Жюль Верн мен Кенесары хан қашан кездескен?

Мұқаба/Жаңалықтар/Мәдениет/Тарих
Мәдениет/Тарих

Б. Нұр-Мұхаммед

 Жюль Верн мен Кенесары хан қашан кездескен?

Қыркүйек 21, 2020, 16:470 1 224
4.2 (61)

Кенесары ханның аты шулы, артынан аңыз ерткен жорықтарын орта Азия, Ресей түгілі, еуропада жақсы білген. Әйгілі француздың фантаст қаламгері Жюль Верннің «Патша шабарманы» романы жазылған. Хан Кене патша экспансиясына қарсы жасыл туының астына ерлігін  найзасының ұшына байлаған жау жүрек қосынын атқа қондырғанда не бәрі 10 жаста болған Жюль Верн 40 жылдан кейін сонау Тұран даласындағы тәуелсіздік үшін жан берген батырлар жайында жазатынын білмегенде болар…

Жюль Верн 48 жасқа келгенде «Азия дертімен» ауырады.Оның алдында «Капитан Гранттың балалары», «Құпия арал» сияқты романдарымен әлемге әйгілі болған қаламгер аяқ астынан Қазақ даласының қайсар ханзадасы – Кенесары туралы аңыз- әпсаналарға аңсары ауып, «Патшаның шабарманы» («Курьер царя») деп аталатын романын жазуға отырған.

Роман Францияда 1876 жылы жарық көрді. Тың туынды тақырыбының ерекшелігімен француз зиялылары арасында үлкен пікір тудырады. Сыншылар тарапынан да жоғары бағаланады. Театр сахнасында да табыска жетеді. И.С.Тургеневтің мұрындық болуымен орыс тіліне аударылған. Бірақ француз цензурасы 1900 жылы «Михаил Строгов» деген атпен жарыққа шыққан осы көркем шығарманы орыс оқырмандарының оқуына тыйым салады.

Жалған тарих жасайтындай Жюль Верн сауатсыз ертегіші деуге келмес. Оның колында қазақтардың тарихы туралы көп материалдар болған. Романдағы мына сөйлемдерді оқысаңыз, француз қаламгерін қыр қазағымен өмір бойы бірге жүрген бе деп қайран қаласыз.Мысалы, «Қырғыз көшпенділерінің көп бөлігі көтеріліске араласуға ден койғандығы туралы полицмейстрдің айтқаны орынды. Ол кезде қырғыздардың жалпы саны екі миллионға жуық еді, олар үш жүзге бөлінді: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Кейбір рулар өз алдына тәуелсіз болса, енді біреулері Ресей отаршыларын мойындады. Сондай-ақ Бұқар және Хиуа хандығына бағыныштылары да бар еді» деген жолдар қай халықты суреттеп тұрғаны анық аңғарылатындай. Ертіс өзені, Балқаш көлі, Семей, Тобыл, Омбы өңірлері, Түркістан, Бұхара, Қоқан, Сібір қалалары туралы оқыған кезде көтерілісші Феофар ханның Кенесары екеніне ешбір күмән қалмайды.

 

Сол дәуірдегі патшалық отаршылдардың дала халықына деген үстемдік көзқарасынан француз қаламгері Жюль Верн шығарманың шешімін шығарғанға ұқсайды. Феофар хан мен оның ақылшы серігі Огаревты жағымсыз кейіпкерлер ретінде суреттеп, ал патшаның жаушысы Михаил Строговты женімпаз кылып көрсетеді. Қазақ жерін билеп-төстеуге ниетті болған орыс патшасын мұратына жеткізеді.

Жюль Верн Кенесары ханды жазушылық тұрғыда саралай біліп, алып империямен кескілесе күрескен қаһарман ретінде таныған. Хан Кененің опат болынан кейін 30 жыл өткесін жазылған дүниенің айтар ақиқаты бар. Жюль Верннің Франциясынан бес есе үлкен Ұлы Даланың Кенесары ханы алыстағы жазушының қиялынан кетпесе керек. Тарихтың әдебиетке түсуі заңдылық болса, заңдылықтың Кенесары ханды сол ғасырда бейнелеу шығармашылық кездесу шығар.

Б. Нұр-Мұхаммед