Түркілердің қала мәдениеті
Сыздықов С.М.
т.ғ.д.,профессор,Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ғылымда қалыптасқан көзкарас бойынша «ренессанс» терминініе классикалық ежелгі дүниенің қайта өркендеп, гүлденуі деген мағына мазмұн береді. XVI ғасырдың ортасында Жоржо Вазари ХІУ-ХУ ғғ. Италия тарихы үшін осы терминді ғылыми тұрғыда қалыптастырғаны белгілі. Бұл дәуірдің немістер – «реформация», француздар – «ренессанс», ал итальяндар – «чинкве-ченто» деп атаса да ол дәуірдің мазмұны бұл атаулардың ешқайсысымен де шектеліп қала алмайды».Түркі өркениеті ІХ-ХІ ғасырларда болып өткен Мұсылман ренессансында өшпес із қалдырып кетті. Өкінішке орай, дүниежүзілік тарихнамада Батыс Европа ренессансынан әлдеқайда бұрын болған Мұсылман ренессансындағы түркілердің орны мен рөліне жеткілікті көңіл бөліне бермейді. Тікелей мәселенің өзіне көшпес бұрын «ренессанс» немесе «өрлеу» түсінігін талқылау-ға көңіл бөлу – қажеттілік.
Кейінгі кезде бұл терминмен ежелгі грек мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге Шығыс елдерінің бірінде немесе жалпы Шығыс мәдениетінің өркендеуін де айтады. Қайта өрлеу деп жалпы мәдениеттің өркендеуін, ал ерекше мағына-да орта ғасырлар мен жаңа заманды жалғастырған мәдени кезеңді де айтады.
Академик Н.И. Конрадтың пікірі бойынша «қайта өрлеу» Европаға ғана тән құбылыс емес, қандай да бір халықтардың белгілі бір тарихи даму кезеңіне сәйкес келетін тарихи процестердің жалпы зандылықтарының бір көрінісі болып табылады(1,161б.) Сондықтан да Шығыстағы ренессанс мәселесі барлық Шығыс елдері мен халықтарын әлеуметтік-экономикалық форма-цияларының дамуын тереңінен жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Ренессанс проблемасын қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуынан бөліп алып, тек мәдениет тарихы тұрғысынан қарастыру, мәселені зерттеу алдын-ала сәтсіздікке ұрындырумен бірдей.
Қайта өрлеу дәуіріне белгілі бір дәрежеде классикалық анықтаманы өз кезінде Ф. Энгельс бере алды. Оның әділ айтуынша қайта өрлеу өткендегінің, ескінің, антиканың қайта жаңғыруы ғана емес, бұл дәуір сауда мен қолөнердің орталығы – қалалардың дамуы қала сословиелерінің пайда болуы, қоғам мен мәдениетттің өркендеуі, сонымен қатар, феодалдардан да және халықтың ішінен де зиялылыар қауымының бөлініп шығуы болып табылады. Бұдан әрі «…барлығы дерлік өз заманының мақсат-мүддесіне сай өмір сүреді, партияларға бөлініп, біреу сөзбен, қаламмен, біреу семсермен, ал енді біреу онымен де басқалармен де бірге болып, практикалық күреске белсене қатысады(2,3б.).
Шынында да Европадағы классикалық ренессансты Шығыстың немесе мұсылман қайта өркендеуімен салыстыру және олардың ұқсастық жақтары туралы пікір таластырудың қазіргі ғылым дамуының дәрежесінде беретін пайдасы шамалы. Оны өз кезінде шығыстанушы В.В. Бартольд те атап өткен. Өйткені Европа жағдайындағы ренессанс – классикалық антика заманындағы өнер, ғылым мен әдебиеттегі жетістіктерді бағаламаған «қараңғы орта ғасырдың» қайтадан бойына сіңіріп, пайдалану немесе жоғалтқан, айырылған нәрсені қалпына келтіру» тұрғысында болса, Шығыста қайталанбағандықтың, жаңашылдыктың көрінісі ретінде бой береді. Сондықтан да егер біз дүниенің екі жағындағы қайта өркендеуді салыстырсақ, олардың ұқсастығы жағынан гөрі ерекшеліктері мен айырмашьшықтарына басым көңіл аудару қажет.
Ренессанс мәселесі туралы тарихнамада Шығыстағы «өркендеуге» батыстық немесе эллинистік көзқараспен қарастырушылар да, сонымен қатар, керісінше бұл бағытты сынаушылар да қездеседі. Батыстық тұрғыдағы көзқарастар мұсылман ренсессансындағы ежелгі Европа мәдениеті мен элленизмнің рөлін жоғары, басым етіп көрсетсе, бұл бағытты сынаушылар көне грек мәдениеті әсерін толық жоққа шығармастан бұның себептерін, негізінен Шығыстың өзінен іздестіреді. Бір қызығы, бұл көзқарастардың түйісетін жері – Шығыс ренессансын тек арабтармен ғана байланыс-тырмауында. Біздіңше акиқаты да осы жерден басталады.
Мұсылман ренессансын зерттеушілердің осы өрлеуде арабтардың парсыларлың немесе эллинистік грек мәдениеті мен европалықтардың ықпал-әсерлері мен үлестері туралы тоқталып, атап өтуі жиі кездеседі. Осы орайда ортағасырлык түркілердің Шығыс ренессансындағы орны мен үлесінің көрсетілмеуі, ал аталған күнде түркілердің «мұсылман туы астында бүркемеленіп», арабтар болып шығатындығындығын айта кету орынды. Сондықтан, сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі мәселелерге көңіл аударайық.
Араб халифаты империясының соңғы әулеті аббасидтер X ғасырдың ортасында әлсіреп, өздерінің маңайындағы түркілерден құралған әскери қолбасшылардың ықпалына түсе бастады. 945 жылдан бастап Халифат тек Бағдадтағы сарайда тұрып, монғол шапқыншылығына дейін іс жүзінде мемлекет басқарудан қалды. Тарихта халиф Мансұр (726-766) тұсында-ақ түркілердің халифат маңайында көрнекті орын ала бастағанын көруге болады. Мысалы, тохаристандық түркілерден Бармакқұлы Халит пен Яхьяұлы екеуінің салдырған сарайлары мен ұйымдастырғаи кітапханалары парсы, грек және санскрипт тіліндегі ғылыми шығармалар мен философиялық кітаптар арабшаға көптеп аударылды(3,190б).
Бағдад манайындағы Самарра мен Египеттегі Каир және Ел-Катай қалалары халифаттағы түркілер өркениетінің орталықтары десек қателеспейміз. Самарра IX ғасырдың соңына қарай 33 шақырымға созылған, түркілер тұратын калаға айналған болатын. Ондағы әсем архитектуралык кұрылыстарды (бұдан былай санат дейміз негізінен түркілер салды. Самарра санатындағы көптеген өрнектер мен құрылыс өңдеу техникаларының әдістері арабтар, гректер Византия калаларында болмаған, керісінше, біздің эрамызға дейінгі дәуірден келе жатқан азиялық скифтер меи алтайлық түркілердікі болып шығады(4,143б).
865-905 жылдары түркі командашысы Ахмед Тулун Мысырды билеген кезінде түркілер шоғырланған Ел-Катай мен Каир қалалары мәдениет өркениетін бастарынан кешірді. Ел-Катайдағы мешіт, сарай, мәдениет үйлерін салуда ағаш және гипс материалдарын қолдану жоғарыда аталған Самаррадағыдай түркілердің әдіс-тәсілдері аркылы жүргізілді. Ерекше атап өтетін нәрсе, ісләм мәдениетіне тән және оның ең бір «шұрайлысы» болып табылатын санаты – «Арабеск» осы Самаррада туындағаны белгілі(5,15б.).
Халифаттың күші шарықтау шегіне жетіп тұрған кезде түркі қолбасшыларының ер жүрек, батыл даңқтысы – Бежкем болды. Ол аз ғана, 300 шақты жасағымен халифаттың Вавилон аймағын билеп тұрды. Халиф исламның шиит бөлігіне қарсы күресте Бежкемге сүйенді. Ол Бағдадтан шииттерді қуып, халифтің сеніміне ие болды. Қабәлетті және ер жүрек қолбасшы екендігін Бежкем әсіресе Сирия мен Месопатамияны билеген Хамдинидтер әулетінің өкілдерімен күресте танытты. Мысалы, ол өзінің 290 түркілерден құралған жасағымен әл-Баридидің 10 мыңдық әскерін жеңіп шықты (6,35б.).
Негізінен түркілер шоғырланған халифат құрамындағы аудандардың елдегі саяси маңызды күшті болды. Бағдадтың бас судьясы – «кади өзін орнынан аламын деген халифқа «егер ол Хорасанға шағымданса бүкіл халифаттың іргес шайқалатындығымен»(7.20б.) қорқытуы кездейсоқ емес еді.
Сот, құқық істерін жүргізуде де Халифат аудандарын басқарған түркі тектес басқарушылар дінге негізделген «кадилік» жүйеден гөрі демократиялық құрылымнан тұратын азаматтык құқық органдарына сүйенді. Мысалы, Египеттегі басқарушы түрік Ахмед тулун өз кезінде «кади сотынан бас тартып, азаматтық сот жүйесін енгізді(8,15б).
Египет пен Сирия билеген түркі әулет: тулунидтардан соң, Түркістан түркілерінің ихшидтар әулеті келді. «Ихшид» – Ферғана басқарушыларының титулы болатын. Мухаммед ибн Тугдж 935 жылы Египеттегі халифтын наместнигі қызметіне тағайындалды. Кейін, 941 жылдан бастап оның қол астына Египет, Сирия. Йемен, Мекке және Медине облыстары қарады. Мухаммедтің күшейгендігі сондай, оны халиф ал-Мустакфи саяси тұрғыдан «мазасыз Бағдадты» басқару қызметіне шақырғанда ұсынысын қабылдамай тастады.
Махмуд ихшид алып денелі, зор күш иесі болған. Садағының үлкендігінен өзінен басқа ешкім тарта алмаған. Жасағы да сол замандағы ең алдыңғы қатарлы қару-жарақпен жабдықталған. Египетте өз атынан ақша соқтырған. Жеке басында аңқаулық, сенгіштік. адалдық, сонымен қатар дүниеқорлық мінез-қасиеттердің қатар болғандығы туралы көптеген деректер кездеседі.
Түркілер халифат тұсында алғашқы халықтық ауруханаларды салу ісінде де алғашқылардың бірі болды. Мысалы, Египетте 873 жылы алғашқы аурухананы Ахмед ибн Тулун салдырды. Бұл аурухана мен емханасы бірге ірі комплекс еді. Онда ерлер мен әйелдерге арналған моншалар болды. Бір жағынан бұл денсаулық сақтау комплексі негізінен қарапайым халыққа арналды да, онда сарай маңы шенеуніктері немесе әскери шендегі адамдарға кызмет көрсетілмеді. Ауруханаға түскен адам, киім, ақша және басқадай заттарын сол мекемедегі арнайы сақтайтын орынға тапсырма алды. Бұл мекемеге мың динар ел басқарушы тарапынан беріліп, Ахмедтің өзі аптаның жұма күні барып тұрды. Ах-Тулун сонымен қатар, мешіт жанынан дәріхана аштырып, онда дәрігер әр аптаның жұма күні ауруларды ақысыз емдейтін қылды. Ауруханада ақыл-есі кем адамдарға арналған бөлме де болды. Ал 941 жылы түрік әмірі Бежкем Тигр өзені жағасында халифаттың үшінші ауруханасын салдырта бастады(9,193б.).
Өркениеттің қай саласында болмасын: басқару, сот, білім, ғылым және т.б. ортағасырлық түркілер белсене ат салысты, ал тіпті кейбірінде жетекші орын алғандықтары да байқалады. Оларды толық дәлелдеуге әлі де көлемді зерттеулер қажеттігі айтпаса да түсінікті.
Басшылары түркі әулетінен шыққан халифат құрамындағы қала адамдарының демалу, көңіл көтеру орындары қазіргі өркениеттілік тұрғыда ұйымдастырылғаны байқалады. Мысалы, Египетте түркі әулетінің тулунид тегінен шыққан Хумаравайхи зор көлемде жануарлар паркін ұйымдастырған. Жануарлардың түр ерекшелігіне қарай тор бөлімшелер мен су бассейндері жасылынған (10, 320б.).
Түркілердің ортағасырлық қалалық мәдениетке шаруашылық өнімдерін өндіру мен оларды саудаға шығару арқылы елеулі үлес қосты. Мысалы, Ақ-Тепе мекені түркілер өмірінің маңызды бір даму кезеңін, яғни бір жағынан көшпелі, екінші жағынан отырықшылыққа көше отырып, керуен сарайларды көбейту арқылы сауда жолына тартылғанын, ақырында бір кешендік мәдени-шаруашылық типін қалыптастыра алғанын көрсетеді.
Көшпелі түркілердің сарқылмас, үнемі әкеліп тұратын шикізаттарының арқасында қалалардың өздері белгілі бір өнім шығаруға мамандана бастады. Мысалы. әл-Макдисидің хабарлауы бойынша: «Шаштан сапалы ертоқымдар, оқ салғыш қорамсақтар мен орамалдарі Тері, түріктерден әкеліп иленеді… Ферғана мен Испиджабтан ақ матамен, қарумен, семсерлермен, мыс және темірмен Шелжіден күміс келеді. Хутталдан әкелген сияқты, Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен кашыр әкелінеді» [11, 82-83].Волгин
Бұдан кейін біз Қараханидтер әулеті келер алдындағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мемлекет ішіндеп маңызы орасан зор болған, ортақ рыноктың қалыптасып бастағанын байқаймыз. Әрине, мұндай құбылыс сол кезенде тек отырықшьшар мен көшпенділердің неғұрлым тығыз, жақын көршілес тұру нәтижесінде ғана мүмкін бола алды.
Халықаралық сауда тауарларының біраз бөлігі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қалып отырды. Византия, Соғды, Қытайдың әшекей бұйымдары мен қымбат заттарын түркі қағаны және баска бай ақсүйектер сатып алатын еді. Оған мысал ретінде осы жерлерде археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған византиялық белгісі бар кұміс құмыралар мен олардың алтын теңгелері және қытай айналарын айтуға болады. Жетісуда орналасқан карлықтардың сауда катынасында Қытай ерекше орын алды. Одан жібек ала отырып, көшпелі түркілер өздерінің шикізат өнімдерін өткізіп отырды. Алайда олар тек шикізат қана апарып қоймай, сонымен қатар өздері жасаған бұйымдарын өткізді. Мысалы, май, тұз, қалкан және найза, сонымен қатар мата және мускус жеткізілді. Бұл ретте қытай деректерініің карлықтар жөнінде олардың сауда ісін жетік білетін саудагерлер екенін растайтындығын еске ала кету орынды.
ІХ-Х ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін сауда жолының одан әрі өркендеуіне ислам дінінің зор ықпалы болды. Олар өз каражаттарын базарлар мен олардың мекемелерін көбейтуге жұмсап отырды.Түркілердің көшпелі бөлігінде сауданың еркін дамуына сол кездегі түркілердің қонақжайлығы, меймандостығы көп септігін тигізді. Өйткені түркілер саудагерлерді ерекше күтіп қарсы алатын және осы арқылы сол саудагерлер еліне барғанда өздері сондай мүмкіндіктер алуына құқылы болды.
Түріктердің қалалық сауда ісінде жылқының маңызы үлкен болды. Жабайы тұқыммен будандастырылған бұл жылқылар, төзімділіп жағынан аңға, жорыкқа шығуға теңдесі жоқ болып, сұраныс жоғары дәрежеде болды. Жылқы сатудың басқа түркілер мал өнімдерімен қатар бағалы аң терілерін шығарып отырды.
Қарастырылып отырған кезеңде Орталық Азияда кұл саудасы кеңінен тараған. Құлдыққа көбінесе жорықтар мен шапқыншылықтарда қолға түскен тұтқындар айналдырылды. Құл саудасы IX ғасырға қарай күшейе түсті. Оған себеп, араб қолбасшыларының түркі құлдарынан өздерінің ұланын құру болған еді. Ірі транзиттік кұл саудасының жолы Мауреннахр мен Хорезм арқылы өтті. Бұл жерлерде түркілермен бірге славяндар, хазарлар да құлдыққа сатылды.
Қорыта келгенде, Орталық Азияда түркілер халифат билігі ыдырай бастаған кезеңде саяси билікте де, қоғамның. мәдени-шаруашылық өмірінде де жетекші орын ала бастағанын байқаймыз. Бұл кездейсоқ емес еді. Бұл кез түркілердің мемлкет және саясат ісінде, болмаса мәдениет пен шаруашылық саласында да жоғары деңгейге, өзіндік өркениет шоқтығына жеткендігі көрінеді. Ұлы Жібек жолы, қала мен көшпенділердің өзара бір-бірне ықпалы, сауданың өркендеу процестерінің тек куәсі болып қана қоймай, оған белсене катысуы, түркілер өркениетінің эволюциялық, біркелкі дамуын қамтамасыз етсе, ендігі жерде халифаттың көлемді «евразиялық» территориясында басқа да өркениетті процестермен қоян-қолтық араласып байытылуы уақыт үрдісінің белгілі бір кезеңінде (ІХ-Х ғғ.) түркі өркениетінің «сапалық секіріс» жасап, тек қана Мұсылман ренессансына қомақты үлес қосып қоймай, өзін дүниежүзілік өркениетке де таныта алды. Оның дәлелі де, салдары да болып табылатын түркі ғүламалары – әл-Фараби, Махмуд Қашғари, Жүсіп Баласағүн және т.б. Түркілік өркениет – Мұсылман ренессансы процесінде әскери күштілік пен басшылық жорықтарда емес, саяси билікте, яғни мемлекеттік жетілдіру жолында мәдениет пен өнер, санаттың дамуына, азаматтық қоғам құруда тамыры тереңнен нәр алған, өміршендік үрдіс тұрғысында көріне алды. Тарих ғылымы мен тағлымының маңызы оның бір «тарихнамалық кезеңмен» шектеліп қалмай, үнемі жалғасу, өзгеру, «бекерді бекерге шығару» динамикасын қамтамасыз етуінде. Ендеше Мұсылман ренессансы немес Шығыстың өркендеу дәуіріндегі Түркі өркениетінің ролін анықтап, оны орнына қоятын тарихнама таңының атып келе жатқанына күмән келтірмейміз.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Конрад Н.И.Послесловие к кн.В.К.Чалоян./ Армянский ренессанс.М.1963.
- Энгельс Ф. Диалектика природы.Л.,1949.
- Semsettіn Gunaltay. Abbas ogulari imparatorlugunun kurulus ve yukselisinde Turkulerinin rolu / Belletin sayi.1996, 76.
- Strzygovski Altay. Iran und Volkervanderung. Leipzig.1917.
- Kuhnd vr Erdamann. Berlin Muzesi Samarra rehberi. Springer Vunst- Geschirhte. Cilt.6 P.1933.
- Мец А. Мусульманский ренессанс. Москва., 19897
- Wusfenf Anhanger Hiszum. Gottingem.1899.
- Arabische Text mit Anmerkungen und Registern hrsg.von K.L.15.
- Ibn al-Giftis al-Hukama. Leipzig, 1903.
- Мец А. Мусульманский ренессанс. Москва., 1989.
- Волин С.Л. Сведения арабских источников IX-XVI веков о долине реки Талас и смежных районов // Новые материалы
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.