Молдабеков Ә.,
ф.ғ. к, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері
КОМОНДОР АБДУЛ-ХАМИТТІҢ ОРАЛУЫ
Жер планетасынан ұшып шыққалы бері қанша ғасыр өтті десеңші. Бес ғасыр бағытымыз құс жолы бойындағы Арыстан шоқжұлдызы болатын еді, бірақ астероиттар көшіне тап болып, бағыт өзгеріп шыға келмесі бар ма… Міне, туған жерге, өзіміздін күн жүйесіне қайта оралу қандай қуаныш. Табло-экранда ғарыш кемесінің бағыт-бағдарын көрсетіп, компьютерлік темір дауыспен комондор Абдул-Хамид мырзаға ескертеміз, сөйлепте экранда жазуда шығып тұр:
— Ғарыш кемесі күн жүйесіндегі жер планетасына 384400 шақырым қалды. Бағдарламаға байланысты осы қашықтықта тоқтауға тиістіміз, жер планетасы рұқсат бергенше…
— Бұлар бәрін дұрыстаса да бюрократтықтан айырыла алмайды ғой, — деп, комондорым Абдул-Хамид мырс етті де, жұлдыздар картасына қарады. – Анар, әлгі, Айгүл қайда? Тағы қандай жаңалықтары бар екен?
— Абдул-Хамид аға, алдағы голограмалық экранға көз салсаңыз. Сізбен біреулер сөйлеспекші.
— Ой тәйірі!.. Олар айды мекендейтін «сәулелі» халқы ғой!
— Ол қай халық?..
— Олар адамзат молекулаларының атомдарынан құралған физикалық тұрғындар. Сендер, оған үрке қарамаңдар. Олай қара, бұлай қара, бірақ, олар да өзіміз сияқтылар ғой.
— Комондор, яғни, қалай айтасыз, олар, жансыз ғой…
— Бұл дүниеде бәріміз де жансыз-жанды дүниеміз ғой, басқаша қарауымыз керек!
— Жер планетасына 384400 шақырым қашықтықтамыз, — деген Алпамыстың «темір текті» дауысы естіледі ғарыш кемесі ішінде.
— Ой, тәйірі. Ол жер мен ай арасындағы қашықтық қой. Оны не үшін қайталайды анау, робот Алпамыс? 30
— Комондор ағай, робот мырзаның қызметі сол ғой. Қай планетаға, қай жұлдыздар әлеміне қанша шақырым қалды немесе келесі планетаға қашан жетеміз, осының бәрін біліп отыру оның міндеті ғой, — деп, Анар Алпамысты қорғаштай сөйледі.
— Ал, анау Қобыланды робот не бітіріп жүр?
— Ол бүкіл бөлмелерді, блогтарды тексеріп жүр, басқа планеталардың микроэлементтері жерге бармасын деген сақтықпен корабльдің бүкіл бітімін тексеру үстінде, — деді Анар.
Сөйтті де:
— Робот Қобыланды өлең шығарыпты, соны қайталап айта береді, айта береді, аға! – деді.
— Ал, ол қандай өлең екен?..
— Өзінен сұраймыз ба, әлде, мен айтып берейін бе?..
— Өзі жұмыс істей берсін, сен айта сал. Қырымның қырық батыры эпосы сияқты ұзақ емес шығар.
— Мен оқып беремін, жазып алған едім.
Анар электронды кітапшасын алды да, оқи жөнелді:
— Марста махаббат — басқадай,
Муж ПИ-дің алдында толған қыз.
Жігітке гүл сыйлап, жанынан тастамай,
Бір-бірден қолтықтап алған қыз!..
— Қалай, аға, ұнай ма, өлең?
— Тұра тұр, тұра тұр. Бұл бір ақынның өлеңі болуға тиісті. Есіме түспей тұр,әлгі Құдиарбектін өлеңі емеспе екен — деп, комондор ойланып қалды.
Тағы да голограммалық экранда «сәуле» халқы пайда болды. Сырылып, дыбыссыз ашылған есіктен ішке кіре бере Айгүл сөзге араластып:
— Бұлар, баяғының депутаттары сияқты жақсылықты үйіп-төгіп жатыр, жерге қондырмау үшін, — деді.
— Е, бұлардың ортасы сиреп қалған ғой, неге ашық мәтінмен кетті десем, — деді, комондор.
— Ол не, сиреп қалғаны қалай?
— Оған әлгі, Қосылған ағаларың кінәлі. Ол 70 жасында медициналық акедемияны бітіріп, жаңалық ашты, адам жасын бес ғасырға жылжытты.
— Олай болса, жер адамдары жасарып кеткен ғой. Қосекең бес рет үйленген шығар, — деп, Айгүл күлімсіреп Анарға қарады. Бұлардың әзілдерін комондор бөліп жіберді.
— Әй, қыздар, жеңгелеріңнен таяқ жеп қалып жүрмеңдер. Ол да Қосылған сияқты. Жап-жас емес пе. Біз жерге қонғаннан кейін бізді бір-екі ай немесе жарты жылдай барокамераға жатқызып, жасымызды жермен сәйкестендіреді. Біздің жасымыз космостық өлшемен өлшенеді. Сендерге қазіргі сәтте, түсінікті болар.
— Айгүл, жаңа ғана депутаттар жайлы не айтпақ едің? Әлгі, «сауле» халқы голограммалық экранда пайда болған кезде, – деп, комондор Айгүлге қарады.
— Иә, депутаттар 100 мектепті саламыз, арзан үй салып береміз, ұшақ немесе тікұшақтар шығарамыз деп жүргенде өздері жайқалып, пісіп тұрған астықтың қар астында қалып, ысырап боп жатқанын көрмеді ғой. Ал аталармыз болса даладан масақ жинап, бір уыс бидай үшін кезінде жазықты болып, сотталып та кетті емес пе.
— Иә, ондай депутаттарымыз болды ғой, президентімізді де алдаған, халықты да алдаған, мектептерді де жапқан. Шағын ауылдарды да жоқ қылды ғой. Алпамыс қайда жүр, метеориттер туралы жаңа ақпарат бар деп еді.
Алпамыс дыбыссыз жылжып келе қалды да, әскери адам құсап комондорға өзінің есеп картасын, экран арқылы метеориттер жайлы суретемені көрсете жөнелді.
— Міне, желтоқсан айы, осы айдың 7 мен 20-сына дейін Теменид деп аталатын метеориттер көші басталады. Леонид метеориттер көші 10 мен 20 қараша аралығында аяқталатын еді. Өткен айдың аяғы мен осы айдың басында жерге қонуымыз керек еді, программалық есеп бойынша.
— Енді Квандрантид метеориттер көші қаңтардың ортасына дейін созылады, күтеміз… күтеміз.
31
Екі-үш рет қайталап сөзін аяқтады Алпамыс-робот.
Аудитория іші тып-тыныш. масаның ызыңы естілердей. Лектор Абдул-Хамид ағамыз аудиторияны бір шолып өтті де көзі Дәуірге түсті. Иә, ақын бала түні бойы өлең жазған ғой деп ойлады да, «Айжан, ана бәлекетті оятшы!» деді. Айжанның қолы тиер тиместен Дәуір атып тұрып, өлең оқи жөнелді:
Ай астында бір көл бар,
Ат шаптырса жеткісіз.
Ортасында алуа-шекер бар,
Татқан қулар жеткісіз.
Қараша үйде қара бар ,
Хан ұлы басып өткісіз,
Алланың бір күні бар,
Бір жарым айда жеткісіз.
Мұңдас ерлер болмаса,
Менің айтқан сөздерім,
Құлқына жаман жеткісіз.
— Әй қу, Махамбет шығармаларын әлі өткен жоқпыз, отыр!..
Аудитория іші қыран-топан күлкі. Дәуір сендерге не, күлкілі ме дегендей, өзі бір нәрсені бүдіргенін сезе қойды да орнына отыра кетті. Қош делік, мына баланың ойын жалғастырайық. Мысалы, шығармаға тақырып қып қойған «Ай астындағы бір көлі» несі? Асанқайғы – Жерұйықты, Томас Мор – Утопия аралын жер бетінен іздесе, Махамбет фантазиясы өз планетасынан да алысқа , аулаққа, Айға ұшып шыққаны ма? Солай болуы рас шығар. Себебі: «ат шаптырса жеткісіз» дейді ғой. Асанқайғының Желмаясы жетпейтін жер бетінде географиялық нүкте жоқ, барлығына да бара алады. Ал, Ай астындағы көлге ат тәріздес көлік жете алмайды. Мүмкін, космос кемелері қажет болар….осымен тоқтайық , бұл әнгімені кезі келген кезде жалғастырамыз.
Алдағы СРСП сабағына ақын Әсеттің «Ағаш ат» поэмасын оқып, өз беттеріңше талдап келесіздер, оқымысты мырзалар. Босыңдар, үзіліс! — деді де, ұстаз есікке бет алды