Хан Кенеге неге тиісе бердің қазағым?
Бір кезде Кенесары күллі қазаққа хан боламын атқа мінсе ондай тарихқа тек қуану керек қой.
Өйткені тарих ғылымында хан – патшалар династиясының жалғасуы – мемлекеттіліктің жалғасуы боп саналады.
Хан болғасын оның әскері болады, байрағы болады, мемлекеттіліктің нышандары болады дегендей…
Тағы оның елшіменен жаушы келер ордасы болады, ал Орда дегеніміз көшпенділер үшін ұлыс, яғни мемлекет. Ол кезде мемлекетті тек хан, монарх, патша корольдер құрған ғой.
Тарихымызда соны бір кезде қалпына келтіремін деген мақсатпен бес қаруын асынып күрес жолына түсіп талпынған бір баһадүр бабамыз болған екен, сол тарихқа қазір басқа қырынан, яғни мемлекеттілік тұрғыдан қарап обьективті баға беретін кез келген жоқ па.
Неге өз ауыл маңынан бастарыңды қылтитып Хан Кене тарихына тас лақтыра бересіңдер?
Мисалы, орыс тарихында Иван Грозный деген патша болған екен, оны білесіздер.
Тарихи деректерге қарап отырсаңыз, ананың құдай сүйер қылығы жоқ.
Сол Грозный өзен жағасында саяттап жүріп өзенге су алуға келген орыс мұжықтарына өз аюларын айтақтап салып, аюлар талап жатқан мұжықтардың ойбайлағанын көріп көзінен жас аққанша күліп, соны ермек етіп одан кәдімгідей ляззат алады екен.
Ал өлген мұжығын жоқтап артынан келген халыққа сылдырлатып қарабақыр тиын – тебен ұстатып аналарды мәз – мәйрам ғып жібереді міс.
Грозный жалпы әмірші ретінде қорқақ, аяр, қатыгез адам, психикалық ауытқушылығы бар князек болған екен. Билігін қызғанып өз баласын да өлтіріп жіберген екен.
Қырым ханы өзіне жорыққа шыққалы жатыр дегенді естіп, Иван князь дереу тағынан түсіп орнына Сайын Бекболатұлын қойып жанын сақтап, кейін оны аярлықпен өлтіріп қайта орнына отырыпты.
Ананың тарихын оқып отырсаңыз, жүрген бір кесапат.
Оны да орыс тарихшылары күлбілтелеп ақтап алды.
Сол Грозныйға бүгінгі орыс шық жуытпай басына көтеріп Ұлы Патша деп әлдеғандай қылады.
Тарихи деректер шын мәнінде Қазан қаласын бағындырған Грозный емес, Қасым хандығының сұлтаны Шах Әли деп отыр. Еуропалық Ливондармен соғысқан да Грозный емес, Шах Әли сұлтан деп отыр.
Анау Грозный патша боп та жорық бастап қарық қылмаған.
Баяғыда дәл Мәскеудің түбінде Звенигород қаласын орталығы қылған Қасым хандығы деген құдіретті көшпенділер хандығы болған. Ол қалада бір кезде біздің Ораз Мұхаммет хан да билік құрды. Ол қалада Қасым хандығының тұтас әскери гарнизондары тұрған. Кейін Петрдың тұсында (1718 жылы) ол хандық әлсірегенде орыстар оны тып – типыл ғып жойып, Екатерина патшайым тарихын өртеп оның тарихын өздеріне жазып алды. Яғни, осы Грозныйға жазып берді. Қазір ол хандық туралы өзгертілген көшірмеден басқа түк дерек таппайсыз.
Бүгінгі орыс сол тарихын қызғыштай қорып отыр.
Себебі патшалар тарихына тиісуге болмайды. Хан – патшалар тарихы – тұтас мемлекеттің, халықтың тарихы. Кейінгі мемлекетшіл ұрпақ оның жақсысын асырып, жаманын жасырып отыру керек екен.
Өзгелер осылай жоқтан барды жасап, оны ұлықтап, ноқай патшаларына шаң жуытпай отырғанда біздегі білгіштер неге 19 ғасырдағы ортақ тарихқа өз ру – тайпаларының деңгейінде ғана баға беріп Кенесары тарихына тиісе береді, мен соны түсінбеймін?
“Ойын білмес бала шешесінің артын шұқып ойнар”‘ демекші, осындағы білгіштер дәйексіз бірдемені оқып алады да, өзі бұл дүниеден опа таппай кеткен бабамызға бүйідей тиеді.
Әрине, Кененің де қателігі көп болды. Ол қателеспесе жеңілмейтін еді. Бірақ ол жауынан жеңіліп тұрып оны жеңіп шыққан адам. Түбі оның идеясы салтанат құрып біз бөлек мемлекет болып отырмыз.
Меніңше, Кенесары дегеніміз – көрсеткіш.
19 ғасырдағы Кенесары дегеніміз – қазақ әлі ұлт болып қалыптаспаған ру – тайпалар жиынтығы деген тұжырымның көрсеткіші.
21 ғасырдағы Кенесары дегеніміз де сол көрсеткіш.
Бізге Ванга айтты деп Кенесарының басын іздеп шапқыламай алдымен Ханның идея – мақсатын түсініп, оны күллі қазақ ортақ ханымыз деп мойындау керек екен.
Мәселе ағарған сүйекте емес, саңылауында сәуле жоқ көкіректе.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.