АЙТСА  МЫРЗАН  АЙТСЫН      МЫРЗАН  ҚАЙҒЫ   –  ҚАЗАҚТЫҢ МЫРЗАН ҚАЙҒЫСЫ

Темірхан Момынбекұлы

 

АЙТСА  МЫРЗАН  АЙТСЫН

      МЫРЗАН  ҚАЙҒЫ   –  ҚАЗАҚТЫҢ МЫРЗАН ҚАЙҒЫСЫ

 

Қоғамдағы, жалпы тіршіліктегі  құбылыстардың бәрі де, әсіресе ауыртпашылықтары ақын-жүректен өтеді.  1947 жылдың қыркүйегінде туған, алайда құжатында отыз бірінші тамызда  деп жазылған, ақын, зерттеуші, публицист, журналист, қоғам қайраткері Мырзан   Сахиұлы Кенжебай да – осы табиғаттан. Және бұл қаламгердің басқалардан  елеулі бір айырмашылығы, көзге ұрып тұрған  ерекшелігі – нені болсын, ішке сақтамай ашығын айтады.  Қандай мәселелерге болсын бейтарап қарай алмайды, көбінесе өзіне ғана тән ымырасыздықпен пайымдайды. Бағалауы мен талдап-таразылауы да, байлам-тоқтауы да осы ауанмен өрбиді.  Ал енді бұл болмысы замандастарына анық білініп тұрады ғой. Ащы да, тұщы да айтады. Мұңы да бар, шері де бар. Әуелі жазушы, шабандоз Нұрқасым Қазыбеков  бастап, жазушы Болат Қанатбаев қостап-қуаттап, іліп әкетеді. Екі қаламгер де   дуалы ауыз екен, содан былай Мырзан-болмысты жақсы білетіндер Мырзан Қайғы деп кетті. Менің түсінігімде,  бұл лебіз, бұл есім –  ақын табиғатын  дәл танығандардың пайымдауы, әрі сонымен бірге   замандастардың ыстық ықыласын да білдіреді.  Шынтуайтына келгенде,  кез-келген екі аяқтыға  мұндай бағалау айтыла бермейді. Көпшілік бүгіндері Мырзан Қайғы деп біледі.  Менің аңғаруымша, мұның астарында халықтың махаббаты тұр. Ал енді осы Мырзекеңнің поэзия  туралы  өзіндік байлам-түсінігінің бір парасы: поэзияда мұң болу керек, әйтпесе ол – поэзия емес деп түйіндейді ғой. Осындай түсініктегі қазақтың  Мырзан Қайғы аталуының да шын мәнінде қисыны бардай көрінеді маған.
Неге екенін білмеймін, Мырзекеңнің құжатында туған күні отыз бірінші тамыз деп жазылғанын анықтамалықтан көргенде (қыркүйекте туғанын білмейтінмін, анығын кейін өзінен естідім ғой), саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен сәйкес екен-ау деп ойладым. Ашығын айтқанда, ол күннің отыз бірінші мамыр екенін ұмытып та кеттім. Сонан, не керек, сол құрбандарға қатысты ойлар қаумаласын.Біраздан бері көзіқарақты жұртшылық мынадай пікір айтып жүр. Мағынасы былай. Қуғын-сүргін, ашаршылық қана емес, қасақана жасалған кәдімгі геноцид. Геноцид құрбандарын еске алу деуіміз керек. Және тек ол кезеңді ғана емес, қазақ даласына аяқ басқан арамза басқыншылардың үлкенді-кішілі барлық геноцидінің құрбандарын еске алу дейік. Міне, осындай пікір естіліп қалып жүр. Менде бұған қоса мынадай пікір тағы бар. Орыстар, қытайлар, еврейлер бізден – қазақ халқынан ресми түрде кешірім сұрауға міндетті. (Еврейлер Екінші Дүние Жүзілік Соғыстың алдындағы, сол тұстағы геноцид үшін Герман билігінен кешірім сұратты ғой. Ендеше біз неге  тізесі батқандардан  кешірім сұратпаймыз?!) Қытай мен Ресей империялары Қазақтың Жерін де, Елін де арамдықпен екіге бөліп тастап сорлатты. Ал  қазақ халқын қырып-жоюдың кейбір идеяларының басы-қасында еврейлердің болғаны тарихтан бегілі.


Ақын-жүрек Мырзан Қайғы әлемі  кейде адамға осынау тағдырымызды да ойлатады екен. Мырзекеңнің кейбір сөзері мен қылықтары  маған әрдайым да  осы жайды қайта-қайта есіме сала береді. Талайларда ақымыз кетіп жүр ғой дегендей… Қатты қиналып, налып, талай жайдан опық жеп жүрміз деп басын шайқағандай да болады…


ҚАЗАҚТЫҢ  МЫРЗАН  ҚАЙҒЫСЫ