АҚБҰЙРАНЫҢ МАХАББАТЫ
Ақбұйра – атақты Едіге бидің шешесі, каһарман ана. Сүйіндік руының Төлебай атты хас батыры ХVІІ ғасырдың тұсында Ташкент маңындағы бір шайқаста Беглербектің қолына тұтқын болып түседі. Сонда жүріп Сары атты қызметшісімен достасады. Сол досы арқылы Беглербектің қызы Ақбұйрамен танысып, екеуінің көңілі жарасады. Біраз уақыт өтеді. Төлебайды елге қайту ойы мазалайды, бірақ, ол Ақбұйраны қиып кете алмай қиналады. Бірде Ақбұйра Төлебайға жүкті болып қалғанын сездіріп, оның аманында елге қайтуын сұрайды. Ондағы ойы əкесі бұларды өлім жазасына бұйыратыны хақ, сондықтан да, бұл қатерден Төлебайды сақтап қалу. Төлебай көнгісі келмейді, Ақбұйра мен Сарыны тастап кетуге қия алмайды. Осы себепті, жолға үшеуі бірге шығуға келіседі. Ұзақ жолға əзірлік жүріп жатады. Екі-үш күндік серуенге шығатын сылтаумен зым-зия жоқ болып кетіп қалмақ. Төлебайдың еліне жетеміз деген шешімге тоқталады. Бұлар ұзақ жол жүріп, ел шетіне келе бере Ақбұйра босанып, ұл туады. Оның атын Еламан қояды. Арада біраз уақыт өткенде, Ақбұйраның дүниеге екінші ұлы келеді. Оның атын Едіге қояды. Бұл атақты Едіге, «Ердің құның екі ауыз сөз шешеді» дейтін бала би, бүкіл қазаққа əйгілі болады. Ақбұйраның қаһармандығы біріншіден, қазақтың тұтқын батыр жігітіне еріп келгендігі əрі дүниеге Едіге сияқты дананы əкелуі дегіміз келеді. Ақбұйра сияқты қадірлі анамызды құрметтеп, басына ескерткіш орнату ұрпақтарының алдындағы парызы деген ойдамыз.