ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ ОН ШЫНДЫҚ!

Ғабит Әліпбайұлы

17 июня в 18:54  ·

 

ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ ОН ШЫНДЫҚ!

 

ҚЫМБАТТЫ ОҚЫРМАН БҰЛ ФЕЙК ДЕРЕК ЕМЕС НАҚТЫ ҒЫЛМИ ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН ФАКТІЛЕР. Еңбек еш кетпесін деген ниетпен өзіңіз оқып әбден қанығып тұшынсаңыз парақшаңыздағы достарыңызға шындықты паш ету үшін сізден (репост жасауды) бөлісуіңізді сұраймын. АЛДЫНАЛА ІЗГІ НИЕТПЕН РАХМЕТ

 

Қазақ Алашұлы

ШЫҢҒЫС ҚАҒАН ШЫНДЫҒЫ! (Құрылтай. Forum-Factсhecking)

27 июль 2018 г.  ·

ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ ОН ШЫНДЫҚ!

  1. Шыңғыстың əуелгі титулы «қаан» ресей тарихшылары орысша «хан» деп жазған содан бізде хан деп жазып кетік. Ол Семей жерінде өткен Құрылтайда қаандардың қааны болып Қаған сайланды ал оның құрметіне [902 жылы Қиан (орысша Кидань) деген ШҚ ата бабасы құрған сегіз ұлысты империя 1125 жылы құлаған соң пайда болған ұлыстардың бірінің атымен аталған] Сегіз (Найман)-тауы, «Шыңғыс-тау» аталды, ҚАҒАН таза түркінің титулы.
  2. Шыңғыс қаған заманында «Ру» немесе «Тайпа» деген сөз болмаған. Бүгін Қазақ: Керей, Қоңырат, Найман т.т «Ру» деген бөлімдер ақиқатында «Ұлыс» аталды яғни бір түптен тарған ағаш тамырының сипатында аталған. Ал олар 902—1125 жж аралығнда дәурен құрған 8-ұлысты және 1-Төре ұлысыты Араб деректерінде «Тоғыз-Оғыз» Қытай дерегінде «Ша-То» — (қазақша) «Шу даласынан шықандар» аталған ҚИАН империасына тиселі бөлімшелер еді. Рудың ҰЛЫС деп жазлығандығын 1300-1311жж жазылған Рашид-ад-Дин Хамадани кітабінен оқып білуге болады.
  3. 15-ғасырда пайда болған Қарақыпшақ Қобланды батыр жырындағы əигілі қолбасшы ҚАРАМАН БАТЫР Шыңғыс ханның ата-бабасы шықан Қиат ұлысынан еді, ол сол жырда 40 мың Қиат əскерін жауға қарсы бастап шықан. Раши-ад-Дин Хамадани 1300-1311 жж аралығында жазған жылнамалар жазбасында «ҚиаТ» деген ол көпше түрі негізі «Қиан» -деп айтылады» -деп анықтама берген.
  4. Шыңғыс қағанның жазуы қазіргі 1921 жылы Ұиғыр атанған Тараншы (соғды) халқына тиселі емес еді, ол таза сегіз (найман) ұлысты хандық жазуы еді. Тататұңға сегіз (найман) ұлыстың бірінің ішіндегі Ұиғыр деген бөлігнен еді, қазір олар Қарақалпақ ішінде Найман-Ұиғыр атауымен бар яғни Шыңғыс қаған өз ұлысының бір бөлігі пайдаланған жазуды өзінің Татар әкімшілік жүиесінің жазуы ретінде пайдаланды.

 

5.   Шыңғыс қағанның туған жері қазіргі Күршім ауданындағы Ертіс пен Алтай ортасындағы жазықтық, Ал ата-жұрты Моғолстан [Мұғұлстан] қазіргі Алматы облысы жəне Қырғыз жері, Қытай Алатауын қамытып жатқан мемлекет еді Бұны Плано Карпинидің 1248—1252 жж жазылған «Шығыс еліне саяхат», 1300-1311жж жазылған Рашид-ад-Дин Хамадани кітабінен оқып білуге болады. Ал астанасы Шыңғыс қаған заманында Қарақорым аталған Алмалық қаласы болған (2016 жылы «Аламаты қаласына 1000 жыл» деп тойлап жүрген қаламыз осы қала. Бірақ ол қала қирандысы қазір Қазақпен Қытай шекарасында жатыр). Бұл анықтаманы әлемге әигілі араб тарихшы және сайахатшысы 14 ғасырда Ибн Батутта жазған.

6.  Әлихан Бөкейхан: «….1910 жылы Патшалық Ресейдің думасының депутаты Марков ІІ-і баяндамасында Қазақтар Шыңғыс ханмен Әмір Темірдің мұрагерлері оларды ағылшындар Америкада индейстерді қырған жолмен бұлардыда құрту керек — деп, үндеу айты…..». деп күндерек кітабына жазған екен. Яғни Австро-Немістік Ресей патшалғы Қазақтардың кім екенін әбден білген, сондықатан олар бізді 1911 жылы төл тарихымыздан айыру үшін қазіргі «Монголия» елін Барон Унгерн (неміс) деген генерал қолымен жасаған. Ал 1817 жылы алғаш рет әлем тарихына «Монгол» терминін Лейпц универінің неміс профессоры Христофор Крузе енгізіп бәрін адастырған.

7.   Әигілі Қырым-Татары Ысмайыл Ғаспыралы Шығыстанушы тарихшы: «…ШЫҢҒЫС пен ТЕМІР заманынан бері қол үзбеген Қазақ тілі түбінде ТҮРКІГЕ ортақ тіл болуы мүмкін….» деп 1886 жылы ғалымдар жиналысында айтқан

8.    Қазаққа қарсы Австро-Немістік Ресей патшалығының бодандық сайасатын жүзеге асырушы əигілі генерал А.И. Тепкеелев (1674—1766) : “….Тартарианың қақ ортасында көшіп қонып жүрген Қырғыз-Қайсақтар [Қазақтар] ортасынан 13 ғасырда Шыңғыс хан деген біреу шығып қаншама қаланы қиратқан…» деп 18 ғасырдың ортасында күндерек кітабына жазған. Ол кітап «Орыс деректеріндегі Қазақ тарихы» деп аталады ал жоғарыда айтылған сөз 388-бетінде жазылған.

9.     Парсы елін 1501-1736 жж аралығында билеген Сефевид әуілетінің Аалам-ара-йи Шах Исмайл атты тарихи жазбасының 73-87 шығарма бетінде 16 ғасырдың бірінші тоқсанында Шейбанитердің елшісі Жәнібек сұтанның Қазақ ұлысының ханы Қасым ханның қабылдауында болғаны жазылға  Онда:

«……Ұзақ сапардан соң Жәнібек сұлтан Қасым ханның мекенінің шетіне келіп жетті. Оны Қасым хан жасы үлкен, сыйлы адамдарын жіберіп алдынан қарсы алды ал олар Жәнібек елшіге үлкен құрмет көрсетіп Қасым хан сарайына алып келді. Ордаға кірген соң оның көзі бірден: таза алтынан жасалған, төрт құлағы арыстан, барыс, жолбарыс, және айдаһарға ұқсатылып жасалған ШЫҢҒЫС ХАН ТАҒЫНДА салтанатты отырған, жүзі қаһарлы, диу денелі ҚАСЫМ ХАНДЫ көрді. Басына құны 70 мың түмен болатын бағалы асыл тастармен әрленген ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ТӘЖІН киіпті….» яғни ШЫҢҒЫС ҚАҒАННЫҢ МҰРАГЕРІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЕКЕНІН КӨРСЕТКЕН ЖАЗБА.

Бұл деректің түп нұсқасын Иран елінен тарих ғылымынң кандидаты Нұрлан Атығай әкелген.

  1. Шыңғыс қағаның таза Қазақ жəне оның халықы Қазақ екенін 1508—1509 жж Шейбанитер ұлысында бір жыл бойы қонақта болған Парсының Ибн Рузбихан деген тарихшысы өзінің «Михман-наме-и Бухара» Қазақшасы «Бұхар қонағының жазбасы» деген кітабының 4-і бөлімінде: “Қазақтар өткен заманда атақ даңқымен жер жарған, қайтпас-қайсар қаһрлы əскерімен əлемге əигілі Шыңғыс қағаның ТАТАР аталған халққы” деп жазған.

Бұл кітап екі дана қылып жазылған Біреуі Өзбекстан Ғылым Акедемиасына тиселі, екіншісі Түркиянның Стамбұл қаласындағы Нұр-и Османийэ мешітінде сақталған

—————–

ҚЫМБАТТЫ ОҚЫРМАН БҰЛ ФЕЙК ДЕРЕК ЕМЕС НАҚТЫ ҒЫЛМИ ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІНДЕ АНЫҚТАЛҒАН ФАКТІЛЕР. Еңбек еш кетпесін деген ниетпен өзіңіз оқып әбден қанығып тұшынсаңыз парақшаңыздағы достарыңызға шындықты паш ету үшін сізден (репост жасауды) бөлісуіңізді сұраймын. АЛДЫНАЛА ІЗГІ НИЕТПЕН РАХМЕТ.