Атлақ шайқасы.

Атлақ шайқасы.

«Ислам дінінің қазақтар арасында тез тарап қана қоймай,халық арасында зор беделге ие болуына Талас өзенінің бойында болған шайқаста Араб әскерлерінің Қытай әскерлерін күйрете жеңуі себеп болды дейді»-Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыз,өзінің «Ислам бейбітшілік және жасампаздық дін» атты кітабында.

Арабтар ардақтап бас иген, батылдығы үшін «Абу Мұзахим» яғни «Сүзеген»-деген лақап ат беріп, құрметтеген әйгілі Түркеш қағаны Сүлік (Сұлық,Сұлу) опасыз-сатқындар кесірінен 738 жылы қаза табады.
Өзінің қолбасысы Баға тарқан мен мыңбасы Тумачы қағанға сатқындық жасап,оны қытайларға ұстап беріп, өлтіртеді.
Осы кезден бастап түркештер «сары және қара» түркештер боп екіге бөлініп, тақ үшін бір-бірімен қырлысты.
Бұл қағанаттың әлсіреуіне әкеп соқтырды.
Түркештер арасындағы тұрақсыздық арабттардың Орта Азияға дендеп кіруіне және шығыста қытайлардың түркі аймағына енуіне жол ашты.
Бұл кезде шығыста Тибеттіктер мен Тан империясы арасындағы соғыс аяқталып, Тан империясы Памир, Гималай бөктері мен Шығыс Түркістанды жаулап алған болатын.
Ендігі кезекте Жібек жолының бойындағы Орта Азия қалаларын бағындырып, сауда жолында жатқан  көп қалаларды уысында ұстау болатын.
Түркеш қағандығының әлсіреуі, ішкі соғыстар, осы кезге дөп келді.
Таң империясының қолбасшысы, нәсілі кәріс Гао Сян Чжэ генерал,түркештерді талқандау үшін  Ферғана әмірі Ихсадпен одақ құрып 750 жылы Шаш (Ташкент) шаһарын аттанады.
Жорыққа аттанар алдында Гао Сянчжэ өз елшілерін түркеш бегі Шыбашқа жіберіп, одақ құрып, соғыспауға анттасып алады.
Бір жағынан арабтармен соғысып, бір жағы ішкі қақтығыстардан әлсіреген түркеш бегі Шыбаш, қытайлықтардың өзіне қарсы жорыққа шығарын мүлдем күтпеген болатын.
Қытайлар осылайша түркілерді алдап соғып,Ташкентті басып алып,түркеш билеушісін қолға түсіреді.
Бұл сәтті жіті бақылап отырған араб билеушісі,Хорасан губернаторы Аль-Муслим «Жібек жолы» бойындағы қалалардан өз үлесін қарпып қалу үшін қазақ даласына аттандыруға әскер жасақтай бастайды.
Араб тарихшысы әль-Мақдиси өз жазбаларында «Шаш шаһарының бекзадасы (Шыбаштың ұлы, аты көрсетілмеген) арабтардан Ташкент шаһарын қайтарып беруді өтініп,көмек сұрады»-деп жазды.
Ата жауының алдына барып көшпенділердің еш уақытта жығылмайтынын қайдан білсін?
Бұл кезде Алтайдан ауған түркілер (қарлұқтар) өз алдына көше қонып, Жетісуды жайлап, туыстас түркештерді құрамына қосып,біраз күшке ие болып қалған еді.
Оның алдында Қарлұқтар Тан империясының Тибетке жасаған жорығында қытайлармен одақ болып,Тан империясының негізгі атты әскер қосынын құраған болатын.
Ташкент жорығынан бір жыл өткеннен кейін,яғни 751 жылы Зияд ибн-Салих бастаған 60 мың араб әскерінің Бұхарадан бері өткенін, сол әскердің 20 мыңы әйгілі Йемен атты әскері екенін естіген генерал Гао Сянджэ, түркі-қарлұқтарға елші шаптырып, арабтарға қарсы одақ болуға шақырды.
Гао Сянджэ 50 мың қолмен Ташкентке қарай жылжиды.Жолай оларға Тибеттіктер мен ферғаналық 20 мың қол қосылып, Талас өзенінің бойына кеп шеп құрады.
Олардан бір көш жерге Шешік қолбасшы бастаған 30 мыңдық Қарлұқ-Түркеш қолы келіп жайғасты.
Қарлұқ пен Түргеш (бүгінгі Дулат пен Найман, Арғын мен Адай,Қоңырат пен Қыпшақ т.б секілді) бір тілде сөйлейтін, бір Тәңірге сыйынған туыстас тайпалар тұғын.
Кезінде Қарлұқтар Түрік қағанатының құрамында болғанда,талай қытайларға қарсы Түркештермен бірге, қанаттаса соғысқан болатын.
Хош,
сонымен 751 жылы шілде айында араб пен қытай қосындары Атлақ қаласы маңында бір-бірімен бетпе-бет келіп соғысады.
Сол кездің тарихшылары: «бұндай кең көлемдегі, зұламат шайқас бұрын соңды болмаған, Талас өзені қанға толды»-деп жазды.
Екі алып империя (қытай және араб) стратегиялық маңызы бар қалалар үшін, геосаяси тұрғыда тиімді Тұран аймағы үшін кескілескен ұрысқа кірісті.
Адам денесіне кірш-кіріш кірген найзалар, сусылдап осып түскен қылыш, оқ тиіп бақырған түйелер (арабтар ұрысқа түйе мінген) мен кісінеген жылқы даусы, өлер алдында «Аллалап» боздаған арабтар, жан берерде шыңғырған қытайлар, майдан даласында жараланып, ат тұяғына тапталған сарбаздар даусы Атлақ даласын азан-қазан қылды.
Қарлары талып-қалжыраған жауынгерлер, жарасын ауырсына ыңырсыған жаралылар даусыда түнімен толастамайтын.
Қанды-кескілескен шайқас бес күнге созылды.
Ұрыс тағдыры шешілді, арабтар тас-талқан боп жеңілді.
Араб қолы соңғы күні кейін шегінді.
45 мың сарбазы опат болды.

Бес күннен бері Шешік бастаған қарлұқ әскері ұрысқа кіріспей сыртай бақылап тұрды.
Соғыс дабылына үйренген көшпенділер жылқысы,құлақтарын қайшылап тағатсыздана ойнақшып, ұрысқа салуын сұрағандай ауыздығымен алысуда.
Екі жақтың да басқыншы екенін ұққан қарлұқ сарбаздары, үзеңгіге аяғын кере тіреп,қолбасшы бұйрығын күтуде.
Сүлік қағанның қытайлықтарда кеткен кегі алынбағанына іштей күйінген түркештер «Ия,Сәт! Ия,Әруақ!»-деп іштей күбірлеп «Аттан» деген дабылды тосуда.
Арабың да Қытайыңда жаулаушы дұшпан екенін жан-тәнімен ұққан Шешік қолбасы «бірің өліп-бірің қалың» деген қағиданы ұстанып,екі жақтың бір-бірін кескілеп әлсіреуін күтуде.
Күткеніне міне бесінші күн.
Күн төбеге келгенде қансыраған араб әскерлері кейін шегінді.
«екі қоянды бір оқпен атып алу» стратегиясын мықтап ұстанған көшпенділер, уақыттың келгенін шын ұқты.
Ұрысқа сусаған 30 мың қол,Қытай әскерінің шебіне жақындап барып, тізгінді жіберді.
«Ия Тәңір, Әруақ,Әруақ! Ұр-Ұр!»-деп қиқулап,ұрандатқан көшпенділердің 30 мың қолы,қытайлардың ту сыртынан кеп дауылдай соқты.
Әп-сәтте қытай шебін ойсыратып жіберді.
Күн бесінге ауа, қытай әскерлері ұрыс даласын тастап қаша бастады.
Көшпенділердің атты әскері қытай сарбаздарын ат бауырына алып, қашқанын ұзатпай бауша түсіріп, күн батқанша ойранды салды.
Генерал Гао Сянджэ мың қаралы шеріктерімен қоршаудан сытылып шығып, қашып үлгерді.
Қарлұқтардық жасаған қанды қасабына арабтар қатысқан жоқ,олар өз шептеріне шегініп кеткен болатын.

Атлақ даласында болған сол кездегі ең алапат шайқас осылай «арабтардың» жеңісімен аяқталды.
Араб тарихшысы Ибн аль-Асыр өзінің «Китаб аль-Камил фит-т-тарих» кітабында:
«бұл сұрапыл шайқаста Қытайлар 70 мың әскерінен,ал арабтар 50 мың әскерінен айрылды»-деп жазды.
Бұл жеңіс арабтың атынан тойланды.
Осы шайқастан екі жыл өткеннен кейін,әйгілі араб қолбасшысы Зияд ибн Салихты «халифқа опасыздық жасады»- деген желеумен басы шабылды.

Қарлұқ пен Түркештің ұрпақтарына:
«Аталарымыз мұсылман болғандықтан,арабтарға көмектесті»-деп оқытты.
Өзін мұсылман санаған көп қазақ: арабтармен осы шайқаста аталарымыз бір болған деп мақтана айтып жүр әлі.
Өзін: «мұсылманмын!»- деп санайтын әр қазақ «Ислам діні қазақ даласына 751 жылдан бастап келді»- деп мәз болды.
Бұл шайқастан кейін қытайлар да,арабтар да Тұран даласына қайта аяқ баспады.
Әлсіреген арабтар Иранға шегінді.
Одан кейін өздерінің ішінде азамат соғысы басталып кетті.

АТЛАҚ ШАЙҚАСЫ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАР ДА ЖАЗҒАНДАРДА БІР НӘРСЕНІ ҚАПЕРІНЕ АЛМАДЫ.
ОЛ ШАЙҚАСТЫҢ ҚАЛАЙ ШЕШІЛУІ, АЯҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ БОЛЖАМ.
ЕГЕР БҰЛ ШАЙҚАСТА АРАБТАР ҚЫТАЙЛАРДЫ ТАС-ТАЛҚАН ЕТІП ЖЕҢГЕНДЕ ҚАРЛҰҚТАР АРАБТАРДЫҢ ТУ СЫРТЫНА ШЫҒЫП, ОЛАРДЫ ШАБАР ЕДІ.
ӨЙТКЕНІ ЕКЕУІДЕ ЖАУ.
ҚАЙ ЖЕҢГЕНІН АҢДЫП ТҰРДЫ, БІР-БІРІН ӘЛСІРЕТУІН КҮТТІ.

Осы әйгілі Атлақ шайқасынан кейін Қарлұқтар өз қағанатын құрып,тарих сахнасына шықты.
Түркештер тарих сахынасын босатып беріп, арабқа дес бермеген әйгілі қағанаты құлап, бір бөлігі Қарлұқ-Қарахан қағандығының құрамына кірсе, бір бөлігі болашақ «Шыңғысхан империясын» құратын ұрпақты өрбітуге шығысқа қарай жөңкіле көшіп бара жатты.

PS

Мен бала күнімде Әбсаттар Дербісалиевтың жазған бір кітабын оқығам.
Кітап қалай аталатынын ұмыттым.
Шамамен 1985 ж Совет үкіметінің дүрілдеп тұрған кезінде шыққан кітап.
Онда:
“Мұхаммед пайғамбар ешқандайда пайғамбар емес, өтірікші.
Құран ешқандай көктен түспеген, оны құдықта отырғызып адамға жаздырған.
Құран жазылып біткенде, кітапты алып алып, ішіндегі адамды шығармаған.
Жұртқа: құдықта шайтан бар, нанбасаңдар қараңдар,сосын оны таспен атыңдар!- деп, ана байғұсты таспен көмдіріп тастаған, сыры ашылмау үшін-деп жазыпты.
“Шайтанды таспен ату содан бастап шыққан”-дейді кітапта.
Қысқасы Исламды қаралап жазады.
Сүйткен ағамыз 10 жыл өткеннен кейін Исламның қорғаушысы боп шықты, тіпті ҚМДБ бас мүфтиі де болды.

 

 

Отправлено со смартфона Samsung Galaxy.