Jazy’s’y ja’ne oqyrman
Fi’lologi’ya ja’ne a’lem ti̇lderi̇ faky’lteti̇nde qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’ ui’ymdastyry’ymen QR Memleketti̇k syi’lyg’ynyn’ i’egeri̇, jazy’s’y Beksultan Nurjekeevti̇n’ tag’ylymdy da’ri̇si̇ o’tti̇. S’arag’a faky’ltetti̇n’ oqyty’s’y-professsorlar quramy, doktoranttar, magi’stranttar men sty’dantter qatysty.
Kezdesy’di̇ ju’rgi̇zgen qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’ men’gery’s’i̇si̇ Aly’a Temi̇rbolat belgi̇li̇ qalamgerdi̇n’ s’yg’armas’ylyq g’umyrbayanyna s’oly’ jasap, osyndai’ ju’zdesy’lerdi̇n’ a’debi’et su’i’er ortag’a asa qajet ekeni̇n basa ai’tty.
Kes’ Beksultan Nurjekeevti̇n’ «A’i’, du’ni’e-ai’!» ki̇taby to’n’i̇regi̇nde o’rbi̇di̇. S’yg’arma oqi’g’asy 1916 jylg’y ult-azattyq ko’teri̇li̇si̇nen bastalyp, qazaq eli̇ni̇n’ ta’y’elsi̇zdi̇k alg’an tusyna dei’i̇n o’rbi’di̇. Jazy’s’y ji’yn barysynda : «Bas kei’i̇pker S’a’i’i̇ Ti̇ley’li̇qyzy 1916 jylg’y ult-azattyq ko’teri̇li̇si̇n de, 1986 jylg’y Jeltoqsan ko’teri̇li̇si̇n de bastan kes’edi̇. 1991jyldyn’ 16 jeltoqsanynda Qazaqstannyn’ tun’g’ys’ Prezi’denti̇ N.A’.Nazarbaevtyn’ Qazaqstan Respy’bli’kasynyn’ ta’y’elsi̇zdi̇gi̇n jari’yalag’anyn esti̇p: «Qudai’ bar eken g’oi’» dep tebi̇rengen ai’ryqs’a halde ko’z jumady» dei’ keli̇p, s’yg’armanyn’ az so’zben ko’p oi’dy men’zey’ maqsatynda jazylg’anyn ai’tty.
Kezdesy’ge qatysy’s’ylar tarapynan taqyrypqa qyzyg’y’s’ylyq tanytqan ustazdar men sty’dentter kezek- kezek suraq qoi’dy. Qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’ doc’enti̇ Nurlan Sag’yndyqov qarymdy qalamgerge s’eksi̇z alg’ys ai’ta otyryp, u’s’ bo’li̇mnen turatyn romannyn’ tari’hi’ negi̇zi̇ne, obrazdar ju’i’esi̇ne , prototi’pter ma’selesi̇ne qatysty suraqtar qoi’dy. Ult bolas’ag’y ty’raly utqyr oi’larymen bo’li̇sti̇.
Kezdesy’ faky’ltet oqyty’s’ylary men sty’dentteri̇ u’s’i̇n o’te pai’daly boldy. S’ara son’ynda QR Memleketti̇k syi’lyg’ynyn’ i’egeri̇ Beksultan Nurjekeev «A’i’, du’ni’e-ai’!» romanyn faky’ltetke syi’g’a tartty.
Pazylbek Bi’senbaev,
Qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’
ag’a oqyty’s’ysy ;
Erhan Ka’rbozov,
Qazaq a’debi’eti̇ ja’ne a’debi’et teori’yasy kafedrasynyn’ doc’enti̇
Пазылбек Бисенбаев,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы ;
Ерхан Кәрбозов,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті
Жазушы және оқырман
Филология және әлем тілдері факультетінде қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің тағылымды дәрісі өтті. Шараға факультеттің оқытушы-професссорлар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студанттер қатысты.
Кездесуді жүргізген қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі Алуа Темірболат белгілі қаламгердің шығармашылық ғұмырбаянына шолу жасап, осындай жүздесулердің әдебиет сүйер ортаға аса қажет екенін баса айтты.
Кеш Бексұлтан Нұржекеевтің «Әй, дүние-ай!» кітабы төңірегінде өрбіді. Шығарма оқиғасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен басталып, қазақ елінің тәуелсіздік алған тұсына дейін өрбиді. Жазушы жиын барысында : «Бас кейіпкер Шәйі Тілеуліқызы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін де, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін де бастан кешеді. 1991жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялағанын естіп: «Құдай бар екен ғой» деп тебіренген айрықша халде көз жұмады» дей келіп, шығарманың аз сөзбен көп ойды меңзеу мақсатында жазылғанын айтты.
Кездесуге қатысушылар тарапынан тақырыпқа қызығушылық танытқан ұстаздар мен студенттер кезек- кезек сұрақ қойды. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті Нұрлан Сағындықов қарымды қаламгерге шексіз алғыс айта отырып, үш бөлімнен тұратын романның тарихи негізіне, образдар жүйесіне , прототиптер мәселесіне қатысты сұрақтар қойды. Ұлт болашағы туралы ұтқыр ойларымен бөлісті.
Кездесу факультет оқытушылары мен студенттері үшін өте пайдалы болды. Шара соңында ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеев «Әй, дүние-ай!» романын факультетке сыйға тартты.
Пазылбек Бисенбаев,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының
аға оқытушысы ;
Ерхан Кәрбозов,
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.