Вчера, 11:11
Кому: вам
КЕНЕСАРЫҒА ЖАСАЛҒАН САТҚЫНДЫҚ ЖАЙЫНДА
Кенесары хан, қазақтың соңғы ханы, тектілік пен ерліктің идеалы. Қазақ халқына азаттық әперу жолында шейіт болған басшы-батыр. 1847-ші жылы екі жақты саясат жүргізген, қырғыз манаптары тарапынан сатқындықпен өлтіріліп, басы кесіліп, орыстарға табысталған. Осыған байланысты, қазақ халқының көпшілігінің арасында қырғыз халқына деген бір сенімсіздік пен жеккөрушілік туындаған. Осы орынды ма? Біріншіден, бүгінгі қырғыз халқы, кешегі заманда елдің басында отырған бірен-саран екіжүзді манаптардың әрекетіне жауапты емес, және солардың істеген ісінің құрбаны болуға лайықсыз. Екіншіден, қырғыздарға сатқын дейміз, ал Кенесарыны қолдамай орысқа қызмет еткен өзге қазақты қалай атаймыз? Кенесары қырғыздарға одақ құрайық деп, Арқадан ауып, Қазақ даласында жағдайының жақсылығынан барған жоқ. Орысқа қызмет етіп, қара басының қамы үшін, сатып кеткен ағайындарының әрекетінен барды. Егер де, кеше хан қылып, ақ киізге көтерген сексен сұлтан мен бүкіл қазақтың игі жақсысы сатып кетпей, арқасында бекем тұрғанда, азаттық таңы ерте атып, қазақтың тағдыры мүлде басқа болар еді. Әттең. Орыс, Кенесарыны Қазақ даласынан ығыстырғанда кешегі ағайыны Шыңғыс Уәлиханов, Қыпшақ Балғожа би, Тобықты Құнанбай, және тағы басқалары қайда қалды? Ойланатын жағдай. Сатқын Рүстем сұлтан мен Дулат Сыпатай батырды айтпағанда. Бұлар сол замандағы қазақтың игі-жақсылары мен батырларының 90-95 пайызы. Мойындауымыз керек, қырғыз манаптары Кенесарыға жасалған сатқындыққа тек соңғы нүкте қойды. Кенесары, басын қырғыздардың жамандығынан емес, бірліктің жоқтығынан қалдырды. Сондықтан, бұл кешегі өткен тарихтан сабақ алуымыз шарт. Бірлікке ұмтылуымыз керек, бір-бірімізді алшақтататын емес жақындастыратын нәрселерге көбірек көңіл бөлуіміз қажет, сонда біз күшті боламыз.
#кенесары #қазақтыңсоңғыханы #қырғыз #қазақ #бірліккерек #азаттық #бостандық #көшпенділер #түркіжұртым #ulttyqruh #aqiqatynAllahbíledí