректерінде ‘’Ваң’’ (Патша) деп алынады.Қаңлы мемлекетінің қай жеріне барса да жергілікті тайпалар өзін қаңлымыз деп атаған-деп жазады саяхатшы.

Қаңлы мемлекеті бес кіші патшалықтардан тұрады.Олар:Сусе, Фуму, Юни, Ги, Юегянь. Әрбір басқару орталығы сол орталықтың атымен аталатын қалаларда тұрды. С.П. Толстовтың айтуы бойынша Сусе қаласы қазіргі Өзбекстанның Қашқадарияда, Фуму қаласы Зарафшанда, Юни қаласы Чача (қазіргі Ташкент оазисінде), Ги қаласы Бұхарада, Юегянь қаласы Хоразмде (қазіргі Үргеніш).

Үйсіндерден батысқа қарай Талас, Сырдария өзені мен Қаратау маңында және Орталық Қазақстанда б.з. бұрынғы ІІІ ғасырлардан бастап қаңлы тайпалары мекендеді. Суретті қараңыз. Шығысында Үйсін мемлекеті. Солтүстік батысында Яньцай(Алан), Оңтүстік батысында Юечжилермен шектеледі. Қытай деректерінде бұл жерлер «Кангюйлар елі» деп аталады. Бұл этноним бұдан ерте кездегі жазба мәліметтерде де кездеседі. Діни Авеста шығармасында қазіргі Қазақстан аумағындағы «кангхалар» және сақтармен, тохарлармен қатар «канкилер» деп те аталады. Қалай десек те,«кангар» этнонимінің б.з. бұрынғы VI ғасырдан бастап кездесетінін айтуымыз керек.Сырдарияның орта ағысынан солтүстіктегі Ұлытау аймағына дейінгі кең даланы қуатты Қаңлы мемлекеті бағындырған болатын. Солтүстік Ғұндар батысқа қарай жылжығанда осы мемлекеттер кеңістігі арқылы көктей өтіп, олардың іргесін шайқалтып кетті. Тіптен Ғұндардан жолай-жолшыбай шашырап қалған рулар мен тайпалар жаңадан

Йұрпан (Юебань) атты мемлекеттің негізін қалап, байырғы түркі мемлекеттерін бұрынғы саяси жүйеден алыстата түсті.

Қаңлылар сонымен қатар осы кезеңдегі негізгі сауда жолы болған Ұлы Жібек жолының Сырдария бойымен жүретін бөлігіндегі бағытын өз бақылауында ұстап тұрды.Ұлы жібек жолының картасын қараңыз.Жолдың ең ұзақ бөлігі Қаңлы мемлекетінің ішімен өтеді. Қытай, Рим, Кавказ(Қап тауы, Қаң-қаңлы тауы) және Оңтүстік елдерімен сауда, экономикалық және саяси байланыстар жасады.

Турандағы қандастары бұл оралмандарды тиграхаудтар деп атап кетті. Олар Тигр өзенінің бойынан келгендіктен осылай атады. Тиграхаудтар Амударияның орталығы мен Сырдария, Жетісу және Тянь-Шанда жасады. Тиграхауда сақтары(шошақ бөрікті сақтар) – деп атаған. Содан кейін шығыстағы қаңлыларды хаомаваргтар деп атады. Олар Мургаб өзенінің аңғары,Даван(Ферғана) даласында жасады. Тарихи жағыдайларға байланысты мекен-жайлары өзгеріп отырған. Хаомоварга сақтары(хаома атты сусын жасаушылар) – деп бөлінген  Батыстағы қаңлыларды парадарайлар деп атады. Олар парадарай сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар,теңіз жағасындағылар) –деп аталады. Олар Арал, Каспий теңізінің маңы, Амударияның мен Сырдарияның төменгі ағысы жағында жасады.Осылай үш жүзге бөліну бұрыннан қалыптасқан.

Қаңлылар бұл тиграхаудтар Мұнда худа деген сөзді ғалым  Ролинсон  былай деп түсіндіреді. Сактар тигр даласында. деп түсіндірсе, Бенфею Сактар Тигрде деп түсіндіреді.

Біздің заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған “Тарих” атты тоғыз томдық еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің (қаңлылардың) географиялық орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Геродот скифтердің(қаңлылардың)  Шығыстағы далалық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды (қаңлыларды)  “азиялық скифтер” деген терминмен атайды

Грек тарихшысы Геродот өзінің атақты «Тарихында» былай дейді: «Сонымен өмірге қажеттінің бәрі скифтерде бар», «Барлық халықтардың ішінде тек скифтер ғана қажетті өнерге ие. Олар еліне шабуыл жасаған бірде-бір жауды тірі жібермейді, егер, өздері мүмкіндік бермесе, оларды ешкім де қуып жете алмайды. Скифтердің не қалалары, не бекіністері жоқ қой, өздерінің үйлерін өздерімен алып жүреді. Барлығы атты садақшылар, жер жыртумен емес, мал шаруашылығымен айналысады, олардың үйі киіз».

Атақты грек географы Страбон өзінің География атты еңбегінде: «Қымыздан ішімдік жасайтын скифтер әділетті» «Шынында да, біз скифтерді ең ақкөніл, айлакерліктен неғұрлым алыстау, сонымен қатар, неғұрлым үнемшіл және бізге қарағанда, неғұрлым тәуелсіз деп есептейміз».

Страбон «скифтердің бір беткейлігі туралы үнділерде, вавилондықтарда, парсылардың хабарламалары мен египеттердің ертегі, нақылдарында жеткілікті айтылған», деп көрсетеді.

Қорыта келгенде, қаңлы-сақтар атанған түркі тайпалары б.з.д. 2-1 мыңжылдықтарынан бастап Туран тұрғындарына қайта айналды. Олар өз қанаттарын б.з.д. IV-III  ғасырлары мен – б.з. I-XIII ғасырлары арасында Туран-Түркістан, Хорезм, Бұқар, Қоқан, Хиуа өңірлерін қоса, тіпті, оларды да әрі ығыстыра күнгей-шығыстағы Қытай империяларына дейін жайды. Б.з.д. IV-III мыңжылдықта Қаңлы-шумерлер Евфрат-Тигр өзендерінің бойында адамзат тарихындағы тұңғыш Месепотомия мемлекетін құрған болса, б.з. IV-III ғасырларында ежелгі өздерінің тума қаңлы атауымен қазіргі Қазақстан аумағында 12 арыстан құралған-Қаңлы мемлекетінің негізін қалады.Таңбасы Тәңірге сиыну заманында Күн болды.Қаңлы-соғды заманында тізгін(шылбыр) болды. Одан кейінгі замандарда әліп(көсеу) болды.

  1. Қаңлы мемлекетінің саяси құрылымы

Қазіргі Қазақстан Республикасы аумағындағы жерлерде бірінші болып, б.з.б. IV ғасырдан бұрын біріккен Қаңлы мемлекеті болған. Ал б.з.б.323 жылы Александр Македонскмй қайтыс болғаннан соң, қазіргі Өзбекстан Республикасы  аумағында 12 арыстан құралған Қаңлы мемлекеті пайда болды.Астанасы Кангх қаласы.  Қаңлы Мемлекетінің аты алғаш Қытай жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. Қаң жүй – қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го — «мемлекет» деген мағынаны білдіреді.

Қаңлының біздің заманымызға дейінгі кезеңде кангюй деген атпен мәлім болғаны белгілі. Алғаш рет бұл этнонимге байланысты тарихи дерек қытай елшісі Чжан Цзянның жазбалары арқылы мәлім болды. Ежелгі кангюй тарихын зерттеген тарихшылардың бәрі осы елшінің тарихи мәліметтеріне жүгіне отырып , ежелгі кангюлар туралы өздерінің көзқарастарын баяндайды. Кангюй тарихын едәуір зерттеген С.Г.Кляшторный Чжан Цзянның саяхатына байланысыты өзінің пікірін төмендегіше көрсетеді. « Б.з.д 138 ж. Хан астанасынан елшілер керуені шықты; император У- дидің елшісі князь Чжан Цзянмен алыстағы беймәлім елдерге 100 адам бірге аттанады. Арада 13 жылдан кейін екі адам ғана – Чжан Цзян және оның құлы қайтып оралды. Тағы да 10 жыл өткен соң , ұлы саяхатшының соқпағымен батысқа жібек арытқан керуендер аттанды.

Қаңлы туралы Сым Цян  тарихи жазбаларында (145-90 жылдары біздің дәуірімізге дейінгі) кездеседі.  Қытайлар  «Канцзюй(кангюй) елі» деп атады. Қанглы (Қаңлы) этнонимі қытай кітаптары мен жылнамаларында ғана емес, сонымен бірге парсылық зороастризм дін кітабы “Авестада” , деректері мен үнді халқының эпосы “Махабхарата” қолжазбалары ның деректерінде де әйгілі болған   Зороастризм діні жөнінде жазылған  «Авесте» кітабында  Туран даласындағы  «Кангха  бекінісі» ирандықтардан қорғану үшін салынғанын айтады. Индиялықтар «Канка» халқы  сақтармен бірге, ол ариялықтардың Солтүстігінде тұратынын айтады. Сонымен  этноним  «кангюй»  сөзі біздің  жыл санауымыздан бұрынғы 6 ғасырдан  бұрын кездеседі.

“Кангха”, Орхон-Енисей сына жазуларында таста “Кану-Тарбан”, ежелгі грек географы және тарихшысы Птоломейде “Канагай” деп кездеседі, Фирдоусидің “Шахнамесінде” Туран мемлекетінің астанасы Кан қаласы болып табылады” делінген.  8-ғасырда Орхон жазуымен жазылған “Күл тегін”, “Білгі қаған” ескерткіштерінде “Қаңғу-Тарбан” түрінде кездеседі. “Тарбан” деп Отырар қаласын айтқан. Кейбір деректерде “Кенріс”, “Қаңғар” деп те айтылады.  Тасқа жазылған ертедегі түріктік орхон-енисей сына жазуларында тәңір түріктерінің көсемдері Қаңлы туралы былайша бағалайды:”Қаңлы ата бізге келді“, бұл Түрік қағанаты кезінде қаңлы руының маңызы туралы баяндайды. Сондықтан қазақ халқында осы уақытқа дейін: “Құрметтелетін халықта Қаңлы бар”, “Қаңлыдан хан сайлайды”, “Қаңлы бар жерде басқа хан болмайды” деген сөз бар. Белгілі ғалым және ақын Шәкерім қажы “Түріктердің, қырғыздардың және қазақтардың шежіресі” кітабында қаңлы туралы былай деп жазады:”Олардың (қаңлылардың) бұрынғы уақыттарда бектері көп болған. Стамбулда қаңлы руынан шыққан көптеген Осман түріктері тұрады”.

Қаңлы тарихы б.з.дейінгі IV ғасырдан белгілі, онда олар Кангха халқы ретінде жазылған. Ал ертедегі қытай құжаттары ” Хан әулетінің кітабында”қаңлы “Кан жуй” деп тіркелген, ал бұл жазулар б.з. дейінгі II ғасырдың екінші жартысына жатады. Ертедегі дәуірлер туралы қытай кітаптарында “Кан жуй гую – Қаңлы мемлекеті” деп айқын көрсетілген. Басқа қытай кітаптарында қаңлы “Кан, Кангла, Кангуй, кангар, кенгерес” ретінде бейнеленген. Сонымен, б.з.дейінгі 3-1 ғасырларда қаңлы Сырдария, Шу өзендерінің алқаптарында, Қаратау аңғарында өмір сүрген деген қорытынды шығаруға болады. Сол уақыттарда олар шығысында үйсіндермен, батысында аландармен, оңтүстігінде Ферғанамен шектеседі.    Қанглы (Қаңлы) этнонимі туралы индо-еуропалық тілдерде “Қаңлы” сөзі “су”, “өзен”, “өзеннің ағысы” деген мағына беретінін айтуға болады. Түрік тілдерінде “Кан”, “Кең” – жазықтық, кеңістік дегенді білдіреді. Бұл сөздің бастапқы мағынасы өзен атауы сияқты, яғни қаңлы халқы өзен алқабында өмір сүрген Сырдария өзенін меңзеп тұр. Ертедегі қытайлар ғұн бегі тұрған жерді бір кездерде Лули деп атады, яғни Кең су (енді, кең су) деді, бұл қытайша Гунь болады. Қанглы (Қаңлы) халқы дәл Сырдарияның өзінде тұрғандықтан, бұл сөз халықтың этнониміне, оның өз атауына айналды, соған сәйкес мемлекет те Қаңглы мемлекеті атанды. Бұл туралы жоғарыдағы тақырыптарда айтылған еді. Қаңлы Мемлекеті туралы болған соң оқырманға түсінікті болу үшін қайталап, пысықтадық.   Өз заманында Әлемді тіреп тұрған үш мемлекет болған. Олар: Рим, Персия, Қаңлы. Соның бірі де, бірегейі де осы біздің Қаңлы.Жер бетінде металл балқытуды меңгерген үш  халықтың бірі деп түсіндіреді. Ал, Ресей тарихшы ғалымы Б.Грозный былай дейді: “Шумер халқы қазіргі Киргиз (қазақ)даласынан, ұзын басты үнді-европалық пен қызқа басты Турандықтардың шегарасынан шыққан”- деп түсіндіреді.        Қаңлылар қазіргі Қазақстан аумағында Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды және Сарысу өзенінін орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін, Қара-кенгір мен Сары-кенгір өзендерінің бойында жасаған.Ал басқа аумақтарда Ресейдің Саха Республикасында, Башкортстанда, Орынбор облысында жасайды.Монголия, Иран, Африка,Солтүстік Ветнамда, Индонезия, Суматра және Ява аралдарын  мекендеген.

Ал, б.з.д. 1ғасырда Шыршық даласы мен Ташкет оазисін, қазіргі  Өзбекстанды  және Бұхараны иемденді. Солтүстігінде Байқалдан (Бай-Көл) Оралға дейінгі жерлерді иемденді. Шығысында Қытаймен, Оңтүстік батысында  Кушан  мемлекетімен шегаралас болды. Қаңлы мемлекетінің астанасы Битянь қаласы болған. Битянь сол кездегі Қытайдың астанасы Чанъанянан 12 300 ли қашықтықта Тяньчи  көліне жақын орналасқан деп жазады. Қаңлылар жаз кезінде  астанасы Битяннан 9000 ли-ден артық қашықтыққа дейін, яғни Ұлы Орыс губерниясы Олосы маңына дейін көшіп-қонып жүрген, бұл қалада тұрақты тұрмаған.  Қытайдың Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында қаңлыға арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: “Қаңлы билеушісі Лоюень елінде, Чанъанянан12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады.   Қытай жиһангері Чжан Цяньның саяхаты тәмамдалғаннан кейін (б.з.д. II ғасыр) Қаңлы мемлекетінің аумағын көрсеткен сызбасын Қытай Хан патшалығына берген екен (Суретті қараңыз).

Біздің заманымыздың 270 жылдардағы Қытай мәліметтерінде – Қаңлы мемлекеті жекелеген елдерге елшілік жіберіп отырған. Қаңлы мемлекетінің жоғары билеушісі Қытай деректерінде ‘’Ваң’’ (Патша) деп алынады. Ол саяси, әскери, шаруашылық билікті өз қолына ұстады. Одан соңғы билеуші ‘’ Фу ваң ’’ (орынбасар патша)патшаның мұрагері әрі бас қолбасшы болды. Үшінші орындағы билеушілерді ‘’ Гүйрын ’’ (ақсүйектер немесе төрелер)деп атап, олар мемлекеттің кеңесші міндетін атқарды. Төртінші орындағылар ‘’ Үнху ’’ – ‘’ Ябғу ‘’ делініп, оған ірі рубасылар мен ұлыс билеушілері жатқызылды. Бесінші орындағылар ‘’Ваньху’’ – әскери және әкімшілік бастықтар болды. Басқару жүйесі үнемі дамып отырды. Б.з.б. 1 ғасырда Қаңлы мемлекеті барынша кеңеюіне байланысты 5 кіші хандыққа (Сусе, Фуму,Юни, Ги, Юегянь) бөлініп, қытай жазбаларында аймақ билеушілері’’Шао ваң’’ (кіші патша) атанды. Ондай міндетке билеушінің ұлдары тағайындалып, патшаға тікелей бағынды. Қаңлы патшасы өзі тұрған солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) тікелей басқарды.

Әрбір басқару орталығы сол орталықтың атымен аталатын қалаларда тұрды. С.П. Толстовтың айтуы бойынша Сусе қаласы қазіргі Өзбекстанның Қашқадарияда, Фуму қаласы Зарафшанда, Юни қаласы Чача(қазіргі Ташкент оазисінде),Ги қаласы Бұхарада, Юегянь қаласы Хоразмде(қазіргі Үргеніш).   Қаңлы туралы бірінші хабар император  У-дидің тұсында (140-87 б.з.д) уақытта түсті.  Даван мемлекетінің астанасы  Гуйшаниден Қытайдың астанасыЧан-анға дейін 12 250 ли.болады. Чан-аннан Қаңлының астанасы Битянға дейін 12 300 ли болады.      “Ши цзи”жазуы бойынша Қаңлы мемлекетінің астанасы Битянға бару үшін  сплтүстік-батыс арқылы жүрсе  Даваннан 2000 ли қашықтықта, ал  “Хань шу” деректері бойынша, жазуынша солтүстік арқылы жүрсе 1510 ли. Жазғандары сәйкес келмей тұр. Мұның себебі Қытаймен болған соғыста Даван мемлекетінің астанасы Эрши түгелдей қираған. Сондықтан  астанасын Гуйшаниге ауыстырған.Осы екі астанадан өлшегендіктен екі түрлі  қашықтық болып тұр.   Мүмкін Қытай саяхатшысы Сыма Цяня Битянға емес басқа қалаға барған болар. Сол кезде Самаркан қаласы да қаңлының қыстық астанасы болған.Қаңлы туралы хабар Қытайға үш ақпарат көдерінен түсіп отыр   Шығысынан иелік ордасына дейін 4310 ли, ал солтүстігінен қаңлылардың қаласы Битянға(Битянь деп отырғаны Кангх қаласы.Алдыңғы тақырыптарда толығырақ айтылады) дейін 1510 ли, оңтүстік-батыстан Үлкен Юечжиге дейін 690 ли болады[Бичурин Н.Я., 1950, II, с. 186-187]..

Б.з.б. I ғасырдағы жарық көрген Қытайдың “Хань шу” тарихи дерек көздерінде  Қаңлы мемлекетіне бес кіші хандықтар қарайды деп жазылған. Олар:Сусе, Фуму, Юни, Ги, Юегянь. [Бичурин Н.Я., 1950, II, с. 186].

Екіншісі “Синь Тан” б.з.б. 206 жыл мен–б.з. 6 ғасырына дейінгі дерек көздерінде  кестеде жазылған.    Бұл иеліктер туралы өте қысқа жазылған. Тек ғана иеліктердің ара қашықтығы ғана көрсетілген. Қытай үшін ақпапрат өте дәл, нақты берілуі керек еді. Бірақ батыс өңірді  географиялық-ғылыми зерттеу емес, әскери мақсатта жасалғандықтан айырмашылық болып тұр.

Кіші иеліктер патша орталығы

 

             “Хань шу”    бойынша

                 б.з.б. I ғасыр дейін

        “Синь Тан шу”   бойынша  

              б.з. VII ғасыр дейін

Иелік тің аталуы  Арақаш

ықтық

    ли

Арақаш

ықтық

    км

Арақаш

ықтық

       км

Арақаш

ықтық

      ли

Иеліктің аталуы 

 

Сусе    1266  506    500    950   Шы
Фуму    1457  583    553   1050   Хэ
 Юйни     956  382    263

немесе

315

 500 немесе

600

  Ши
 Ги (Цзи)    1986  794   868   1650   АньБухэ
Юегянь    2596  1038    1131 немесе

1079

 2150  немесе

2050

  Хосюнь

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сусе Шы  Кашкадарияда

ФумуХэ Заравшандағы Кушанда

ЮйниШи ШашТашкентте

ГиАнь Бухэ  Бұхарада

ЮегянХосюнь Хорезмде, Ескі Үргеніште

МуБұхараның оңтүстік-батысында

“Синь Тан шу” тарихи дерек көздерінде жоғарыдағы кіші вассальды иеліктердің аталуын басқаша атайды.Олар былай аталады: Шы –Сусе; Хэ – Фуму; Ши – Юйни; Ань –Ги; Хосюнь – Юегянь [Бичурин Н.Я., 1950, II, с. 311, 313, 315, 316; Малявкин А.Г., 1989, с. 77, 79, 84]       Енді Қаңлы мемлекеті туралы берген үш ғалым-тарихшылардың пікірлерімен танысайық.     Тарихты зерттеуші ғалым А.Н. Бернштамның айтуы бойынша төмендегідей пікірді ұсынады    А.Н.Бернштамның зерттеуі бойынша Сырдариядағы қаңлылардың иелігін былайша белгілейді:

                 1.Сусе– Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзеніжәне Қаратау жоталары;

                 2.Фуму– Сырдария ауданы бойынша Жаңақорғаннан Қазалыға дейін;

                3.Юни– шаш (Ташкент)өңірі;

                4.Ги– Сырдарияның төменгі ағысы;

                5.Юегань– Амударияның төменгі ағысы,Хорезм өңірі;

1.СусеОтырар оазисінде,

2.ФумуҚуандария мен Жаңадария маңы,

3ЮниТашкент оазисінде,

4.ГиСырдарияның төменгі жағысында,

5.ЮегяньХорезм. [Бернштам А.Н., 1952, с.216].

 

2.С.П. Толстов төмендегідей пікірді ұсынады

 

1.СусеКеш  Кашкадаряда,

2.ФумуКушан Зеравшанда,

3.ЮниШашта(Ташкент),

4.ГиБухарада,

5.Юегянь Хорезм [Толстов С.П., 1948, с.144].

3.В.В. Бартольд төмендегідей пікірді ұсынады

1.СусеШахрисябз,

2.ФумуКушанда Зеравшанда,

3.ЮниТашкент,

4.ГиБухара,

5.Юегяньсолтүстік Хорезм [Бартольд В.В., 1963, с.177].

Жоғарыдағы тарихи дерек көздеріне сүйеніп, әрбір кіші иеліктердің басқару орталығынан ара қашықтығын төмендегіше белгілеген.

  1. Сусе           5576 ли – 4310 ли = 1266 ли506 км

2.Фуму          5767 ли – 4310 ли = 1457 ли583 км

  1. Юни           5266 ли – 4310 ли = 956 ли382 км

4.Ги                6296 ли – 4310 ли = 1986 ли794 км

  1. Юегянь      6906 ли – 4310 ли = 2596 ли1038 км

VII ғасырда жазылған “Синь Тан шу”  дерек көздері бойынша Даван(Нинъюань) мен Ши иелігінің арасы 600 ли (315 км) тең. Даван Шидің оңтүстік жағында деп көрсетілген. (Сызбаны қараңыз) қараңыз. [Бичурин Н.Я., 1950, II, с. 273, 274]. Даванның шығыс жағында 400 ли қашықтықта шығыс Цао иелігі орналасқан. Цаоның батыс жағында 400 ли қашықтықта Кан иелігі орналасұан.Каннан 150 ли қашықтықта Шы иелігі орналасқан.Сонда Даваннан Шыға дейін 400 ли+400 ли+150 ли=950 ли(500 км) болады [Бичурин Н.Я., 1950, II, с. 312, 310]. “Бэй ши”: дерек көзі бойынша Кан иелігімен батыс Цао иелігінің арасы 100 ли.Батыс Цао иелігімен Хэ иелігінің арасы 150 ди болады.

Сонда Даваннан Хэ иелігіне дейін  400 ли + 400 ли + 100 ли + 150 ли = 1050 ли (553 км[Бичурин Н.Я., II, 1950, II, с.310, 275].Даваннан Ань-Бухэ иелігіне дейінгі ара қашықты да осы сызба бойынша анықтаймыз. Даваннан Хэ иелігіне дейінгі қашықтық бізге белгілі. Ол 1050 ли. Хэден Шығыс Аньға дейін 200 ли, ал Шығыс Аньнан Оңтүстік батыстағы Ань-Бухэге дейін 400 ли. Сонда Даванға дейінгі ара қашықтық  400 + 400 + 100 + 150 + 200 + 400 = 1650 ли (868 км) болады[Малявкин А.Г., 1989, с.77].

Осы сызбаға қарап Қаңлы мемлекетінің астанасы Битян қай жерде екенән оқырмандардың еркіне қалдырдық.

Ташкент оазисі б.з.д 3 ғасырда Юни деп аталып, ол Қаңлы мемлекетінің қарамағында болатын. Персия  патшасы Шапура I жазған “Каабе Зороастра”  деген кітабында (262 жыл. б.з.д)  оазистің  орталығы Юни деп  жазылған.Ташкент оазисі Чач деп, қытайша –  Ши ,  арабша –Шаш Бұл термин соңғы кездері түрікше –Таш деп аталды.   Қаңлы мемлекетіне  сол кездегі    Ташкент оазисі, Амудария мен Сырдария аралығындағы егіншілікке қолайлы жерлер енген.Б.з. д.1 ғасырға дейін Хорезм де Қаңлы мемлекетінің қарамағында болған. Қаңлы мемлекеті Ферғана мен Шығыс Туркістанды Қытай шапқыншылығы нан қорғау үшін күресті.    Біздің заманымыздың. 1-3 ғасырларда Ташкент оазисі мен Хорезмнен айырлып қалды. Олар Кушан хандығының қарамағына өтіп кетті.Бірақ өзінің билігін сақтап қалды.Сонымен қатар Солтүстік Аралды, Оңтүстік Оралды өзінде ұстап тұрды.

Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған.

1.Қаңлы мемлекетінің алғашқы қалыптасқан тарихи кезеңі бізге белгісіз.Қытай елшісі Чжан-Цзянның түркі әлеміне берген ресми хабары бұл мемлекеттің құрылған,не құрыла бастаған нақтылы кезеңін емес дүниеге келіп, дәуірлеп тұрған дәуірін баяндайды. Демек, Қаңлы мемлекеті өз бастауын айтып жүрген б.з.д ІІІ-ғасырын емес,одан бұрынырақ алатынын ескерген жөн.

2.Қаңлы мемлекеті – түркі әлеміне көптен белгілі тарихи шындық. Сонау көне дәуірден-ақ қаңлы мемлекеті нің қалыптасуына этникалық негіз болып, іргетасын қалаған әр тектес көп тілді қауым емес, бір текті, Сырдария бойында тым ертеде пайда болған ірі де біртұтас қаңлы тайпасы.

3.Көне қаңлы мемлекеті өзінің статусы жағынан көне дәуірдің талабына лайықты құл иеленушілік қоғамынан кейін әскери ақсүйектер билік жүргізу негізінде қалыптасқан феодалдық-патриархалдық мемлекет болған.

4.Өз алдына өз билігі өзінде,өз жері бар,көрші елдермен терезесі тең қарым-қатынасы тығыз ел болған. Қаңлы мемлекеті де өзінің ішкі сыртқы саясатын осы бейбітшілік принципінде қалыптастырғанын.Мәселен қаңлы патшасының өз ұлын Қытай патшасының қолына жіберіп «аманат» ретінде беруі, еліне келген Қытай елшілеріне өз деңгейіне сай сый-сияпат көрсетпей, өзінің тәкаппарлығын танытуы-осының бәрі мемлекет деңгейіндегі сыртқы саясат болса керек.

5.Қаңлы мемлекетінде ел-жұртты заң жүйесімен басқару да жазбаларда сөз болады. «Заң жинағы» (кодексі) патша сарайында ілулі тұрады, қажет адамдар онымен сонда барып танысады» деген дерек бір ортадан басқаруға қажет өзіндік жарғысы болғанын аңғартып тұр. Аса қылмыс жасаған адамдардың өзін ғана емес сол қылмыс жасау әрекетін дер кезінде тия алмаған ата – анасымен жақын туыстарының бәрін де қатал жазаға тарту да осы заңда көрсетілген.

6.Патша сарайының дәстүрі, патшаның өзі мен отбасының, үй ішінің қалыптасқан тәртібі де жазба деректерде біршама сөз болады. Мәселен, қаңлы патшалары бірінен-кейін бірі нәсілдік жолмен тағайындалып отырған. Бес деңгейдегі бейлік жүйесі сатылы принциппен жүргізілген.Қаңлы патшалығында көп әйел алу салты да болған.Патша сарайындағы мәртебелі қонақтармен, шетелдік елшілермен кездесу салтанатында әрбір адамның отыратын өз орны болған.Патшаның нақсүйер патшасы бұл кеңес кездесулерде оның оң тізесіне сүйеніп отыратын болған.

Қаңлы патшасының жаз жайлауы, қыс қыстауы, сондай-ақ бірнеше жерде жазғы және қысқы сарайлары болған.

7.Қаңлы мемлекетінің билік жүйесіндегі өзіндік бір ерекшелігіне оның мемлекетке бағынышты қосымша бес иелікке басшылық етуі және тәуелді болған (мысалы: аландар, сарматтар елі) елдер мен қарым-қатынас жасау тәртібі жатады.

Мемлекет құрамы мен құрылымы Қаңлы мемлекетіне қатысты өзекті мәселелердің ең бастысы-оның құрамы мен құрылымын айқындау. Ол үшін мемлекетті үш шеңберде қарастырайық.

Бірінші шеңберге Қаңлы мемлекетінің өз басына тән негізгі мемлекеттік жер көлемі ғана кіруге тиіс.Ол хронологиялық нүкте аралығымен өлшенгені жөн.Оның бірі-б.з.д екіншщі ғасырда Қытай елшісі Чжан-Цзянның мағлұматы бойынша белгіленген Кангюй мемлекетінің өз үлесіндегі жер аумағымен, екіншісі-VІІІ ғасырға дейінгі Кангюй-Канқа-Хорезм мемлекетінің үлесіндегі жер аумағымен өлшенуге тиіс.(Жоғарыдағы бірінші суретті қараңыз)

Екінші шеңберге бір-біріне жалғаса дамыған бір мемлекеттің екі кангюй және Канқа-Хорезм атанған құрамына бағынышты, солардың билігінде болған тәуелді иеліктерменен бектіктер, кішігірім қала хандықтарының өріс қоныстары жатады.

Үшінші шеңберге жалғаса дамыған Кангюй-Канқа-Хорезм мемлекетінің аталған аумақтарының сыртында қаңлылардың әр кезде, әртүрлі тарихи демографиялық себептерге байланысты тұрақтанып, тұрып қалған өріс-қоныстары жатады.

Осы орайда, қаңлылардың түркі әлеміне кең тарап кетуіне негіз болған үш себепті атай кетуге болады: біріншіден, олардың түркі тайпаларының ішіндегі ең көне әрі байырғыларынан саналуы, екіншіден, өзінше қалыптасқан тарихи тағдыры, үшіншіден, эмиграциялық, демографиялық өміршең табиғаты т.б. ерекшеліктері жатады.

Мемлекетті басқару жүйесі. Қаңлы мемлекетінің б.з.д. II ғасырда қалыптасқанын қорыта келе, Қытайтанушы қазақ тарихшысы Нәбижан Мұқаментханұлы ол жүйесінің төмендегіше бес деңгейін атап көрсетеді.

         1.Билеу жүйесінің ең жоғарғы бірінші деңгейі – Ваң- патша, яғни қаңлы патшасы. Ол Қаңлы мемлекетінің барлық иесі, ел билеуші ең биік лауазымды адам.

        2.Екінші  деңгейдегі  ел  билеуші  –  Фу   Ваң,   бұл    патшаның орынбасары немесе орынбасар патша. Ол патшаның бірінші көмекшісі, әрі әскери істерін басқарушы бас сардар саналады. Бүгінгі біздің түсінігімізше ол-жоғарғы қолбасшы. Ол ірі жорықтарға өзі қолбасшылық жасаған, әрі елін жаудан қорғау міндетін де атқарған. Автор бас сардардың ісін көрсету үшін «Ханнамадан» бір мысал келтіреді: «Қаңлы патшасының орынбасары Баудін бірнеше мың қол бастап шығып, Чыгуш (Қызылсай) қаласының шығыс алабын талан таражылады, үлкен күн бидің (бұл үйсін елінің басшысы) мыңнан астам адамын қырғындап, көптеген малдарын айдап әкетті. Содан соң олар Хань патшалығының әскерлерімен айқасып олардың артқы шеп тасымал керуендерін мейлінше тонады» – деп жазады.

         3.Үшінші    деңгейдегі   мемлекет   билеуші  Гүйрын, ақсүйектер немесе төрелер. Олар негізінде халықтық әлеуметтік істерді, ел аралық қатынастарды, бітімгершілік миссияларды басқаратын лауазымды адамдар. Олар кезекті кеңес жиналыстарына қатысып маңызды қарарлар қабылдайтын мемлекеттер кеңесшілер болып саналады. Басқаша айтқанда, олар ең жоғарғы ақсүйектер кеңесінің мүшелері болып саналады.

4.Төртінші деңгейдегі мемлекет билеушісі – ябғылар.

Бұлар – ірі ру басшылары немесе ұлыстардың басшылары. Олар өз руларының әскерлері мен әкімшілік істерін басқарады. Сонымен қатар, ақсүйек-төрелер кеңестеріне қатысып, мемлекеттік келелі істерді атқаруға, шешім қабылдауға өз ықпалын жасайтын беделді адамдар болып саналған.

. Қаңлыларды “оңтүстікке ауған сақтар”, “жабғұ” дейтін шенділері бар, ол түріктердегі “ябғы”-дегенге ұқсас, ханының ныспы – “Нән би” (бұл “Үлкен би” мағыналы сөз ғой – С. Ж.), мұндағы “би” – түріктердегі би мен бек дегенге ұқсас-деп жазады.

5.Бесінші деңгейдегі мемлекет билеушілері-түменбасылары.

«Қаңлы мемлекетінде әкімшілік пен әскери жүйе біртұтас болады» деп көрсетеді Н. Мұқаметханұлы. Қытай деректеріне сүйеніп, әрбір отбасының бір адамы тұрақты түрде әскер қызметін атқаруға міндетті болған. Олар жәйшылықта өндіріспен, мал бағу және басқа да тіршіліктермен айналысады да, ал соғыс бола қалған жағдайда, қосынданып, қолдарына қару жарақтарын алып шайқасқа аттанатын болған. Мысал ретінде автор: «Ханнамда» б.з.д. 36 жылы Қытай әскерлері қаңлы жеріндегі Жыжы тәңірқұтты өз қорғанында қоршауға алып шабуыл жасаған, «қаңлының жүз мыңдаған әскері он топқа бөлініп, оларға да төрт жағынан қоршауға алып шайқас жасамақ болды. «Түнде олар қосындарымызға бірнеше рет тап берді, бірақ бәрінде ырықты орынға жете алмаған соң шегініп кетті» делінген деп көрсетеді.

Қаңлы мемлекетінің әскери күші. Мемлекет болған жерде оның жерін, елін қорғайтын қарулы қолы, әскери күші болуы міндетті. Демек, іскери күш қай заманда болмасын мемлекеттік құрылымының құрамдық бөлігі болып саналған. Сондықтан жалпы дәурендеу мерзімі он бес ғасырға созылған Қаңлы мемлекетінің тарихында тұрақты әскер күшінің болғандығы Қытай жылнамаларында көрсетіліп отырған. Кангюй мемлекетіне алғаш рет елші Чжан Цзяньнің мағлұматы бойынша бұл мемлекеттің 120 мың садақшы жауынгері болған.

Бичурин кангюй мемлекетінің халқы ұстаған әскерінің санына тоқталып: «Народу население состоит из 120 тысячи семейств, 600 000 душ; строевого войска 120 000 человек», – деп көрсетеді.    Осыншама әскери күш ұстау Қаңлы мемлекетінің, одан кейінгі қаңлы қауымының сонау көне дәуірден басталып, XIX ғасырға дейін жалғасып келген дәстүрі екеніне көз жеткізуге болады. Бұл дәстүрді біз Хорезм заманында да өз дамуын тауып, одан кейін де жалғасқанын көреміз.

Көне Хорезм жеріне археологиялық зерттеу жүргізген ғалым С.П. Толстов өз жұмысының бір тарауын «Конница Кангюя» деп атап салт атты әскердің теңгеге түсірілген бейнесіне байланысты мұздай қаруланған атты әскердің сол кездегі мемлекет өмірінде ерекше орын алғандығын баяндаған.      Сондай-ақ, академик С.П. Толстов көп зертеулерінің бірінде Сырдарияның бойында Ескендір Зұлқарнайынмен болған қанды шайқаста оған қарсы шыққан жергілікті скифтердің қатарында Кангюй – Хорезм атты әскерлерінің болуы ықтимал деп көрсетеді. Қару жарақ пен қаруланған бұларды тек ауыр оқ атқыштармен ғана мертіктіруге болатын еді дейді. Ол әскерлердің қарулары әртүрлі болып, белдерін алтынды белдіктермен буынып, аттарын теңгемен пластика жабулармен жабулаған еді.  Қазақстан жеріне, еліне ғасырлар бойы баса көктеп кіріп, ел жұртын қан қақсатқан Жоңғарлар мен Қалмақтарға қарсы қан төгіс жойқын соғыстардың барлығына да қаңлы қауымының ер азаматтары белсене қатысады. Соның бір мысалы ретінде екі болыс қаңлы ауылының Жетісу жеріне қоныс аударып келуін айтуға болады.

Шыңғысқан шапқыншылығынан кейінгі Кангюй – Канқа – Хорезм мемлекеті ыдыраған дәуірлерде қаңлы тайпасы қалың отырған хандықтар мен қағанаттарда тек қаңлылардан ғана құралған әскери күштердің болғандығы белгілі. Мәселен, Қадырғали Жалайыридің «Жылнамалар жинағында»: «Ұрысхан әскерінің оң қанатында екі мың қаңлылар, ал сол қанатында  – «алаш мыңы» болды деп көрсетеді.

 

Қаңлы полкы. XIX ғасырдағы Қоқан хандықтарының архивінде сақталып келе жатқан мыңдаған іс қағаздары мен құжаттардың А.Л. Троицкая жариялаған каталогінде көшпелілер  полктарының лауазымды әскер басшыларына азық – түлік жіберілуіне байланысты сол полктардың аттары мен орналасқан мекен жайлары аталады. Мәселен: Кара-тепа, Карван, Канглы. Осы дерекке қарағанда да XIX ғасырдың өзінде біріңғай қаңлылардан құралған бір полк әскер болғандығы белгілі.

Қанглы (Кангюи-Кан жуй) ертедегі уақыттарда-ақ б.з.д.3-1 ғасырларда көрші елдермен және халықтармен, юечжилермен және Кушандармен (юечжилердің өздері Бактрияда құрған мемлекет) тығыз байланыста болған. Қаңлы мемлекетінің күшті болғаны соншалықты, сол кездері Хан әулеті билеген тіптен ежелгі ұлы Қытайды  мойындамаған. Қаңлы халқының жеріне келген қытай елшісі Гошун қытай императорына жазған өз хатында былай деген: “Қаңлы халқы іскер және батыл, тіптен біздің елшіні лайықты қабылдамады. Оларға Тұтық бектен елшілер келгенде, оларды үйсін сияқты халықтардың елшілерімен қатар және тіптен төмен отырғызды. Хан мен оның кеңесшілері тамақ ішіп болған соң, содан кейін ғана Тұтық бектің сенімді елшілері дастарханға шақырылды”. Бұдан олардың Хан мемлекетін танымағандығы көрініп тұр, оны өз көрші халықтарынан төмен қойған. “Хан әулетінің кітабында” нақ осылайша айтылған. (“Батыс аймақтардың сипаттамасы”).

Қаңлы халқы жартылай көшпенді, жартылай отырықшы еді, сондықтан оның жазғы және қысқы астанасы болды. Қытай саяхатшысы Жан Чяня І ғасырда Қаңлы мемлекетінің астанасы Отырар (Фараб) қаласы болды деп жазады. Басқа ғалымдар Қаңлы халқының астанасы Шаш (Ташкент) қаласынан алыс емес еді дегенді айтады.   Қаңлылар күнге, айға және қасиетті малдарға табынды. Б.А.Литвинский өз зерттеулерінде қаңлылар өлген адамды батысқа қаратып жерлейді деп жазды. Зороастризмді ұстанды. Антропологиялық типі – еуропидтік, жүзі ақ, көзі көк болып келеді, Андронов мәдениеті  адамдарына өте ұқсас. Ал тілі мен әдет-ғұрыптары үйсіндерге, аландарға, ғұндарға ұқсас деп жазды.   

            Аса үздік ғалым Әлкей Марғұлан ертедегі тарихқа арналған өз еңбектерінің бірінде: “Батыста ғұндардың басты күші қаңлылар болды. Олар өте ұзақ уақыт бойы Талас пен Сырдария өзендері бойында тұрды, ғұндармен қатар өмір сүрді, олармен көп ортақтастыққа ие еді … Олар Орхон мен Енисейде пайдаланылған ертедегі сына жазуларын пайдаланды, қаңлылар тұрған қалалардың қабырғаларында олардың жазуларының іздері қалды”, – деп жазды.    Қаңлы халқының сарайындағы қоймаларда заңдар жинақтары болған, сол бойынша қылмыскерлер сотқа берілген, осыған байланысты тарихи құжаттармен дәйектелген Әлкей Марғұлан тұтас зерттеулер арнады  Түрік тарихшысы Ф.Копрұлы белгілі қыпшақ сөздігі “Кодекс куманикус” жарыққа шыққанда, тілдерді зерттеуші оғыз ғалымы Мухаммед бин Каис “Қаңлы халқы тілінің сөздігін”, арабша “Тиббйу аль-Лұғат аттүрки ала Лисан Эл-Қаңлы”, еңбегін жазды деп растайды.

15-16 ғасырда үш жүзден (ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз) бірыңғай қазақ халқы құрылады да, қаңлылар ұлы жүздің құрамында Сырдария өзенінің алқабындағы өзінің ежелгі жеріне оралады, мұнда ол Ташкентпен шекаралас аумаққа орналасады. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Жетісуға дейін көшіп, азаттық соғысына тікелей қатысты. Сол кезде оларды Сары Қаңлы бабасынан тараған Қаңлы халқы деп атады.

Ертедегі қаңлы халқының ұрпақтары қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркімен, башқұрт, әзірбайжан, ноғай, түрік және ұйғыр сияқты туысқан түрік халықтарының арасында өмір сүріп жатыр. Кезінде қаңлылардан көптеген батырлар, мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар және өнер адамдары шықты. “Ақылды әрі аман-есен халықта Қаңлы руынан жоқ дегенде бір адам бар”, – деген сөз тегін айтылмаған. Оның терең мәні бар, ал бұл сөздің өзі бізге алыстағы ғасырлардан жеткен.

2.ҚАНГХ-Қаңлы мемлекетінің    бірінші астанасы

Алдымен қаңлы мемлекеті қай замандарда пайда болды, соны біліп алайық. Б.з.б. парсы патшасы Кирмен соғыс VI ғасырда болды.Парсылар бұл бекіністі Кангх деп атаған. Парсы, Қытай хроникасында Кангх Қаңлы мемлекетінің бірінші астанасы болған деп жазады. Соған қара,анда Қаңлы мемлекеті б.з.б. VI ғасырдан бұрын пайда болған деп тұжырымдауға болады.Күні бүгінге дейін Қаңлы мемлекетінің қай мыңжылдықта пайда болғаны нақты дәлелденген жоқ..Тарихшылар Қытайдың  «Ши цзи» тарихи жазбаларындағы жиһангер Чжан Цянның б.з.д. 2 ғасырдың 138-128 жылдарда қаңлы еліне келгендегі баяндамасына сүйеніп келеді. Бұл нақты дәлелдеуге аздық етеді.  Қаңлы мемлекеті осы уақыттан басталған деген ұғым қалптасып қалған. Негізінде олай емес екені жоғарыдағы тарихи оқиғалармен түсіндіруге болады.Б.з.б. Александр Македонский жаулап алған кезде де Кангх қаласы болған. Б.з. б. 293 жылы грек әскер басшысы      Демодам бұл қаланы силық ретінде өз патшасы Антиохию Заяксартскидің атымен атайды.Осы үшін патшадан көлемді силық та алады.Бұл тарихи оқиға б.з.б. 4 ғасырдың 327 жылы болған. Сонда Қаңлы мемлекетін қалайша б.з.б. 2 ғасырда құрылған деп атауымыз керек!

Кангх қаласы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Аққорған ауданына қарасты«Корик» бұрынғы «Ленинизм» совхозыныңАнгрен өзенінің Сырдарияға құйар тұсында орналасқан. Б.з.д. III ғасырда Қаңлы мемлекетінің бірінші астанасы болған.Ташкенттен 70 шақырым жерде, 160 гектар жерді алып жатыр. Жалпы қаланың айналасын қосып есептегенде аумағы 500 гектар екендігі анықталды.

«Авесте» кітабында да парсылар Кангх бекінісі деп, ал Үнді жазбасында «канка» арилықтардың солтүстігінде, сак, тохарлармен бірге тұрады деп жазады.

Қытайлардың жазба деректерінде бұл мемлекетті Кангюй деп атаған. Бұл Кангх қаласын Қытай тарихшылары Битянь деп атаған.Қытайдың атауы бір басқа, Парсының атауы бір басқа тарихшыларды осы атаулар көп шатастырды. Археологтар қазба жұмысы кезінде  қала б.з.д. III ғасырында Кангюй мемлекетінің астанасы болғандығын анықтады.

Қаланың алып жатқан орны негізінен Сырдария өзенінің жағасына орналасқан.Сонымен Кангюй мемлекеті өте көне заманда Ташкент оазисі мен Оңтүстік Қазақстан аумағында,Сырдария бойында орналасқан мемлекет болып табылады  Бірінші қалалық мәдениет бұдан 2300 жыл бұрын басталған болса, ол  Қаңлы мемлекетінің астанасы Қангх қаласы. Ол жоғарыдағы мекенде, Сырдария өзенінен 8(сегіз) шақырым жерде орналасқан. Сырдарияны ол заманда әртүрлі атаған Парсылар Яксарт, Тананс деп атаған.Ерте заманда Қытай тарихында Сырдарияны Йоша немесе ынжу-маржан өзені деп те атаған.Мына сурет Кангх қаласының орнының ғарыштан көрінісі.

Сол б.з.д. III  ғасырдың орта тұсында Қангх қаласы Харашкет деп аталған.Орта ғасыр тарихшысы Абу-л-Қасым ибн Хаукальманың айтуынша Харашкет қаласы Шаш(Ташкент) орнындағы Бинкета қаласынан кейінгі екінші қала деп жазады.

 

Қангх қалашығы 1868 жылдардағы ғылыми әдебиеттерде белгілі бола бастады. Бұл қалашықтың орнын белгілі суретші В.В. Верещагин ғылыми журналдарда, баспа бетінде жариялайды.Тарихшы ғалым  Михаил Евгеньевич Массон қалашықты 1934 жылы толықтай зерттеп суретке түсіреді. Археологиялық материалдарды жинап ТашМУ-де 1940 жылы археология кафедрасын ашып, көп уақыт басқарады. Содан кейін Өзбекстан ғалымы  К. Абдуллаев  1960 жылдың аяғында Кангх қаласы орнына тұрақты зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Қангх қаласын қоршаған үш қоршауы

Үлкен төбенің биіктігі 50 метрге жетеді.Формасы конус тәріздес. Оның басына цитадель орнатылған. Цитадельді үш дуалмен қоршаған.Үшінші қоршау шахристан екені қазба жұмыстары кезінде анықталды.Дуалмен қоршау бір мезгілде жүргізілмеген. Әртүрлі мезгілдерде қайтадан тағы да қоршай бастағаны анықталды.

Төбешіктің басында 4 мұнара мен заорастризм діне негізделген храм сақталып қалған.Храмда мәңгі өшпейтін шырағдан болмаған. Төбешіктің басына спираль тәрізді айналма жолмен шығатын болған

Археологиялық қазба жүмыстарын жоспарлы түрде, кең көлемде  ӨзР ҒА академигі Юрия Буряковтың басшылығымен 2010 жылдан бері жүгізіп келеді..Зерттеу жұмыстарының нәтижесі мынаны анықтады.Қангх қаласы б.з.д. IV  ғасырдан б.з.

 

 

дейін(кейбір деректерде б.з.12 ғасырына дейін) өмір сүрген деген қорытындыға келген.

Ташкен қаласында 12 қазан 2013 жылы “Қангх қаласының өткені мен қазіргісі” деген тақырыпта соңғы екі жылда табылған экспонаттарды әкеліп, көрме ұйымдастырылды. Ол жерден хум, хумча, қазан, пияла,тарелке, шырақ, керамика, монета, шыны тәрізді табылған заттарды,кола айна,бағалы тастар, дәрілік шөптер көрмеге қойды.Қаңлылардың у-шу деген 300 ден астам монетасы, Ташкент оазисіндегі Қангх қаласының археологиялық қазба орнының  фотосуреттері қойылған.     Кангх қаласының солтүстік аумағынан Жібек жолы өтті.Ол мемлекеттің экономикалық дамынуына зор үлесін қосатын. Бұл экономикалық даму, сауда жүмыстары Қаңлы мемлекетінің Қытайлармен соғысуына әкеліп соқты. Бұл аумақты иемдену үшін Қытайлар 60 мың әскермен келіп, тек оның 10 мыңы ғана еліне аман қайтқан.Бұл мәлімент Қытай тарихында жазылған.

Қангх қаласымен қазіргі Арал теңізінің арасында кеме қатынасы болған.Қазіргі кезде Ангрен өзенінің Сырдарияға құйар тұсында кеменің тас болып қатып қалған қанқасы бар.Сол сияқты Қаңлылардың үшінші астанасы болған Отырар мұражайында да мұндай кеме сақтаулы тұр. Кеменiң ұзындығы 13 метр, енi – 5 метр келеді.Сырдарияны бойлай Қызылорда  облысына барсаңыз кеме суреті салынған тастар көптеп кездеседі. Сол сияқты Каспий жағалауындағы Ақтау қаласы маңында Тоқмақ деген жерден де  “тас кеме” табылды. Хорезмдi зерттепген тарихшы ғалым С.Толстов: “Хорезмде кеме және, кемеге қажеттi құралдар жасап, Еуропаға сатқан”-дейді. (Толстов С.П. По следам древнехорезмийской цивилизации. –М.-Л.: изд. АН СССР, 1948. –стр. 145.). Бұл ағаш кеменi сол кездегі Қаңлы мемлекетінің адамдары жасағаны белгілі.Ол жерлер де Қаңлы мемлекетіне қараған.Бұл арнай тақырыпта берілген.

.Қаланың алып жатқан орны негізінен Сырдария өзенінің жағасына орналасқандығын,Қаңлы мемлекеті өте көне заманда Ташкент оазисі мен Оңтүстік Қазақстан аумағында пайда болғандығын көрсетеді

  1. Шаш– Қаңлы мемлекетінің екіші астанасы

Қытай жазба деректеріне қарағанда Қаңлы мемлекетіне б.з.д. III ғасырда бүкіл Орта Азия мен қос өзен бойындағы жерлер қараған.Соның бірі Шаш(Ташкент) қаласы.-үлкен мәдени орталық болған. Ташкент оазисінде Қаңлы мемлекетіне қарайтын 97 ауыл-мекен жайы табылды. Оның 12 шағын қалалар.Сол қалалардың ішіндегі үлкені Кангх қаласы мен Шыршық өзенінің бойындағы Мың Өрік қаласы.

Б.з. I ғасырдың ортасында ұсақ феодалды құрылымдар бірігіп Ташкент оазисінде екі мемлекет құрылды.Біріншісі Шаш мемлекеті. Астанасы – Бинкент(Ташкент) болды.Екіншісі Илак, астанасы Тункент(Тункентің қалдығы Ахангаран өзенінің бойында Теляу ауылы, шамамен қазіргі Алмалық қаласынан 2 шақырым жерде).   Сол феодалдық уақытта қаланы дуалдармен қоршап, қамалдар салып, “қарауыл төбелер” орнатты. Қаланың қорғаныс қаблетін күшейтіп,қорған,храмдар, сауда орындарын, колөнер шеберханаларын ашты. Басқа елдермен сауда жасап өз теңгелерін шығарды.

Отырықшы халық пен көшпенділердің  заттар алмасулары қаладағы қолөнер, тігіншілік, шыны заттарын жасауды жылдамдатып жетілдірді.Пайдалы қазбалар алтын, күміс,мыс қазуды дамытты.Шашта жасалған теңгелер осы қаламен бірге шет елдердің Финляндия, Дания және Армения елдерінен табылуда.Археолог Ю.Ф.Буряковтың айтуынша қазіргі Ташкент қаласының  Лошкерек аумағында, ал алтын өндірі Қызылалмасай маңында болған.Әсіресе VIII – XI ғасырдың екінші жартысында Қызылалмасайда алтын өндіру қарғынды дамыған.    “Ұлы жібек” жолы Ташкент оазисінен өтетін болғандықтан Қытаймен, сауда-саттық дамыды.Керуендер қазіргі кездегі Пскент, Тойтөбе, Ташкент қалаларын басып өтетін болған.

 

Мемлекеттің негізгі орталығы Ши(Ташкент) оазисі болды.Көне тарих деректерінде Ши қаласын кейінірек Юни деп атаған деп жазады. Б.з.III-I ғасырларында Қаңлы мемлекеті ыдырай бастаған кезде Ши өз алдына мемлекет болуға ұмтылады. Б.з. VI ғасырда Мың Өрікте жеке   Шаш мемлекеті орнайды. Бұл қала Қаңлы мемлекетінің бірінші астанасы Кангхттың жалғасы болатын.  Шаш қаласы кейінірек Ташкент қаласы болып аталды. VI ғасырда Шаш қаласына арнайы мемлекет сарайын салып айналасын қорғанмен қоршайды.Ташкент қаласының Актепа, Юнусабад аудандарында қазіргі кезге дейін қорған дуалдарының қалдығын байқауға болады.

            Шыршық өзенінің бойындағы,Гүлістан тауларының етегіндегі шұраттағы (оазис) елді мекен ретінде пайда болған. Көне замандарда осы жерде «Бейтиан», Кангюй конфедерациясының жазғы астанасы орналасқан.     Қазіргі Ташкент қаласының орнында  Шаш-тепе немесе Чач-тепе деп атады.Иран тілі тобына жататын соғды диалектте щащ-тепе деген алты төбешік дегенді білдіреді.(Суретті қараңыз)VIII ғасырда арабтар жаулап алғанға дейін Чач қаласы, қазіргі Ташкент  қаласының ортасында, теміржол вокзалына жақын, көне замандағы Мың Өрік қаласының орнында болды. Қала бұдан екі мың жыл бұрын Шыршық даласында салынған.Сол уақыттарда да қаланы Чач деп атаған.

Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслим 710-712 жылы Бухара мен Самарқандты, 714 жылы Шаш (Ташкент) пен Фарабты жаулап алды. Орталық Азиядағы арабтар шапқыншылығына Түркештердің Сақал (706—711) мен Сұлу (Сулык) сынды (715—738) қағандары күрес жүргізді.   VIII ғасырда арабтар жаулап алған соң  бұл қаланы«аш-Шаш» деп атады. Арабтардың тілінде «ч» дыбысы жоқ болғандықтан осылай аталып кетті. IX ғасырда Чач қамалынан бірнеше шақырым жерге қазіргі Ташкент қаласы салынды.

Аңыз бойынша қазіргі Ташкент облысы аймағын басқарып отырған жас әмір Яхья ибн Асад 819 жылы,қазіргі— ЧорсуХодра және Иски-Джува деп аталатын жерлерге Мавераннахрдағы  «Мадина аш-Шаш» деп атаймыз деген екен.Сол кездегі түрік әскерлері де қолдап, «Мадина аш-Шаш» саламыз депті.Түрік тілінде   «Мадина аш-Шаш» атауы «Шашкент» болып айтылады.Кеінінен бұл «Ташкент» болып аталды. Өзбек тілінен аударғанда «Тас қала».Соғдылар  «Чач», арбтар «Шаш», парсылар «Бинкент», «Таджикент» деп атады.Суанзаң қаланың атын «Че-ши» деген түрде жазып қалдырды. Қытайдың Суйшу, Бейшу және Таншу деген жылнамаларында 5-ші ғасырдан бері «Ши» немесе «Чеши» атты бір иеліктің болғаны туралы айтылған [Бичурин, 1950. II т.]

 

Қаланың қазіргі «Ташкент» (Тас қала) деген түркі тіліндегі атауы Қарахандар әулеті билік жүргізген 10-шы ғасырдан бері белгілі. әл-Бирунидің еңбегінде Ташкентті XI ғасырдан бастап осылай атайды.   705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бұхараға аттанады. Осындай қиын кезенде түргештер Соғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бүл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды, Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қалаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. Бұл кезде арабтарға қарсы самарқандықтар мен Орталық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш керсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіие төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабқа шабуыл ұйымдастырды.       751 жылы Тараздың касындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлүқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Олар Жетісуды ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы құлады.

Қаңлы мемлекетінің екінші астанасы болған Шаш қаласы осындай тарихи жағыдайларды өткерді. Ташкент аталуы әл-Бирунидәң еңбегінде XI ғасырда аталады.

  1. Отырар – Қаңлы мемлекетінің үшінші астанасы

             Отырар б.з.б.1ғасырда Қаңлы мемлекетінің 3 үшінші астанасы болды.Отырарлың жасын белгілі отырартанушы ғалым Бейсенбай Бекжан 2500 жылдан асқан деп ғылыми негізге сүйеніп дәлелдеп отыр.Оны сол жерден табылған археологиялық қазхба жүмыстары кезінде табылған заттарда дәлелдей түседі.

Алғаш сол аймақтың аты Фараб атанып, астанасы Отырар болған, ал кейіннен қаланың өзі де Фараб атанған (ҮІІІ ғасырда). Сонымен бірге қала ІХ ғасырдың басында Тарбан деп де аталған. Қаланың мұндай аты Білге Қағанға арналған ежелгі түрік руникалық жазуында кездеседі. Ал ХІІІ ғасырдан өмір сүруін тоқтанғанға дейін қала Отырар атанған. Отырар қаласы XVI ғасырдан қазақ халқының билігінде болып, XVIII ғасырдың басына дейін өмір сүрген.

Ол кез үшін Отырар өлкесі Кавказдағы Дербент қақпасы, бұрынғы гректік Визянтиядағы, қазіргі Түркия жеріндегі Босфор бұғазы, Мысыр жеріндегі Азиядан Африкаға өтетін тар мойнақ сияқты өте маңызды орын болатын.     Отырарда су жүйелерінің қазіргі қалалардағы жүйелерге тән ұқсастығы таң қалдырады. Онда үйлердің әр бөлмесіне су құбырлары жүргізілген. Құбырлардың жасалуы да әрі ықшам, әрі әдемі, ернеулеріне нақышты өрнектер салынған. Үй мен үйдің арасын жалғайтын құбырлар бұлардан едәуір жуандау болып келеді. Сонымен қатар кейбір бөлмелерде жуынып шайынатын бұрыштар, тіпті ванналар кездеседі – деді 1975 жылы археологиялық қазба жұмысына қатысқан зерттеуші, өнер танушы Әбдуәли Төлебиев.    Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар – хумдар көптеп кездеседі. Олардың кейбірінің үлкендігі адам бойындай зор болып келеді. Ол ғажайып ыдыстарда, құмыраларды астық, жем сақталатын болған. Қазір Отырар қазынасының аса бір көзге елеулі көрінетіні – оның керамикалық ыдыстары, күміс, қола құмғандары және түрлі қыш қақпақ дастархандары. Әсіресе Отырар керемикалары өзінің композициялық құрылымы жағынан, Ою-өрнектерінің күрделігі, ерекшелігі жағынан назар аударады. Қаншама ғасыр өтсе де табақтардағы бояулар өз сапасын жоймаған. Бояу түрлерінің бір-бірімен жымдасуы, әдемі нақышты өрнегі, жасалу сапасы берік.

Кейінгі қазба жұмыстарының нәтижесінде Отырарда сәулетті сарай, мешіттердің болғанын дәлелдейтін олардың қалдықтары аршылып алынды

           

  Б.з.д. және б.з.І ғасырына жататын қорғанда бес адам жерленген,оның екеуі балалар. Қорымнан табылған үш сүйек – әйелдердікі. Соған қарап археологтар бұл жерді әйелдер мен балалар жерленген қорым болған деген болжамға келіп отыр Қорымнан әйелдер тағатын қоңыраулы моншақ,айна табылды. Әйелдің сұлу бейнемен жасаған алтын алқасы және шашбауға тағатын не мойынға тағатын алтын баулар. Оның ұзындығы 54 см-ге жетеді. Осы тәрізді әйелдің сәукелесіне тартатын алтын алқалар, аң үлгісіндегі таңғажайып артефакт. Бұл шамамен бздіңдәуірімізге дейінгі III ғасырғатиесілі.     Қорғанға жақын жердегі Күлтөбе қорғанында археологтар көне Қаңлы мемлекеті кезіндегі жазуы бар тақтайша табылды. Бұл осы маңнан табылып отырған 14 ші артефакт. Әлемдегі ең көне Арамей әліпбиімен жазылған тақтайша мен қорғаннан табылған сүйектер толығырақ зерттеу мақсатында Қазақстанның орталық мемлекеттік мұржайына жеткізілетін болады. “КТК” телеарнасы     .Ордабасы ауданындағы Арыс өзенінің бойында археологтар Қаңлы мемлекеті дәуіріндегі көне моланың орнын тапқан. Осы жерде қазба жұмыстарын жүргізген археологтар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда өмір сүрген адамдардың моласын тапты. Тереңдігі 4 метрлік қабірден бес адамның қаңқасы мен ежелгі керамикалық бұйымдар тапты.Тұрмыстық заттардың фрагменттерін аршып алды.Бұл Арыс өзенінің бойында орналасқан ежелгі Канлы мемлекетінің кезеңі болатын.     Қабірден табылған хума деп аталатын құмыралардың да құндылығы жоғары.Ежелгі кезде оны бидай сақтауға кейінірек жерлеу рәсіміне пайдаланыпты.Кейбір қабірлердің табанын осы құмыралардың сынығы төселген.Ғалымдар мұндай жағыдайды алғаш рет кездестіріп отыр.

Р.З.Бурнашеваның зерттеуі бойынша мына суреттегі теңгелар Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзенінің бойындағы Қараспан қаласының маңынан табылған. Бұл теңгелер Канлы мемлекетінің б. з. д. V ғасырдың орта кезіндегі Иранның шығыс провинцияларымен байланыстарын сипаттайды дейді.

 

Бір жағынан тоғыз жолдың торабында – Жібек жолының бойында орналасқандықтан, қала экономикалық жағынан тез өркендеп өсті. 1248 жылы қалада алғаш рет Отырар белгісімен ақша соғылды.

Қаңлы тайпалары Орта Азия мемлекетгерімен, Кавказ өңірімен, Риммен, Қытаймен айырбас қатынастарын жүргізген. Мұны басқа елдерден келген заттардың табылуы, маржаннан, лазуриттен, садаптан, ақықтан, халцедоннан жа¬салған моншақтар, альмандин мен інжуден ілмешігімен коса жасалған алтын сырғалар көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда қаңлылар өздерінің ақшасын соғуға әрекет жасайды, хорезмдіктердің “аты беймәлім патшасының” мәнеттерін кеңінен пайдаланады.

Отырар өлкесінің ғылым-білімі, өнері туралы мыналарды айтуға болады: «…б.з. 100-178 жылдары өмір сүрген грек ғалымы Клавдий Птоломей Отырарда кітап қоры жағынан өте бай, Александрия кітапханасынан кейін екінші орын алатын кітапхана бар деп жазып кетіпті» дейді белгілі ғалым Ақжан әл-Машани..       «Даналық үйінде» ең бірінші болып Ортаазиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдат­қа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар

            Отырар алқабының картасы:Отырар алқабын ежелгі адам баласы бұдан 1 миллион жылдай бұрын мекендеген. Мұны аймақта және Қаратау сілемдерінде жүргізілген археологиялық зерттеулер айғақтап отыр. Жалпы, адамның өмір сүру дәуіріне байланысты жер тарихындағы төрттік (антропогендік) дәуір бұдан 2 миллионнан аса жыл бұрын басталған. Бүл кезде Қазақстанда ірі палеогеографиялық өзгерістер болып, тау түзілу үдерістері жүрген. Төрттік дәуірде климат талай рет өзгерді. Томал антропогеннің алғашқы кезеңдерінде климат біршама жылы болды.

    Бизон дәуірі: Палеонтолог мамандардың зерттеулері ерте плейстоценде Отырар мен Түркістан шұраттарында(оазис) мосбах жылқысы, мерк мүйізтұмсығы, алып түйе, трогентериев немесе вюст піліне туыстас піл, плейстоцен есегі, шетензак бизоны, арқар, страус, теңіз хайуанаттар мен ұсак кемірушілер тіршілік еткендігін көрсетіп берді. Орман пілі өзендер аралығындағы ормандар мен қалың бұталар арасын, бизон, эласмотерия, жалпақ маңдайлы бұлан, марал, бұғы өзендердің тоғайлы түбектері мен шөбі биік жазықтықтарды, алып түйелер шөлді жерлерді, жылқылар далалы аймақтарды мекендеді. Бұлар ежелгі адамның негізгі аңшылық нысаны еді. Түркістан маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткіштерінен тас құралдарымен қатар осы кезде тіршілік еткен түз аңдарының сүйектері де аршып алынған. Бүл ескерткіштер әзірге Оңтүстік Қазақстандағы ең көне дәуірлерді қамтитын археологиялық нысандар болып табылады. Ескерткіштердің ерекшелігі сол, олар травертиндік сақина құрған су көздерінде орналасқан және тас

 

құралдары-жергілікті

“микроиндустрия” кешенін құрайды. Травертинді ескерткіштер Еуразияда өте аз. Олардың абсолют мерзімі біздің заманымыздан бұрынғы 1 миллион жылдардан біздің заманымыздан бұрынғы 200 мың жылдықтар аралығында. Қошқорған фауналық кешені мен тас артефактілерінің ең ерте кезеңі 500-750 жылдарды қамтиды. Тас құралдары өзектас, өзектас пішінді бұйымдар, леваллуа жарықшақтары, үшкіртастар, малта тас сынықтары, тас тіліктері мен жаңқалары, қырғыш, теңізібойы заттардан тұрады. Мұндай еңбек құралдарын ежелгі адамдар аңшылықта, күнделікті тұрмыста пайдаланған.

       

  Палеолит дәуірі:Ашель мустье және кейінгі палеолит дәуірлеріндегі ескерткіштер Қазақстанның Оңтүстік аудандарынан көптеп табылған. Мысалы, Шәуілдірден батысқа қарай 10 км жердегі Ақсу-Арыс тұрағынан тас жаңқа, қол шапқы, өзектас, теңізі бойынан бұйымдар жинастырылған. Сондай-ақ, Арыс, Шаян, Арыстанды теңіздері бойынан өзендер бойынан палеолит дәуіріне жататын ескерткіштер ашылған. Көбінде леваллуа техникасы ұзақ жылдар бойы сақталып келген. Әсіресе назар аударуға лайық бірегей ескерткіштердің бірі-Уәлиханов турағы. Ол 6 мәдени қабаттан тұрады. Қазба барысында бірнеше мың тас құралдарынан басқа жануарлар сүйектері, ошақ орындары ашылған. Тұрақты адамдар мусе скерткіштер. Бүл кезде тас құралдарын жасаудың палеолиттік дәстүрі өз жалғастығын тапты және шаруашылық қаракетке байланысты жаңа құралдар (трапеция және сегмент пішінді, теңізіб.) пайдаланылды. Адам бұрынғысынша жануарларды аулады және әр түрлі өсімдік тағамдарын (жабайы жаңғақ, жидек, жабайы сәбіз) және кейбір өсімдіктердің түйнектерін теруді кәсіп етті. Палеолит заманындағы фаунаның жойылуы адамдарды жаңа кәсіптерді меңгеруге мәжбүрлейді.

       Мезолит дәуірі:Мезолит дәуірінің ескерткіштері Қазақстанда аз зерттелген. Соған қарамастан Отырар алқабынан бірнеше мезолиттік кешендер ашылып отыр. Олар Шілік ауылдық әкімшілігіне қарасты жерлерден анықталған Қысып түзету техникасының жетілдірілуі жаңа технологиялық әдістерді (тегістеу, бүрғылау, аралау) игеруге алып келді. Мұндай өзгерістер Отырар оазисі мен оған іргелес аймақтардағы Дермене-1, 2, 3 тұрақтары, Шілік, Тасқотан, Қараүңгір ескерткіштер материалдарынан да байқалады. Әсіресе Қараүңгір неолиттік тұрағынан осы дәуірге қатысты ең көп және көрнекті материал алынған. Тас пен сүйектен жасалған құралдардан басқа қыш ыдыстар сынықтары да көптеп табылған. Мұндай заттар табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына өндіруші шаруашылық келгендігінен хабардар етеді. Сондай-ақ, бұл кезде кен кәсібі мен тоқымашылықтың, егіншіліктің бастамалары шықты. Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстанда тас дәуірінде жасаған қаңлының ата-бабалары үзіліссіз, үздіксіз дам отырды..

Неолит дәуірі: Біздің заманымыздан бұрынғы 5 мың жылдықтар шамасында басталған неолит дәуірінде шаруашылықта зор өзгерістер болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Палеолиттік пышақ тәрізді тілікшелер және мезолиттік микролиттерден бастап кейінгі палеолиттің соңғы кезіне дейін мекендеген. Табылған дөңгелек өзектастар, тас жаңқалары, екі жағы өнделген шапқы құралдар, үшкіртастар, қырғыштар мен жонғыш қырғыштар, кескіштер шақпақ тас пен халцедоннан жасалған. Оңтүстік Қазақстанда палеолиттік тұрақтардың көп болуы, бұл жер ежелден адам баласы өмір сүруге қолайлы өңір болғандығын айғақтайды.

Қола дәуіріндегі құрал-саймандар: Отырар алқабындағы қола дәуірі мәдениеті әзірге толыққанды зерттеле қойған жоқ.Жалпы Қазақстанның баска аудандарымен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан қола дәуірінің ескерткіштері анағұрлым аз зерттелген. Ұзақ уақыттағы ізденістер нәтижесінде Қаратаудың солтүстік баурайындағы Таутары, Төле би ауданындағы, Бүргіліктегі қорымдар материалдары ғана толымды сипатталып анықталған. Таутары қорымындағы қабір үстіндегі құрылыстар қырынан орнатылған тақтатастармен немесе жерге қазылмай-ақ қойылған тастармен белгіленген. Жерлеу орындарының дені-тік бұрышты, шаршы тәрізді, сопақша немесе шеңбер түріндегі қоршаулар мүрдені көбінесе өртеген. Кей ретте шұңқырларға жерлеп, бетін тақтатаспен жапқан. Мүрде жанына бірден беске дейін ою-өрнегі бар қыш ыдыстар қойған. Сондай-ақ, қабірлерден қола мен алтыннан жасалған ұсақ бұйымдар, әшекейлік заттар (моншақ, сырға, сақина, салпыншақ, қаптырма т.б.) да табылған. Алынған материалдар мұндағы мәдениетті Андронов мәдени-тарихи қауымдастығына жақындатады. Сонымен қатар Шардара өңіріндегі Жамантоғайдағы оба үйіндісінің астындағы үш қабір кейінгі қола дәуіріне жатады. Мүрделердің жанынан қыш ыдыстар, қола пышақ пен төрт кырлы біз табылған. Соңғы жылдары алынған мағлұматтар ғылым айналымға әлі толымды түрде түсе қоймауы өңірдегі қола дәуірі мәселелерін тиянақты шешуге мүмкіндік бермей отыр. Әзірге Оңтүстік Қазақстан қола дәуірінің кейбір қырлары толық зерттелмесе де, бүл өңірден сол замандағы жарқын ескерткіштердің табылуы, мұнда өзіндік мәдениет болғандығын айғақтайды.

             Ерте темір дәуірі: Қаңлы-Сақтар картасы: Антикалық жазба дерек көздері мен археологиялық мағлұматтар Отырар алқабында біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықта өмір сүрген тайпалар көрші елдермен өркениетті мәдени-экономикалық байланыстар орнатқандығын нақты көрсетіп берді. Көне парсы, элам және аккад тілдерінде құрастырылған Дарий мен Ксеркс патшаларының жазбалары, көне ирандықтардың зороастриялық дін кітаптарының жинағы-Авеста, әсіресе грек және латын тілдеріндегі ежелгі грек-рим авторларының (Геродот, Гекатей Милетский, Арриан, Диодор, Плиний, Страбон, т.б.) шығармалары байырғы халықтардың тарихын түзуде маңызды рөл атқарады. Бірақ басты дерек көздерін археологиялық мағлұматтар береді. Сырдария алабындағы қаңлы-сақтар ескерткіштерінің бірі Шірік   рабад саналады. Сондай-ақ 1877 жылы “Әмудария көмбесі” көне өнер туындылары аталған өзен бойынан табылды. Ол 180-нен астам алтын мен күмістен жасалған бұйымдар мен 1000-нан астам теңгелерден тұрады. Заттар көне грек, иран, қаңлы-сақ мәнеріндегі ою-өрнектермен салынған. Археологиялық қазба жұмыстары Әмудария көмбесіндегі заттар Отырар алқабындағы көне тайпалардың мәдениетімен тығыз байланыста дамығандығын аңғартады. Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары қаңлы-сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Оңтүстік Қазақстанды мекен еткен сақтарда отырықшылық мал шаруашылығы басым болды. Олар Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратау жотасының баурайларында кеңінен тарады. Сондай-ақ суармалы егіншілік те дамыған. Сақ обаларынан шыққан мал сүйектері олардың осы заманғы қазақтың құйрықты және ұяң жүнді, өсімтал тұқымдарына жақын қой өсіргендігін көрсетіп берді. Жылқының екі түрін өсірді. Оның жабы (берк) түқымдасы қазақ жылқысына ұқсас еді. Қаңлы-сақ заманында қола дәуірінде кең тарай бастаған Қаратау жотасы мен Шу-Ӏле тауларындағы (Арпаөзен, Қойбағар, т.б.) жартастағы суреттер де айғақтайды (қаласы Қаратау шимайлы тастары). Сақтар заманынан бізге жеткен сақ “пирамидалары” немесе “патша” обалары байырғы сақтар мәдениеті жайлы мол мәлімет береді. Қараспан маңындағы Қарауылтөбедегі топырақ үйіндісінен тұрғызылған обаның диамметрі 110-120 метрді құрайды. Биіктігі 16 метрдей. Мұндай ірі обалардың салынуы Оңтүстік Қазақстан жері қаңлы-сақтардың басты орталытарьшың бірі болғандығын аңғартады.

Copyright © 2018. Бәйтерек – Келдібек | Қаңлы | Кангюй | Печенег. Сайтты құрастырған: ITQ.kz компаниясы