ТЕҢІЗ КӨКЖАЛЫ

Таңжарық БекдәулетовКел, сырласайық

 

ТЕҢІЗ КӨКЖАЛЫ

ТЕҢІЗ КӨКЖАЛЫ атанған батырымызға бір бір лайк. Біле жүріңіздер. Барынша таратыңыздар. Бар Қазақ көрсін, білсін. Біз Қазақ, батырымыз көп елміз!!!!

 

 

Есбол МахисовӘр Qazaq бай болсын…

5 мая, 08:56  ·

Иқаров Қуанғали Жұмалыұлы..

Қазақ ұлтынан шыққан (әрі бүгінгі кезге дейінгі жалғыз) тұңғыш сүңгуір қайық капитаны.

КСРО-ның Әскери-Теңіз флотының 1-ші ранга капитаны.

Қуанғали атамыз Атырау облысы, Исатай ауданы, Сарытөбе деген жерде 1923 жылы дүниеге келген.

Жалпы Исатай ауданы Каспий теңізінің жағалауындағы аудан ғой.. Бала күнінен теңізге құмартып өскен бала, 7-жылдық мектепті бітірген соң Баку қаласындағы Теңізшілер техникумын оқуға түсіп, бітіріп шығады..

1941 жылдың қыркүйек айынан бастап, теңіз-жаяу (морской пехота) әскер құрамында Севостополь қаласын қорғау ұрыстарына қатысады.

Теңіз-жаяу әскер құрамында барлаушы бола жүріп, кейін взодын командирі болады..

Новороссийск, Керчь, Тамань,Туапсе, Армавир, Темрюк қалаларын жаудан азат етеді.

1943 жылы әйгілі Кіші Жер (Малая Земля) операциясына қатысып, Қара теңіз флоты құрамында жарты арал плацдарымна десант боп түсіріледі. Сол ұрыстағы ерлігі үшін сол кездегі КСРО-ның екінші ордені саналатын Ленин орденімен марапатталады.

Айтпақшы сол ұрыстардың бірінде, кейін КСРО хатшысы болған, сол кездегі танк батольонының командирі Леонид Брежневті жаралы күйінде ұрыс даласынан алып шығады,құтқарып.

Соғысты 1945 жылы Берлинде аяқтады. Соғыстағы көрсеткен ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Данқ, А.Невский, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталады.

Г.Жуков өз қолымен Суворов орденімен марапаттаған.

24-ші маусымда өткен Жеңіс шеруіне қатысады.

Соғыстан соң Ленинградтағы Жоғарғы Әскери-теңіз училищесін бітіріп Тынық мұхит флотында әскери міндетін өтейді.. Владивосток жоғарғы командирлық курсын және бітіріп алып “Щука”-сүңгуір қайығының капитаны боп қызмет атқарады.

1950 ж басында Шығыс-Қытай теңізіндегі әскери қақтығыстарға қатысады.

Сол кезде КСРО жаңа құрылған Қытай социолистік мемлекетін қолдаған болатын. Ал АҚШ Шан-Кайши үкіметін қолдады.

1951 жылы Қуанғали атамыз басқарған “Шортан”- сүңгуір қайығы Шанхайды шабуылдап жатқан АҚШ әскери-теңіз күштерінің мақтанышы (6-флот) “Техас”-линкорын суға батырады.

Осы ерлігі үшін Қытай үкімет басшысы Дэн Сяпиннің қолынан қытайдың жоғарғы наградасы “Қызыл Ту”-орденімен марапатталады.

1954-57 жылдары Алжир-француз соғысында азаттыққа ұмтылған Алжир халқына көмекке барады.. Ол өзінің “Шортан”-сүңгуір қайығымен Жерорта теңізінде Алжир жағалауын, француз әскери кемелерінен қорғайды.. Осы қызметі үшін Алжир үкіметі Қуанғали атамызды Алжирдің 1-ші дәрежелі “Ерлігі үшін”-орденімен мараппаттайды.

1960 жылдары әскер қатарынан отставкаға шыққан соң көп жылдар “АТ-312”-алысқа жүзу танкері капитаны боп қызмет атқарады..

Кейін Калининград әскери-теңіз училищесінде, Астархань теңіз училищесінде, Атырау теңіз мектебінде жас буын-теңізшілерге дәріс беріп 1984 жылы зейнетке шығады.

2009 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті..

 

190190

Комментарии: 3

Поделились: 11

Нравится

Комментировать

Поделиться

Комментарии: 3

Показать ещё 2 комментария

Все комментарии