Қай адамға көрсетіп сұрасаңда мынауың ҚАЗАҚ қойқ!-дейді..

Филипп Яковлевич Рубахо..


Қай адамға көрсетіп сұрасаңда мынауың ҚАЗАҚ қойқ!-дейді..

Азан шақырып қойған аты белгісіз.. Бірақ тарихта осы атпен қалған қазақ жауынгері туралы айтпақпын..
Ол 1923 жылы 13 қаңтарда Ақсай (Ростов обл)  станциясында  жұмысшы отбасында дүниеге келген..
Жастайынан Ата-Анасынан жетім қалып, Батуми жетімдер үйінде тәрбиеленеді..
Мүмкін сол кезде аты-жөні өзгертілген болуы керек..
Мүмкін әкесінің есімі Жақып па екен, кім білсін..?
Тек қана документтерде  “ұлты”-деген таблода ҚАЗАҚ-деп сақталыпты..

Содан кейін ғана әңгімеге арқау боп отыр..

Әлқисса..

Орта білімді.. Жас кезінде  “Ворошилов атқышы”-төс белгісін иемденіп, көптеген жарыстарда жүлделі орындар алып жүрген..

1941 жылдан Әскери-Теңіз флоты қатарында..
Алғашында  Қара теңіз флотының,Туапсин базасында музыка командасында болған. Соғысқа сұрана жүріп, ақыры шағын катерлердің артиллерия дивизоннына ауысуына қолы жеткізеді..
1941 ж қыркүйек айында, алғашқы ұрысында сол катер сапында, қоршаудағы Одесса қаласын қорғау ұрыстарына қатысудан бастайды.

Теңізші Рубахоға катерде көп қызмет ету жазылмапты..
Бір батольон адамдарды теңіз-жаяу (морской пехота) әскер сапына ауыстырған кезде, бұлда ауыстырылып Севастополь қаласын жаудан қорғауға жіберіледі.. Желтоқсан айында жараланып, госпитальға түседі.. Жарақатынан айыққан соң оны мергендер (снайпер) мектебіне жібереді.. 1942  ж маусым айында оқуын бітіріп, Оңтүстік майданның құрамында  Ростов, Кубань, Сол.Кавказды қорғау ұрыстарына қатысады.
1942 ж желтоқсан айына дейін,өзінің жауынгерлік санақ кітапшасына жаудың 200 солдаты мен офицерін жойғанын тіркеп үлгереді..

Желтоқсан айында қайта жараланып, айыққан соң,аты аңызға айналған (кейін) майор Цезарь Куников басқаратын әйгілі 393-ші  теңіз-жаяу әскер батальона жіберіледі. Сол батольонда алғашқы ұрысын Новороссийск маңына десант боп түсірілуден бастайды..
Одан кейінгі шайқасы “Кіші Жер”-деген атау алған әйгілі плацдармды ұстап тұру ұрыстарына қатысады..
Сол ұрыста мергендер взводын басқарады..

Мүмкін жоғарда баяндалған тағы бір қазақ, теңіз-жаяу әскер сапындағы барлаушы Иқаров Қуанғали атамызды көрді ма екен? Екеуі де теңіз-жаяу әскер сапында, екеуі де “Кіші Жер”-плацдарымын басып алу ұрыстарына қатысқан..
Біздікі жай болжам ғой.. Қазақ ұлдарының бір сапта, бір жерде жүргенін оқығаннан кейін айтып жатқаным..
Жарайды, әрі қарай кеттік..

“Кіші Жер”-операциясы кезінде өзінің жеке есебін 276 адамға жеткізді (жаудың солдаты мен офицерін құртқан)
Сол шайқастардағы ерлігі үшін Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Одан кейінгі ұрыстары Сол.Кавказ майданы сапында жүргізді..  1943 жылдың тамыз айында қазақ мергені Рубахо Новороссийск маңына ұрысқа кірісті..  Қыркүйек айында Новороссийск қаласын азат ету ұрыстарына қатысып, Новороссийск плацдармына десант боп түсірілді.

1943 ж 9-қыркүйегінде Ерекше Теңіз-жаяу әскер батальонының мергені старшина Филипп Рубахо Новорроссийск плацдармына шабуыл кезінде  алғашқы боп жағаға шығып, жаудың екі дзотының үнін өшірді.. Және қоян-қолтық ұрыс кезінде жаудың үш солдатын жойды..

Қазақтың қайсар ұлы 14-ші қыркүйекте Новороссийск плацдармын ұстап тұру ұрыстары кезінде, зеңбірек снарядның жарқыншағынан басынан ауыр жараланады..
Ұрыс даласынан катермен оны жағаға алып шығып, Сочи қаласындағы әскери госпитальға жеткізеді..
Бірақ келесі күні, 15-ші қыркүйекте алған жарақатынан Сочидегі госпитальде қайтыс болады..

Краснодар аймағы, Сочи қаласындағы Завокзальный бауырластар зиратына жерленген..

Өзінің снайперлік 1 жыл 3-ай кезеңінде старшина Ф. Я. Рубахо  жаудың 346 солдаты мен офицерінің көзін жойып, немістің 8 дзоты мен 2 танксын құртқан..
1944 ж 22-ші қаңтарындағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы соғыста көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін, старшина-снайпер Ф.Я.Рубахоға  өлгеннен кейін  Совет Одағының Батыры атағы берілді.. Және Ленин орденімен қоса марапатталды.

Өзінің аты-жөнін білмей кеткен, тек ұлтының қазақ екенін білген, жастайынан жетім қап, орыс арасында өскен Филипп Жақыпұлының өмірі жұмбақ..
Талай қазақтың баласының басынан кешірген Тағдыры…
Бірақ қанында қасқырлық бар қазақ баласы, өзінің бөрілігін көрсетті..

Бауырлар, Сочи қаласында боп жатсаңыздар басына барып Құран оқып, дұға етіп кетіңіздер?!

Мүмкін,кім екенін анықтап, аты-жөнін табамын деген журналист болса, мархаббат?
Орыстарға сол атпен тиімді болғандықтан, кезінде зерттелмей қалған-ау..

Пысы:

Орыс пен украина сайттары:

ол орыс, не ол украиндық!-деп таласа жазыпты.. Тіпті кейбір “русский,украинец”-деп жазылған документтерді де ұсынуда..
Мейлі, ұсына берсін.. Ондай қағаз менде де бар..
Маған фотосынан өзге нақты документ керек емес..!
Фотосын қараңыздаршы: қыр мұрын, бидай өңді, аздап сығырайған көзді, словянға мүлдем ұқсамайтын кескін..
Қай адамға көрсетіп сұрасаңда мынауың ҚАЗАҚ қойқ!-дейді..