ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫН «АРЫМ!» ДЕ!
Бәрі де болар, Тәңірім, өзі қолдаса,
Тілеймін ылғи, сұлулар, титтей тоңбаса.
Сұлу қыз өңі, керемет сұлу болғанмен,
Не болады онда, жүрегі таза болмаса?
Айтасың қалай, сезімсіз жанға «қомсын» деп,
«Сен өзі бастан, болмайтын жолы, солсың» деп.
Қазақтың сұлу қыздарын көріп өмірде,
Тілеймін ылғи: «жолдары дәйім болсын!» деп.
Жамандар ғана, жақсыны ылғи көпсінбек,
Ондайдың ана жанына қарау, кек сіңбек.
Өмірде мынау, болады небір оқиға,
Тілеймін дәйім: «солардан аман өтсін!» деп.
Өмірде жалғыз, шын жақсы жанның бәрі арман,
Көрмейін жаным, титтей де бір мұң жанардан…
Қазақтың қызын, ойыншық қылу – ол иттік,
Қазақтың қызы, шын сүю үшін жаралған!
Сұлулық қана, бұлақтай мөлдір, тұнады,
Ана бір сорлы, ішінен әзер тынады.
Қазақтың қызын, «арым» деп білген жігіттің,
Білемін оны, Бақыты оңнан туады.
Жұмаш Кенебай,
08.03.2016 жыл.