Пазылбек Бисенбаев,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы
Ерхан Кәрбозов,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті
Тағылымы мол кездесу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің студенттері Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті С.Дәрібаев жетекшілік ететін «Жәдігер» әдеби-шығармашылық үйірмесінің жылдық жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ықылас атындағы ұлт-аспаптар мұражайының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, әнші, термеші, белгілі өнер тарланы Ұлжан Байбосыновамен кездесу өткізді.
ҚазҰУ қалашығында өткен әдеби-музыкалық кештің құрметті қонағы студенттер қауымына өнертану мен фольклортану саласында қордаланып қалған қыруар мәселелер жайында сыр шертті. Ұлжан Байбосынова – жыршылық өнермен қатар, әдебиет әлемінде де із қалдырып келе жатқан ғалым. Көне дәуірден келе жатқан жыр-дастандарды орындаудың шебері асқақ даусымен ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнін жаңғыртуда талмай еңбектеніп жүр. Ол жастарға өнердің құдіреттілігін айта келіп, өзі басқарып отырған ұжымның тыныс-тіршілігі жайлы да әңгіме қозғады. Мұражайға келу арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алатындығын айтып, ой бөлісті. Жастардың көкейінде жүрген барлық сұрақтарға жауап беріп, оларға арман-мақсат жолында ешқандай кедергіге мойымау керектігін айтып, халық өнерін ұлықтауға шақырды.
Кездесуді әнмен әрлеуге өнердегі іні-шәкірттері де келіп, әртүрлі аспаптарда өнер көрсетті.
Аталған шара жастардың көңілінен шығып, ерекше әсерге бөледі.
Кешті факультет деканының орынбасары Н. Сағындықов пен аға оқытушы Е. Карбозов қорытындылады.
Пазылбек Бисенбаев,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы
Ерхан Кәрбозов,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті
Tag’ylymy mol kezdesy’
A’l-Farabi’ atyndag’y Qazaq ulttyq y’ni’versi’teti̇ fi’lologi’ya ja’ne a’lem ti̇lderi̇ faky’lteti̇ni̇n’ sty’dentteri̇ Qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’ doc’enti̇ S.Da’ri̇baev jeteks’i̇li̇k eteti̇n «Ja’di̇ger» a’debi’-s’yg’armas’ylyq u’i’i̇rmesi̇ni̇n’ jyldyq josparyna sa’i’kes Qazaqstan Respy’bli’kasynyn’ en’bek si̇n’i̇rgen qai’ratkeri̇, Iqylas atyndag’y ult-aspaptar murajai’ynyn’ di’rektory, fi’lologi’ya g’ylymdarynyn’ kandi’daty, a’ns’i̇, termes’i̇, belgi̇li̇ o’ner tarlany Uljan Bai’bosynovamen kezdesy’ o’tki̇zdi̇.
QazUY’ qalas’yg’ynda o’tken a’debi’-my’zykalyq kes’ti̇n’ qurmetti̇ qonag’y sty’dentter qay’ymyna o’nertany’ men folklortany’ salasynda qordalanyp qalg’an qyry’ar ma’seleler jai’ynda syr s’ertti̇. Uljan Bai’bosynova – jyrs’ylyq o’nermen qatar, a’debi’et a’lemi̇nde de i̇z qaldyryp kele jatqan g’alym. Ko’ne da’y’i̇rden kele jatqan jyr-dastandardy orynday’dyn’ s’eberi̇ asqaq day’symen g’asyrlar qoi’nay’ynan jetken babalar u’ni̇n jan’g’yrty’da talmai’ en’bekteni̇p ju’r. Ol jastarg’a o’nerdi̇n’ qudi̇retti̇li̇gi̇n ai’ta keli̇p, o’zi̇ basqaryp otyrg’an ujymnyn’ tynys-ti̇rs’i̇li̇gi̇ jai’ly da a’n’gi̇me qozg’ady. Murajai’g’a kely’ arqyly a’r adam o’zi̇n basqa bi̇r qyrynan tany’g’a, qog’amnyn’ bi̇r bo’ls’egi̇ ekeni̇n ug’yny’g’a mu’mki̇ndi̇k alatyndyg’yn ai’typ, oi’ bo’li̇sti̇. Jastardyn’ ko’kei’i̇nde ju’rgen barlyq suraqtarg’a jay’ap beri̇p, olarg’a arman-maqsat jolynda es’qandai’ kedergi̇ge moi’ymay’ kerekti̇gi̇n ai’typ, halyq o’neri̇n ulyqtay’g’a s’aqyrdy.
Kezdesy’di̇ a’nmen a’rley’ge o’nerdegi̇ i̇ni̇-s’a’ki̇rtteri̇ de keli̇p, a’rtu’rli̇ aspaptarda o’ner ko’rsetti̇.
Atalg’an s’ara jastardyn’ ko’n’i̇li̇nen s’yg’yp, ereks’e a’serge bo’ledi̇.
Kes’ti̇ faky’ltet dekanynyn’ orynbasary N. Sag’yndyqov pen ag’a oqyty’s’y E. Karbozov qorytyndylady.
Pazylbek Bi’senbaev,
Qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’
ag’a oqyty’s’ysy
Erhan Ka’rbozov,
Qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’ doc’enti̇
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.