Қазақ қызына қырғыз жігіті ғашық
Қазақ қызына қырғыз жігіті ғашық болып, сезімін білдіргенде, қазақ қызының айтқан сөзі:
⠀
-Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.
Еліңізге келін болман, себебі:
Том-тарихты ақтарғанда болашақ
Қазақ болып қалу керек дерегім.
⠀
Бастарында болғаннан соң «бостандық»,
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.
⠀
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,
Қазағыма жасамаймын қастандық …
⠀
Ұрпағымды сүйгенмен,
Ұлтым үшін күйгенде,
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы.
Әйел-ердің қабырғасы білгенге,
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.
⠀
Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де
«Қабырғаңыз» болғасын.
Достық туын желбіретсек…
Достық сөзі сүйерім!
(Адал дос деп сізге басты иемін).
⠀
…Өзге ұлтта алынбаған өшім жоқ,
Өз ұлтымды «өзгешелеу» сүйемін.
Сондықтанда, қазақ болсын күйеуім!