АРАП ПЕН ТҮРКІЛЕРДІҢ СОҒЫСЫ.

 

 

АРАП ПЕН ТҮРКІЛЕРДІҢ СОҒЫСЫ.

Түркілер мен арабтар еш уақытта  соғысқан жоқ дейтін санасыз “құлдарға” айтарым:

VIII ғасырда бүкіл батыс пен шығысты жаулаған араб халифатының сарбаздары қанды қылыштарын сүйретіп,Хорасан (Иран) мен Кавказды қанға тұншықтырып, Орта Азияны жаулауға кірісті.
Араб әскері соғыс ісіне әбден машықтанған, өлімнен қорықпайтын зомбилардан құралған, өлім дегенді «ЖҰМАҚҚА апарар төте жол»- деп түсінетін таза фанатиктер болатын.
705 жылы араб қолбасшысы Кутейба ибн Мүслим Хорасанды халифат құрамына толықтай қосып, 707 жылы “қос өзен ортасындағы елді” яғни қазіргі Өзбекстанды жаулауға кірісті.
709 жылы Бұхараны бағындырып, өз әскерін Ауған жері мен Пәкістанға бұрды.
Кутейбаның негізгі мақсаты қазіргі Қазақ даласын жаулау болатын,бірақ араб әскерлерінің «ат құлағында ойнайтын, ат үстінде шауып келе жатып, бармақтай теңгені атып түсіре алатын, шетінен мерген көшпенді жұртты”  бағындыра алмасын сезді.
Ежелгі дәуірдегі Кир патшадан бастап парсылар да талай мәрте бағындырғысы келіп, әскері қырылып, патшалары бастарынан айрылып, түк бітіре алмағаны жұртқа аян, тарихта жазулы.
Кутейбаның бұны білмеуі, хәм естімеуі тіптен мүмкін емес еді.
Сол реттен қанқұмар әскерінің «қанға қанбаған шөлін басу» үшін әскерін оңтүстікке алып кетті.
7011 жылы арабтар пакістанның Синд аймағына дейін жаулап алды.
(Кутейба ибн Малик сол жорықтан кейін Синд аймағынан бүгінгі Ходжалардың ата-бабасын Хорасанға әкеліпті-мыс)

Исламды қазақ даласына енгізуге талпынған арабтарды аз-маз сөз ете кетейін:

Алланың сүйікті құлы, пайғамбардың ісін жалғастырушы Кутейба ибн Малик 715 жылы халифатқа қарсы шыққаны үшін, өлтірілді де оның орнына Ирак губернаторы болып Масламан Абдул-Малик тағайындалды.
719 жылы  Мавераннахр (қазақша “қос өзен арасындағы жұрт” қазіргі Өзбекстан) халқы қазақ даласын мекендеген Түркеш билеушісі Сүлік (Сұлу)  қағанға араб басқыншыларынан құтқаруды өтініп хат жазады.
720 жылы бауырлас түркілерді азат етпекке Сүлік қағанның қосындары Трансоксианаға аттанды.
721 жылы Самарқанд түбінде арабтың 60 мың қолын бастаған Сайд Абдул-Азиз (лақап аты Хуйзела) бен 40 мың қолды бастаған түркеш қолбасшысы Көл-Шар кездеседі.
Ұрыс екі күнге созылады.
Бұл соғыста арабтар тас-талқан боп жеңіліп, қалған әскерімен Сайд-Хуйзела Хорасанға қашады.
Түркештер Самарқанд пен Бұхараны азат етіп, кейін өз даласына оралады.
Түркілерден қашып кеткен Сайд –Хуйзеланы орнынан алған халиф Омар-II, оның орнына тәжірибесі мол Сайд ибн Амр Әль-Харашиді тағайындайды.
722 жылы Әль-Хараши жазалау мақсатында әскер шығарып, қайтадан Самарқанд пен Бұхараны басып алады.
Кейін жаңа келген халиф Яезид II-ге кезінде істеген сатқындығы бары анықталып, Әль-Хараши орнынан алынады.
Оның орнына жаңа қолбасшы қып Мүслім ибн Сайдты тағайындайды.
724 жылы Мүслим ибн Сайд 40 мың әскермен Ферғана алқабында түркеш қағаны Сүлікпен кездеседі.
Кескілескен ұрыс болады.
Арабтар тағыда тас-талқан боп жеңіледі.
Мүслим ибн Сайд қалған-құтқан әскерімен әзер дегенде құтылып,арып-ашып Самарқандқа жетеді.
Түркештердің бұл жеңісі тарихта «Кекке шөлдеген күн»-деген атпен қалды.
Осы аралықта арабтарда жаңадан халиф ауысты.
Жаңа халиф Хишам ибн Абдул-Малик 724 жылы түркеш қағаны Сүлікке елші жібереді.
Онда ол түркештердің Исламды қабылдауын және соғысты тоқтатып одақ болуын сұрайды.
Сүлік қаған жауабында:
түркештер Тәңір сенімінде, керек болса арабтар Тәңірге сыйынсын! Біздің Құдайымызды қабылдамайтының секілді, бізде сенің Құдайыңды тануға құлшынбаймыз.
Тірі тұрғандарыңда елдеріңе қайтыңдар, біз сендердің жерлеріңе барған жоқпыз!-деп сәлем айтып жібереді.

Түркештердің өлсе де Исламды қабылдамайтынын білетін халиф, Исламды қылыштың жүзімен орнатпаққа және шығыс экспанциясын аяқтау үшін әскер жасақтайды.
Ол Хорасан губернаторы қып Джунейд ибн Абд әль-Мурриді тағайындады.
Джунейд 40 мың әскерді жасақтап, әскербасы Савра ибн әль-Хурды бас етіп, түркеш қағаны Сүлікке қарсы аттандырады.
Өзі арабиядан тағы әскер сұратып, Иранда қалады.
728 жылы Савр ибн әль-Хурр бастаған араб әскері Бұхара түбінде түркештермен ұрыс даласында кездесіп, тағы ойсырай жеңіледі.
Түркеш қағаны Сүлік Бұхара қаласын арабтардан босатады.
Савр ибн әль-Хурр аман қалған 15 мың қолымен Самарқандқа келіп бекінеді.
Және Хорасан губернаторы Джунейдке жаушы шаптырып, көмекке әскер жіберуін сұрайды.
Хорасан губернаторы өзі 50 мың әскерді бастап Самарқандқа аттанды.
731 жылы Түркештер олардың жолын тосып Тақта-қараша асуында араб әскерін күтіп алады.
Соғыс үш күнге созылды,қан судай ақты.
Бұл кезде түркештердің артқы жағынан шабуылдауға Савр ибн әль-Хурр өзі бастап 15 мың әскермен Самарқандты тастап шығады,оның бұл әрекетін сезген түркештер Савр әскерін қоршап алып құртып жібереді.
Аман-есен мыңға тарта араб құтылады, Савр ибн әль-Хурр бастаған қалғандары түгел қырылды.
Бұл кезде Тақта-Қараша асуында ұрыс қызып жатқан болатын.
Араб тарихшысы ат-Табаридің жазуынша бұл соғыста арабтар 28 мың әскерінен айрылады.
Түркештер 10 мыңдай жауынгерін жоғалты.
Қыстың ерте түсуіне байланысты, көшпенділер өздеріннің сахарасына шегініп кетті-деп жазды.
Осыдан кейін арабтар қазақ даласына аяғын баспайтын болды.
Толықтай әлсіреді.

Әлсіреуіне себеп болған тағы бір оқиға 731 жылығы Хазарлар мен Арабтардың соғысуы еді.
«Арда-бел» деген жерде Хазар әскері мен арабтар кездесіп, қырғын ұрыс үш күнге созылады.
Хазарлар Каспий теңізінің солтүстігін мекендеген,түркі тектес тайпалар болатын.
Хазар түмендерін 25 жасар қағанның ұлы Баржелем басқарған.
Арабтар 30 мыңдай әскермен хазарларға қарсы шығады. Хазарлар арабтардан үш есе көп болыпты.
Үш күн ұрыс барысында қолбасы Джаррах ибн Абуллах бастаған араб әскері түгел қырылады, құтылса жүздей адам құтылған болар дейді-тарихшылар.
Хазарлар осы соғыстан кейін арабтарды түре қуып, халифаттың жүрегі саналаттын Иракқа шейін барып, кейін қайтқан.

Ал Түркеш қағаны Сүлік өле-өлгенше араб басқыншыларымен соғысып өткен, жер-суын басқыншылардан қорғаған қазақ санасында мәңгі қалар айтулы тұлға.
«СҮЛІК қағаннан арабтар қатты қорыққаны сонша,оны СҮЗЕГЕН-деп атайтын»- деп жазды араб тарихшылары.

738 ж Сүлік қаған қытайға сатылған қолбасы Баха тарханның кесірінен қаза табады.

Көшпенділерді қылышпен ала алмасын білген арабтар,қазақ даласына Исламды тарату үшін мыңдап миссионерлер аттандырды, оларды қазақтар есімдеріне сәйкес «қожалар»-деп атап кетті.

Бұның бәрі не үшін айтылып-жазылуда?

АРАБТАР ҚАЗАҚ-тың АТА-БАБАСЫНА СОҒЫС АШПАДЫ, МҰСЫЛМАН ДІНІ ҚЫЛЫШТЫҢ ЖҮЗІМЕН ОРНАҒАН ДІН ЕМЕС-дейтіндерге арнап кішкене жазылған хронология еді.
Арабтардың Қазақ даласын мекендеген ата-бабамызды қалай жаулауға келгені, соғысқаны араб тарихшыларының  жазбаларынан естісін деген ниет еді,біздегі..?!

Қожалар өздерін Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы санағанымен, ол туралы нақты дерек жоқ.
Өйткені түркілерге қарсы жүргізген соғыстардағы деректерде бірде-бір Қожаның есімі аталмайды.
(Қожалардың шежіресі бойынша)
Қожалар «аңқау елге арамза молда» болып «пайғамбар ұрпағымыз»- деп далалықтарды алдап, қазақ арасында өз беделін көтеру үшін небір «легенда» құрастырып,дін таратқаны болмаса.

Қожалар кейін Орта Азия халықтары мен қазақ арасына сіңіп кетті.
Қазіргі таңда қазақ арасында «Қожа»-деген ру бар, әдеп-ғұрпы да қазаққыланды.
Қазақ халқының  өркендеуіне ат салысып жүрген,бүгінгі қазақ Қожаларының орны бөлек.
Қожалар қазақ арасында Сопылық ілімін қалыптастырды.
Сопылық тарикат ақидасының 80 пайызы Тәңір сенімінен тұратынын бірі білсе-бірі білмейді.
Сопылардың өзі оны жоққа шығарады,бірақ «Әруақ»-дегеннің таза Исламда жоқ екеніне ешкім таласа тудыра алмас.
Сопылық түсінікте:
Жаратушы Алламен байланыстыратын жалғыз көпір,осы- ӘРУАҚ !!!

P.S

Өздерін «ұстаз» санаған молдалар аузын ашса пайғамбарлар өмірбаяны, сахабалар ғибраты, таабиғиндар мен имамдардың кереметтерін айтып жын ұруда.
Араб мәдениеті мен арабтардың салт-дәстүрі күндіз-түні жастарымыздың санасына құйылуда.

Бірде-бір молданың аузынан ұлттымыздың тарихы мен қазақ үшін жан қиған батырларымыздың, азаттығымыз үшін күрескен қайраткерлеріміз бен даналарымыздың қазаққа жасаған еңбектері айтылмайды!

Тәңір сенімінің арқасында қазақ ешкімге бас иген жоқ!
Керек пе Құдайында “тілдеп” жіберетін.
Ұлан байтақ жеріміз “ақ найзаның ұшымен, білектік күшімен, ең әуелі Тәңірдің тілеуімен”  ҚАЗАҚҚА мәңгі бұйырған сый.

Атлақ шайқасы жөнінде келесі жазбаларымнан оқыңыздар.