Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Заң факультетінің аға оқытушы
Худайбердина Г.А.
Өзінің сұхбатымен бөліскен
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Қожакова Нұрай!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алушылардың халықаралық академиялық мобильділігі – ішкі және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары дәрежелі мамандарды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады. ҚазҰУ-дың академиялық мобильділіктің мақсаттары – білім алу, тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, академиялық ортаға бейімделу және басқа елдің мәдениеті мен дәстүрімен танысу.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша студенттер бюджеттік қаражат есебінен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына білім алу немесе ғылыми тәжірибеден өту үшін іссапарға жіберіледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің бірқатар 3-курс студенттері 2019-2020 оқу жылының күздік семестрінде академиялық мобильділікпен Түрік мемлекеті, Стамбул қаласының, Стамбул университетінде білім алмасып келген болатын.
Іргесі 1453 жылы қаланған университет Түрік мемлекетіндегі ең ескі,әлі танымал оқу орны болып табылады. Қазіргі таңда жалпы алғанда Стамбул университетінде 17 факультеті бар, сонымен қатар студентке қолайлы қашықтықта, заман талабына сай Стамбул оқу ғимаратында кітапханамен, мұражайлармен, оқу-ғаламтор орталығымен, спорттық-сауықтыру кешенімен, студенттерге қызмет көрсету орталығымен, жатақханалармен, жас ғалымдар үйімен, қоғамдық тамақтандыру орталығымен, студенттік медициналық пунктімен жан-жақты дамып, сапалы білім алуы үшін жағдай жасалған.
Сабақтар түрік және ағылшын тілінде өтеді, студенттердің көбі ағылшын тілін жетік меңгерген. Аз ғана уақыт ішінде университеттің білім жүйесімен студенттер толық таныса білді және мамандығықтарыңа сәйкес мол тәжірибе жинақтады. Түрік мемлекетінің білім жүйесі бәрі-бір ерекшеленеді, мәселен оқу жүйесі семестрлерге бөлінбейді, сонымен қатар емтиханда алған баға, қорытынды баға болып есептеледі.
Жалпы алғанда, біздің оқу университеті сияқты, түрік студенттері, әр түрлі мерекелік іс-шараларын жүзеге асыруда. Оқудан тыс уақытта қаланың ұлттық мүзейлерін, көрнекі жерлерін аралады. Кез келген жағдайдың жақсы жағына құштар біздер, өзімізге қажетті жақтарын сараладық. Студенттер өздерінің мамандықтарыңа сүйіспеншілігін арттырып, мақсаттарының қадамдарын нығайта түсті.
«Осындай шет елде білім алу мүмкіншілігін ұйымдастарушы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне, білім жолында талмай білім нәрімен сусындатып жатқан барша ұстаздарымызға айтар алғымыз шексіз!» – деп өзінің сұхбатымен бөлісіп жатқан 3 курс студенті Қожакова Нұрай!
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.