Namys  Намыс

© Нұртөре Жүсіп

 

Namys   

Namys degennen s’yg’ady: ko’rs’i̇ Resei’di̇n’ bi̇r reji’sseri̇ jen’i̇lju’ri̇sti̇ s’es’en qyzdary ty’raly ki’no tu’si̇rgen ko’ri̇nedi̇.         Ji’yrma jasar bi̇r s’es’en ji̇gi̇ti̇ a’lgi̇ reji’sserdi̇n’ pa’teri̇ne baryp, qubylag’a qaratyp bay’yzdapty da mi’li’c’i’yag’a «men myna reji’sserdi̇ o’lti̇rdi̇m, eger ki̇mde-ki̇m osyndai’ ki’no tu’si̇reti̇n bolsa, kelesi̇ s’es’en keli̇p ony da o’lti̇redi̇» dep mi’li’c’i’yag’a habarlapty. «Jar basyndag’y jantaqty janynan bezgen nar jei’di̇» degendei’, Resei’di̇n’ bi̇rde-bi̇r reji’sseri̇ bul taqyrypqa qai’ta jolamai’tyn bolypty.Qazaqstanda pa’lenbai’ ult pen ulys o’ki̇lderi̇ turady dep a’lemge jar salg’anda key’demi̇zdi̇ s’ar kergendei’ kerden’ qag’amyz.O’mi̇r ba’ri̇mi̇zge bi̇rdei’: turmystyn’ tay’qymeti̇ bar halyqtyn’ basynda bar, bi̇raq ko’s’ege s’yg’yp, ta’ni̇n satyp turg’an bi̇r tu’ri̇kti̇n’ nemese ku’rdti̇n’, qaras’ai’ men qumyqtyn’ qyzyn ko’rdi̇n’i̇z be? Uyattan bezgen ui’g’yrdyn’ qyzy ko’zi̇n’i̇zge tu’sti̇ me? Abyroi’yn ai’randai’ to’kken a’zi̇rbai’jan qyzyn kezdesti̇rdi̇n’i̇z be? Ta’ni̇n say’dalap, topyrlap ju’rgen tatar qyzyn tabasyz ba?

© Nurto’re Ju’si̇p

 

 

Намыс

 

      Намыс дегеннен шығады: көрші Ресейдің бір режиссері жеңілжүрісті шешен қыздары туралы кино түсірген көрінеді.         Жиырма жасар бір шешен жігіті әлгі режиссердің пәтеріне барып, құбылаға қаратып бауыздапты да милицияға «мен мына режиссерді өлтірдім, егер кімде-кім осындай кино түсіретін болса, келесі шешен келіп оны да өлтіреді» деп милицияға хабарлапты. «Жар басындағы жантақты жанынан безген нар жейді» дегендей, Ресейдің бірде-бір режиссері бұл тақырыпқа қайта жоламайтын болыпты.

Қазақстанда пәленбай ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады деп әлемге жар салғанда кеудемізді шар кергендей кердең қағамыз.

Өмір бәрімізге бірдей: тұрмыстың тауқыметі бар халықтың басында бар, бірақ көшеге шығып, тәнін сатып тұрған бір түріктің немесе күрдтің, қарашай мен құмықтың қызын көрдіңіз бе? Ұяттан безген ұйғырдың қызы көзіңізге түсті ме? Абыройын айрандай төккен әзірбайжан қызын кездестірдіңіз бе? Тәнін саудалап, топырлап жүрген татар қызын табасыз ба?

© Нұртөре Жүсіп