Хиуа ханы Сырымға үш рет шақыру жібереді

Хиуа ханы Сырымға үш рет шақыру жібереді

 

Хиуа ханы Сырымға үш рет шақыру жібереді. Екі шақырғанда ел ақсақалдары, Алдар, Малайсары, Қоске билер : ,,Барма, барсаң жазым боларсың, сау қайтпассың,,- деп жібермейді.
Үшінші шақырғанда Сырым ақсақалдар мен билерге: ,,Қорыққаннан келмей жатыр деген атаққа қалармын, барайын,, – дейді.
Ақсақалдар: ,,Баратын болсаң, әлде қандай заман болады, жаныңа 30-40 жігіт ертіп ал,, – дейді.
Сырым: ,,Мені шабысуға емес, табысуға шақыртып жатыр ғой. Қорыққан  адамдай жасақпен жүргенім ұят болар, қасыма Дәуқараның баласы Есқараны алсам жарайды,,- дейді.
Сонымен Сырым Хиуаға аттанады.
Сырым жолда Есқарадан: ,,Тарланыңды бұрын бәйгеге қосып көріп пе едің?- деп сұрайды.
Есқара: ,,Жоқ, бірақ киік қуғанда екеуін бөктерлеп, үшіншісін өкшелеп соғатын едім,,- дейді.
Сырым : ,,Шаршы топта күреске түсіп көрдің бе?”- деп сұрайды.
Есқара: ,,Жоқ, бірақ үш жылғы қу тобылғыны бұрағанда майын шығарып, сусындаушы едім,, -дейді.
Барғасын Хиуа ханы: ,,Сен кімсің ?”- деп сұрайды.
Сырым: ,,Сырыммын,, -дейді.
Хан: ,,Қай Сырымсың?”- дейді.
Сырым: ,,Дана Сырыммын, молда Сырыммын, мырза Сырыммын, бай Сырыммын, батыр Сырыммын,,- дейді.
Хан: ,,Бір өзіңе мұнша бес атақты қалай алдың?”- деп сұрайды.
Сырым:
Көп ойлаған дана болады,
Көп оқыған молда болады
Барын аямаған мырза болады.
Малын аямаған бай болады.
Жанын аямаған батыр болады!- деген екен.
Жалғасы бар