Сұлтан Разийя (Толық есімі – Джалаат ад-дин Разийя-сұлтан бинт Елтұтмыш).
XIII ғасырда Дели сұлтанаты
Мұсылман әлеміндегі бірінші әйел билеуші қыпшақтар арасынан шыққан. Оның есімі Сұлтан Разийя (Толық есімі – Джалаат ад-дин Разийя-сұлтан бинт Елтұтмыш).
«Тарих тағылымы Сапар Ысқақовпен» жобасының кезекті түсірілімі XIII ғасырда Дели сұлтанатын басқарған, Сұлтан Разийя туралы айтылмақ.
Разийя 1236-1240 жылдары Солтүстік Үндістан жерінде әмір жүргізген қазақ (Дешті-Қыпшақ) даласынан барған қыпшақтардың ұрпағы. Жан-жақты білімді, ел басқаруға әбден лайықты Сұлтан Разийя Шамса ад-дин Елтұтмыштың қызы.
Жазба деректердің айтуынша, ол сауыт киіп, әскерін өзі бастап жүрген. Шайқастарға қатысқан. Жалпы, бүкіл Солтүстік Үндістанды қару күшімен біріктірген. Оған дейін сұлтанатты басқарған даңқты Шамса-ад-дин Елтұтмыштың үш ұл балалары болса да, ол өз орнына қызы Разийяны тағайындап кеткен.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.