ҚЫТАЙДАҒЫ ХАКАСТАР ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

Көкбөрі Мүбарак

Амир Молдабеков

Сегодня, 0:22

Кому: вам

ҚЫТАЙДАҒЫ ХАКАСТАР ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

 

Қытайдың ең шығысындағы Қара-Айдағар өзені(Хилұңжияң, 黑龙江)өлкесіндегі хакастардың осыдан 11 жыл бұрынғы саны 2 мыңға жуық. Олардың ішінде 1475 хакас Хилұңжияң өлкесінде, 153 хакас Ішкі Моңғол автономиясында, 10 хакас Жилин өлкесінде, 45 хакас Ляуниң өлкесінде тұрады.
Олар бұл араға қалай келді десеңіз, Жоңғар хандығы мен Цин империясының арасындағы бір шайқаста Цин әскері хакастардың бір бөлімін айдап әкеліп осы өңірдегі Үйір өзенінің бойына орналастырған. Кейін осы Үйір өзенінің атауы негізінде Фуиүй(Бай Үйір) ауданы құрылды. Хакастар осы ауданның Жетіүй және Бесүй деп аталатын екі қыстағында тұрады. Қытай үкіметі оларды бөлек ұлт ретінде жазбай, оларды Шығыс Түркістандағы қырғыз ұлтының қатарына қосып есептеп, азаматтық куәліктеріне түгел қырғыз деп жазған. Олардың қырғыздардан айырмасы ислам дініне емес, шаман дініне сенеді. Тілдерінде араб-парсы сөздері аз болып, тілдері көне түркі сөздеріне бай болған. Қытай ғалымдары олардың түркінің ескі бай тілін молынан сақтағандарына таңғалған. Алайда, осы саны аз халық іргесіндегі қалың моңғолдың тіліне бейімделіп, күн сайын хакас тілін білетіндер азайып отырған. 1980жылдардан кейін ересек хакастар моңғол тіліне бейімделсе, оқушылары қытай тілінде сабақ ала бастаған. 2006жылы хакас тілін білетін 22 адам ғана қалған. 2017жылы хакас тілін білетін 15 адам ғана қалды. Осы 15 адамның бесеуі хакас тілін жетік біледі, олардың бәрі жасы жетпістен асқан қарттар. Ал, қалған 10 адам хакас тілін терең білмейді, қарапайым түрде ұғынады. Бұл 10 адамның жасы түгел 60 жастан асқандар.

Фотода: қырғыздың бас киімін киіп отырған хакас қызы

Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы

Отправлено из Mail.ru для Android

Ответить

Переслать

Предложить звонок