Sayasi’ eli’tanyn’ satqyn bolg’anyn moi’yndai’tyn y’aqyt keldi̇ Саяси элитаның сатқын болғанын мойындайтын уақыт келді

 

 

 

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Abai.kz

Саяси элитаның сатқын болғанын мойындайтын уақыт келді

 

 

قازاق  Qazaq

Abai.kz

 

10611  47 пікір 3 Қаңтар, 2019 сағат 16:58

  Қазақ жеріне келген ақ патша билігі де,

сол секілді Совет үкіметі де легитимді емес-тін.

Қазақ тарихындағы осы ақиқат әлі күнге құжат түрінде айқындалмай келеді.

Совет өкіметі Қазақстанға заңсыз келді
Қазақстанда патшалық билік легитимді болған жоқ. Оны күшпен алып, қысырып тастаған Совет билігі де легитимді болған жоқ. Ол кезде жалғыз легитимді билік болды. Ол – 1917 жылы желтоқсанда Орынборда құрылған Алашорда үкіметі. Міне, сол заңды билік еді. Қай тұрғыдан алсақ та ол сол кездегі жалғыз заңды билік болатын.

Алашорда қазақ қоғамында орта ғасырдан қалыптасқан саяси дәстүр ретінде шақырылған ІІ-ші жалпықазақ съезінде құрылды. Ол съезді ешкім заңсыз деп айта алмайды. Оны тек Совет тарихнамасы, идеологиясы заңсыз, бұзық секілді көрсетті. Ал, шын мәнінде, заң тұрғысынан, тарих тұрғысынан барлығын зерттеп, нақты бағасын берсек, ол сол кездегі заңды үкімет болатын.

Қазақ жерінде ұлттың игі жақсылары, үлкендері, дуалы ауыздары бас қосатын құрылтай жиналыс бүкіл ұлттың атынан шешім қабылдайды. Ол саяси немесе басқа шешім бола ма, оны қазақ қоғамы мойындайды, соны орындайды. Сондықтан І-ші, одан соң ІІ-ші жалпықазақ съезі де осы дәстүр бойынша шақырылды. Осы құрылтай съезі жабық түрде Алашорда үкіметін сайлады. Жабық түрде оның төрағасын сайлады. Ал Алаш партиясы шешімін бүкіл қазақ халқы мойындады.

Ал  совет өкіметін қазақ қоғамы шақырған жоқ. Совет өкіметіне қазақ қоғамы ашық түгілі жабық түрде де дауыс берген жоқ. Референдум, сайлау өтті ме? Жоқ. Сондықтан зерттеуші ретінде, менің түсінігім бойынша, Совет үкіметі легитимді емес.

Біз осыны ашық түрде мойындайтын, тіпті болмаса арнайы құжатпен оны растайтын уақыт жетті деп білемін.

Және, 1931-32 жылғы ашаршылықтың геноцид екені даусыз.
1992 жылдың басында Жоғарғы кеңестің советтік реформаларға байланысты қаулысы ресми газеттерге жарияланды. Мен сол комиссияның құрамында болғанмын.

Комиссияның қорытындысы бойынша Қазақстанда жүргізілген эксперименттің салдарынан қазақ халқының қырғынға ұшырауын геноцид деп бағалаған. Мен осы бағаны дұрыс деп санаймын.

…Көрші елдердегі тарихшылар былай дейді: „Мұндай жағдайлар барлық империялық құрылымдарда болған. Жаңа, мықты, индустриалды қоғам құру үшін осындай ауыр жолдан, осындай қырғыннан барлық мемлекеттер өткен-мыс. Шындығында, бұл жәй сөз емес. Бұл ниеті түзу адамдар айтатын сөз емес. Ешқандай қырғынды ақтауға болмайды. Қазақ халқына келер болсақ, бұл жәй қателік емес. Бұл большевиктік үкіметтің мақсатты түрде жүргізген саясатының салдары.

Сол үлкен қырғынды жасаған Голощекинді орнынан алып тастау үшін күрескен қазақ зиялыларынан тұратын саяси топ болған. 1927-28 жылдары Смағұл Сәдуақасов бастаған топ Голощекинді биліктен кетіруге тырысты. Ашаршылыққа дейін кетіруге тырысқан. Коллективизация, конфискацияның қарсаңында.

Жағыпар Сұлтанбеков, Ыдырыс Мұстанбаев. Олар Троцкимен, Зеновьев, Каменовпен тікелей байланысқа шығып отырды. „Голощекинді алып тастаңдар, оған көмектесіңіздер,-деді. Ал Троцкидің не дегенін білесіз бе? Мәселе Голощекинде емес, мәселе Сталинде деді. Өйткені Троцкилердің негізгі жауы Сталин болатын. Олар Сталинге қарсы бірге шығайық деді. Біздің зиялыларымыз оған келіскен жоқ.

Дегенмен сол кезде Голощекиннің жанында болған басқарушы қазақтың саяси тобы өте мансапшыл, билікқұмар болып шықты. Қазақтың ерекше қырылуына солардың да тікелей қатысы бар, оны мойындауымыз керек.

Біз көп жағдайда жылап-еңіреп барлық кінәні басқаға жапқанды жақсы көреміз. Мәскеуге, Сталиннің билігіне аударамыз. Қазақ халқының қырып-жойылуына қазақ билігін басқарушы саяси элита да белгілі бір деңгейде кінәлі. Мәселен, қазақ халқының 49 процентінің көзі жойылып кетті. Бір ұлттың жартысына жуығы қырылып қалды. Неге өзбек, қырғыз емес, қазақ осылай көп қырғынға ұшырады? Оларда да сондай саясат жүрді, олар да қырылды, бірақ қазақ ерекше көп қырылды.

Негізінен, постсоветтік елдер ішінде Ресейдің, Украинаның, содан соң Қазақстанның халқы көп қырылды. Неге? Біздің ұлттық басқарушы элитаның кемшілігінен, әрине. Біз оны мойындауымыз керек. Біз Мәскеу тапсырма берсе, оны асыра орындауға тырысамыз. Осы — біздің халқымыздың үлкен трагедиясы.

Мысалы, Өзбекстанды алайық. Мәскеу тапсырма береді, өзбектер басында “иә, иә” деп құп көрген ыңғай танытады да, артын сұйылтып жібереді. Мейілінше, ұлтқа қарсы дүниеден айналып өтудің жолын қарастыратын еді.

Ал бізде олай болмады.

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, профессор

Abai.kz

Sayasi’ eli’tanyn’ satqyn bolg’anyn moi’yndai’tyn y’aqyt keldi̇

 

 

 

Sayasi’ eli’tanyn’ satqyn bolg’anyn moi’yndai’tyn y’aqyt keldi̇قازاق  QazaqAbai.kz10611  47 pi̇ki̇r 3 Qan’tar, 2019 sag’at 16:58

Qazaq jeri̇ne kelgen aq pats’a bi’li̇gi̇ de, sol seki̇ldi̇ Sovet u’ki̇meti̇ de legi’ti’mdi̇ emes-ti̇n.

Qazaq tari’hyndag’y osy aqi’qat a’li̇ ku’nge qujat tu’ri̇nde ai’qyndalmai’ keledi̇.Sovet o’ki̇meti̇ Qazaqstang’a zan’syz keldi̇Qazaqstanda pats’alyq bi’li̇k legi’ti’mdi̇ bolg’an joq.

Ony ku’s’pen alyp, qysyryp tastag’an Sovet bi’li̇gi̇ de legi’ti’mdi̇ bolg’an joq. Ol kezde jalg’yz legi’ti’mdi̇ bi’li̇k boldy. Ol – 1917 jyly jeltoqsanda Orynborda qurylg’an Alas’orda u’ki̇meti̇. Mi̇ne, sol zan’dy bi’li̇k edi̇. Qai’ turg’ydan alsaq ta ol sol kezdegi̇ jalg’yz zan’dy bi’li̇k bolatyn.Alas’orda qazaq qog’amynda orta g’asyrdan qalyptasqan sayasi’ da’stu’r reti̇nde s’aqyrylg’an II-s’i̇ jalpyqazaq sezi̇nde quryldy. Ol sezdi̇ es’ki̇m zan’syz dep ai’ta almai’dy. Ony tek Sovet tari’hnamasy, i’deologi’yasy zan’syz, buzyq seki̇ldi̇ ko’rsetti̇. Al, s’yn ma’ni̇nde, zan’ turg’ysynan, tari’h turg’ysynan barlyg’yn zerttep, naqty bag’asyn bersek, ol sol kezdegi̇ zan’dy u’ki̇met bolatyn.Qazaq jeri̇nde ulttyn’ i’gi̇ jaqsylary, u’lkenderi̇, dy’aly ay’yzdary bas qosatyn quryltai’ ji’nalys bu’ki̇l ulttyn’ atynan s’es’i̇m qabyldai’dy. Ol sayasi’ nemese basqa s’es’i̇m bola ma, ony qazaq qog’amy moi’yndai’dy, sony oryndai’dy. Sondyqtan I-s’i̇, odan son’ II-s’i̇ jalpyqazaq sezi̇ de osy da’stu’r boi’yns’a s’aqyryldy. Osy quryltai’ sezi̇ jabyq tu’rde Alas’orda u’ki̇meti̇n sai’lady. Jabyq tu’rde onyn’ to’rag’asyn sai’lady. Al Alas’ parti’yasy s’es’i̇mi̇n bu’ki̇l qazaq halqy moi’yndady.Al  sovet o’ki̇meti̇n qazaq qog’amy s’aqyrg’an joq. Sovet o’ki̇meti̇ne qazaq qog’amy as’yq tu’gi̇li̇ jabyq tu’rde de day’ys bergen joq. Referendy’m, sai’lay’ o’tti̇ me? Joq. Sondyqtan zerttey’s’i̇ reti̇nde, meni̇n’ tu’si̇ni̇gi̇m boi’yns’a, Sovet u’ki̇meti̇ legi’ti’mdi̇ emes.Bi̇z osyny as’yq tu’rde moi’yndai’tyn, ti̇pti̇ bolmasa arnai’y qujatpen ony rastai’tyn y’aqyt jetti̇ dep bi̇lemi̇n.Ja’ne, 1931-32 jylg’y as’ars’ylyqtyn’ genoc’i’d ekeni̇ day’syz.1992 jyldyn’ basynda Jog’arg’y ken’esti̇n’ sovetti̇k reformalarg’a bai’lanysty qay’lysy resmi’ gazetterge jari’yalandy. Men sol komi’ssi’yanyn’ quramynda bolg’anmyn.Komi’ssi’yanyn’ qorytyndysy boi’yns’a Qazaqstanda ju’rgi̇zi̇lgen eksperi’mentti̇n’ saldarynan qazaq halqynyn’ qyrg’yng’a us’yray’yn genoc’i’d dep bag’alag’an. Men osy bag’any durys dep sanai’myn.…Ko’rs’i̇ elderdegi̇ tari’hs’ylar bylai’ dei’di̇: „Mundai’ jag’dai’lar barlyq i’mperi’yalyq qurylymdarda bolg’an. Jan’a, myqty, i’ndy’stri’aldy qog’am qury’ u’s’i̇n osyndai’ ay’yr joldan, osyndai’ qyrg’ynnan barlyq memleketter o’tken-mys. S’yndyg’ynda, bul ja’i’ so’z emes. Bul ni’eti̇ tu’zy’ adamdar ai’tatyn so’z emes. Es’qandai’ qyrg’yndy aqtay’g’a bolmai’dy. Qazaq halqyna keler bolsaq, bul ja’i’ qateli̇k emes. Bul bols’evi’kti̇k u’ki̇metti̇n’ maqsatty tu’rde ju’rgi̇zgen sayasatynyn’ saldary.Sol u’lken qyrg’yndy jasag’an Golos’eki’ndi̇ ornynan alyp tastay’ u’s’i̇n ku’resken qazaq zi’yalylarynan turatyn sayasi’ top bolg’an. 1927-28 jyldary Smag’ul Sa’dy’aqasov bastag’an top Golos’eki’ndi̇ bi’li̇kten keti̇ry’ge tyrysty. As’ars’ylyqqa dei’i̇n keti̇ry’ge tyrysqan. Kollekti’vi’zac’i’ya, konfi’skac’i’yanyn’ qarsan’ynda.Jag’ypar Sultanbekov, Idyrys Mustanbaev. Olar Troc’ki’men, Zenovev, Kamenovpen ti̇kelei’ bai’lanysqa s’yg’yp otyrdy. „Golos’eki’ndi̇ alyp tastan’dar, og’an ko’mektesi̇n’i̇zder,-dedi̇. Al Troc’ki’di̇n’ ne degeni̇n bi̇lesi̇z be? Ma’sele Golos’eki’nde emes, ma’sele Stali’nde dedi̇. O’i’tkeni̇ Troc’ki’lerdi̇n’ negi̇zgi̇ jay’y Stali’n bolatyn. Olar Stali’nge qarsy bi̇rge s’yg’ai’yq dedi̇. Bi̇zdi̇n’ zi’yalylarymyz og’an keli̇sken joq.Degenmen sol kezde Golos’eki’nni̇n’ janynda bolg’an basqary’s’y qazaqtyn’ sayasi’ toby o’te mansaps’yl, bi’li̇kqumar bolyp s’yqty. Qazaqtyn’ ereks’e qyryly’yna solardyn’ da ti̇kelei’ qatysy bar, ony moi’ynday’ymyz kerek.Bi̇z ko’p jag’dai’da jylap-en’i̇rep barlyq ki̇na’ni̇ basqag’a japqandy jaqsy ko’remi̇z. Ma’skey’ge, Stali’nni̇n’ bi’li̇gi̇ne ay’daramyz. Qazaq halqynyn’ qyryp-joi’yly’yna qazaq bi’li̇gi̇n basqary’s’y sayasi’ eli’ta da belgi̇li̇ bi̇r den’gei’de ki̇na’li̇. Ma’selen, qazaq halqynyn’ 49 proc’enti̇ni̇n’ ko’zi̇ joi’ylyp ketti̇. Bi̇r ulttyn’ jartysyna jy’yg’y qyrylyp qaldy. Nege o’zbek, qyrg’yz emes, qazaq osylai’ ko’p qyrg’yng’a us’yrady? Olarda da sondai’ sayasat ju’rdi̇, olar da qyryldy, bi̇raq qazaq ereks’e ko’p qyryldy.Negi̇zi̇nen, postsovetti̇k elder i̇s’i̇nde Resei’di̇n’, Y’krai’nanyn’, sodan son’ Qazaqstannyn’ halqy ko’p qyryldy. Nege? Bi̇zdi̇n’ ulttyq basqary’s’y eli’tanyn’ kems’i̇li̇gi̇nen, a’ri’ne. Bi̇z ony moi’ynday’ymyz kerek. Bi̇z Ma’skey’ tapsyrma berse, ony asyra orynday’g’a tyrysamyz. Osy — bi̇zdi̇n’ halqymyzdyn’ u’lken tragedi’yasy.Mysaly, O’zbekstandy alai’yq. Ma’skey’ tapsyrma beredi̇, o’zbekter basynda “i’a’, i’a'” dep qup ko’rgen yn’g’ai’ tanytady da, artyn sui’yltyp ji̇beredi̇. Mei’i̇li̇ns’e, ultqa qarsy du’ni’eden ai’nalyp o’ty’di̇n’ jolyn qarastyratyn edi̇.Al bi̇zde olai’ bolmady.

 

Ma’mbet Qoi’geldi̇, tari’h g’ylymdarynyn’ doktory, professor