Орыс патшасы бейбіт елді, ер-азамат, бала-шаға, үлкен деместен тып-типыл етіп өлтіріп, тірі қалғанын бауыздап, орман ішін қанға бөктірді

Орыс патшасы бейбіт елді, ер-азамат, бала-шаға, үлкен деместен тып-типыл етіп өлтіріп, тірі қалғанын бауыздап, орман ішін қанға бөктірді.

 

Орись патшасы Ібір-Сібірдің шегі-шетсіз, ұланғайыр тайгасын жайлаған қара орман қазақ жұртын, Көшім хан 36 жыл иелік еткен Қазақ-Сібір мемлекетінің ауылдарын бір-бірлеп, шетінен жойып,

Еуропадан әкелген атыс қаруларымен мұздай қаруланып, соның арқасында бейбіт елді, ер-азамат, бала-шаға, үлкен деместен тып-типыл етіп өлтіріп, тірі қалғанын бауыздап, орман ішін қанға бөктірді. Жас қыздарымыз бен келіншектерімізді итше талап, қатын қылды.

Ондай жауыздықты  адамзат  бұрын көрген де, естіген де емес. Бұл көшпенді өмірдің қазаққа келтірген ең соңғы сұмдық апаты болды. Бір-бірлеп, ауыл-ауылды шетінен, асықпай, қырып шығу..

.Бізге күні бүгінге дейін әдебиетімізде жаттатқызыып, дәріптеткен Ермак,  атаман Анненковтар,т.б.ана жағынан қандас, іштен шыққан шұбар жыландар еді.

Осы саясатты қызыл коммунистер де асқан аярлықпен, шеберлікпен,  басқаша жолмен жалғастырды. Қазақтың алдындағы жалғыз күнкөрісі малын тартып ап, ашаршылықты қолдан ұйымдастырды.

Қазақ мыңдап емес, миллиондап, қынадай қырылды. Міне, ҚАЗАҚ енді ғана тәуелсіз ел атанып, есін жиып жатыр. Ендігі жерде тұтастығын қамдауы тиіс. Біз теңізге шыққан, толқын ұрып шайқалақтап тұрған кеме сықылдымыз. Алда мұхит толқындары күтіп тұрғанын ұмытпаған жөн. Соған шыдайтын күш керек. Ол үшін қазаққа әр қазақ бауырым дейтіндей, жұдырықтай жұмылған бірлік, ынтымақ керек.

Кешегі Әзербайжан-Армян оқиғасы бізге осыны үйретті, сабақ. Қытай мен Ресейдің арасы, Еуразияның өтінде тұруды жазыпты.

ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ жасай бер! ТҮРКІ ОДАҒЫ жасай бер!!!

Мың өліп, мың тірілген, СЕН, аман болшы!

Өркениет төрінен дамыған, өркен жайған, күшті мемлекет ҚАЗА РЕСПУБЛИКАСЫН көруді менің ұрпағым көрсе екен деп АЛЛАДАН шын жүрегімнен тілеймін!!!