Оқу құралы

                                                                                            Пазылбек Бисенбаев,

                Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының

                                                                                               аға оқытушысы;                

                                                                                             Советхан Тілеубаев,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет

теориясы кафедрасының     доценті

  Оқу құралы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған «Шығыстық қисса-дастандар: нұсқалары мен типологиясы» атты оқу құралының құрылымы мен мазмұны оқу жүйесінің барлық талаптарына сай дайындалған. Осындағы лекциялар қатарының бірін-бірі толықтырып, байытып отырғаны анық. Олар: шығыстық дастандардағы дәстүрлі сарындар, көпнұсқалылық, синкреттік т.б. ескеруден тұратын жайттар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде басылып шыққан оқу құралына енген мақалаларды тақырыбына, көтерген мәселелеріне қарай шартты түрде іштей жіктеп, жүйелеуге болады. Солардың бірі – қазақтың қисса-дастандарындағы дәстүр жалғастығы мен сабақтастық мәселесіне орайласады. Мұның өзі эпостану саласында маңызы ерекше, көп ізденісті, теориялық дайындықты, тың тұжырымдар жасауды талап ететін күрделі проблема   саналады.

«Ләйлі-Мәжнүн» дастанының шығыстық нұсқалары», «Қазақ дастандарындағы мифологиялық ұғым-түсініктерден туған кейіпкерлер», «Шығыстық қисса-дастандардағы дәстүрлі сарындар», «Жүсіп-Зылиха» дастанының көркемдік сипаты» атты зерттеулердің басым көпшілігінде бұрын көп айтыла қоймаған жайлар, жаңа мәліметтер мен тұжырымдар кездеседі. Мысалы, араб, парсы әдебиеті мен қазақ дастандарындағы типологиялық ұқсастықтарды айту, шығыс Ренессансына қатысты сан қырлы мәселелерді қозғау, түрлі мотивтердің түп-төркінін іздестіру дегендеріңіз, шынын айтқанда, қыруар жұмыс.

Жалпы, оқу құралына енген зерттеулерде көтерілген мәселелердің ауқымы анағұрлым кең. Солардың тағы бірі – қазақ әдебиетіне нәзира үлгісі арқылы тараған туындыларға қатысты. Біз нәзирашылдық мәселесін сөз еткенде, академик М.Әуезовтің: «Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жолы еткен. Тек алдыңғының өлеңін алмай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғаларды негізінде пайдаланса да, көп жерде еркімен өзгертіп отырып, тыңнан жырлап шығаратыны болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталауын еш уақытта аударма деп танымау керек. Ол – өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді» дейтін тұжырымды пікірін басшылыққа алдық.

Кітаптағы зерттеулердің бір парасы түркі халықтары әдебиетіндегі «Хамса» жасау дәстүріне арналған. Бұл тақырыптың ауқымы өте кең екені мәлім. Классикалық әдебиет өкілдерінің қаламынан туған бес дастанның тереңнен ойластырылған көркемдік жүйе екенін, олар қалыптастырған дәстүрдің қазақ әдебиетіндегі көрінісін анықтаудың өзі оңай міндет емес. Бұл бағыттағы жұмыстар туысқан халықтар арасындағы рухани байланыс көздері ретінде, көркемдік байлығымыз болып кеткен қымбат мұрамыз ретінде ауқымды зерттеулерге ұласары анық.

Қалай болған күнде де, кітапта шығыстық қисса-дастандардың күрделі табиғатын тануға септесетін, қызықты, тартымды туындылардың мол екенін дәлелдейтін мәнді тұжырымдар мен ойлар баршылық. Дәріс тақырыптарының нақтылығы, пайдаланылған әдебиеттердің тартымдылығы студенттер мен магистранттардың назарын аударар деп үміттенеміз.

                                                                                            Пазылбек Бисенбаев,

                Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының

                                                                                               аға оқытушысы;                

Советхан Тілеубаев,

              Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының     доценті