ТҮРКІСТАНҒА ТИІСПЕ

Мұнайдар Балмолда

 

ТҮРКІСТАНҒА ТИІСПЕ

 

Жоғарыға өткенше,
Депутат боп кеткенше,
Елдің сөзін сөйлеген.

Жоғарыға өткен соң,
Мақсатына жеткен соң,
Басқаша гөй-гөйлеген.

Екі жүзді сарындар,
Боққа толы қарындар.
Түркістандай қалама,
Ауыз сала бастапты.

Ардан безген залымдар,
Артқа кірген сабындар.
Нұр-қала деп өзгертіп,
Атау беріп тастапты.

Оттапсың!
Ей, зынталақ!
Беті қалың мың қабат!
Тақияңа тар боп па,
Бір Нұр-Сұлтан – нұр-табақ?

Ішіп-жемнің құлдары,
Партияның мұндары.
Қасиетті Түркістан –
Әулиенің құндағы!
Әулиенің жеріне,
Шошайтпасын саусағын
Жын-сайтанның сұмдары!

Әулиеге тиіспе!
Үйренген мал күйіске,
Сұлтаныңның одан да
Ұлтанын ап иіске!

Түркістаннан тексіз ит!
Садаға кет, садаға!
Жалғыз қалып бақсыдай,
Айналарсың молаға!

Екі дүниенің бесігі,
Руханият есігі.
Түркістан ол – Түркістан!
Құбылмайды атауы!
Өзгермейді есімі!

Осылай деп айта бар,
Есек дәме иеңе!
Ер Қазақтың кесімі!
Бар Қазақтың шешімі!
Құдай берген нығмет –
Жер – Қазақтың несібі!
Түркістанға тиіспе!
Жұғар елге кесірің!
Сендерде жоқ қанағат,
Болар ма екен кешірім!
Құдай біледі,
Кет!
Зұлым!
Түрің құрсын жексұрын!
Алас! Алас! Алас!
Таза болсын жерім!
Аман болсын елім!
Алаш! Алаш! Алаш!

Мұнайдар Балмолда
22. 10. 2021.