Қазақ мемлекеттігінің бір бастауы: Моғолстан, Қайду және Талас құрылтайы Ma’n’gi̇ el muraty – Mog’olstan

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

«Egemen Qazaqstan»

 

 

Қазақ мемлекеттігінің бір бастауы: Моғолстан, Қайду және Талас құрылтайы

 

 

2436 реткөрсетілді

Биыл тарлан тарихымызға бетбұрыс әкелген Талас құрылтайына 750 жыл толып отыр! Талай мемлекеттер ту көтерген киелі Талас жерінде 1269 жылы Қайду ханның шақыруымен ұлы құрылтай өтіп, Ұлы далада Жошы Ұлысы (Ұлық ұлыс – Алтын Орда) мен Моғолстан бой көтерді. Сондықтан биыл Алтын Орда мен Моғолстанның құрылуының да 750 жылдығы!

 

Мәңгі ел мұраты – Моғолстан

Ата тарихтың керуенін уақыт пен кеңістік тоғысында түйіскен тұтастықта қарасақ, арғы бастауын сонау сақ, ғұн, түрк қағанаты сынды алып империялардан алатын Қазақ хандығының одан беріде Жошы ұлысы мен Моғолстан мем­лекеттерінің негіздерін арқау етіп, дәстүр сабақтастығы аясында қалыптасқаны айқын болады. Бұл ретте біз көбіне қазақ хандығының Алтын ордамен байланысын айтамыз да, ал қоныс беріп, кейін онымен тұтасып кеткен Моғолстанның мұрасы жайында сөз қозғай бермейміз. Бұл тақы­рыптың В.В.Бартольд, В.П.Юдин, К.А.Пищулина сияқты ғалымдардан өзге жеткілікті дәре­жеде зерделене қой­мағаны тағы анық. Сондықтан Қазақ хан­ды­ғының тарихын арқау еткен «Алмас қылыш» сынды көркем фильмнің өзін­де Моғолстан мен оның астанасы Алма­лықтың тұрғын­дарын «сарт» етіп көр­сетіп, өрескел қателікке жол берген.

Бұл орайда, Мұхаммед Хайдар Дулатидің әйгілі «Тарих-и Рашиди» туындысында Қазақ хандығының қалыптасуы мен Моғолстан билеушісі Есенбұға жа­йында былай дейді: «Есенбұға ханның әскерінің көптігінен сұлтан Әбу Саид (Әмір Темірдің ұрпағы) әмірлері оларға қарсыласуға шамасы келмейтін еді…  Ханнан бөлініп әрқайсысы өз бетінше кетіп, қорған тұрғызған моғол әмірлері ханға да бағынбайтын. Хан да оларға тиіспей жүрген себебі – бір күндері өзіне қайтып оралар деген үміті бар еді. Сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билігін жүргізіп отырған  кезі еді. Жошы ұрпағының сұлтандары жорық жасап, Жәнібек пен Керей хан Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға хан оларды құрметпен қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алқабындағы Қозы­басыны берді». Демек, Керей мен Жәні­бек хандар Шу өңірінде шаңырақ көтергенде Моғолстан Қазақ хандығының кере­гесін кеңітетін, іргесін бекітетін ата­­ме­кен аймағын беріп қана қоймай, бай­­ра­ғын бірге көтерісетін бауырлас ел ре­тін­де табиғи қолдау білдірген деуге болады.

Моғолстан атауына негіз болған «моғол» сөзі Орталық Азияда XV ғасырдан бастап түрк, моңғол көшпелілердің этно­политонимі ретінде жалпылама атала бастады. Өзінен бұрынғы Қарахан мем­­ле­кетінің аумағына орналасқан Моғол­стан шығыста Қашғардан баста­лып, Жетісумен жалғасып, Шу, Талас, Қаратау өңірі­мен тұтасып, Сырға дейінгі аймақты түгел қамтыды. Шағатай ұлысының бір бөлігі де ХІV-XV ғасырларда «мам­лакат-и Моғолстан, Моғол ұлысы, Мо­ғо­лия» болып аталды. Осы аймақта туып, Ауғанстан асып, Үндістанға табан тіреген Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр­дың елі де кейін «Моғол мемлекеті» деп атала бастады.

Ғасырлар бедерінде қазақ этно­ге­не­зінің тұлғаланып сомдалуына Моғол­стан мемлекетінің айрықша үлес қосқанын осы елдің түпкілікті қоныс­танған ру-тай­палардың шежіресін зерделеп салыс­тырғанда айқын көрінетіні тағы бар. Шы­ғыстанушы В.П.Юдин «Моғол – түрк тілді қыпшақ тобының өкілдері, құра­мында керейт, қаңлы, дұғлат сынды ру-тай­палар болған» деген пікір айтады. Қыр­­ғыз ғалымы О.Караев «Мо­ғолстан қа­зақ халқының қалып­тасуын­да негізгі ұйыт­­қы болған» деп атап өтеді. Мұ­хам­мед Хай­дар Дулати әйгілі кітабында «мо­ғол мен қырғыз бір халық» дегенді ай­тады.

Сөйтіп, XIV ғасырдың орта тұсы­нан «Моғол» аталған жаңа этникалық үде­ріс­тің негізі қаланды. Моғолстан мем­леке­ті этногенездік тұрғыдан Орта­лық Азия­дағы этностардың байырғы және бүгін­гі құрамының жаңаша түзілуі­не ай­рықша ықпал етті, құдірет-күші тасы­ған бұл мемлекетте түркілік дәстүрге негіз­де­лінген ислам мәдениеті орнығып, қалып­тасты.

Құдіретті хан Қайду Бек

Моғолстан мемлекеті сөз болған­да, Шыңғыс хан ұрпақтарының арасында ерекше даңққа бөленіп, тарихтың доңғалағын жаңа бағытқа бұрған, Құбылай қаған ел астанасын Кайпинфүге көшіргенде оған қарсы шығып, Орталық Азиядағы түрк қауымының ынтымағының ұйытқысы болған тегеурінді билеуші Қайду туралы ерекше тоқталу қажет. Өгедей (Өгетай) ханның бесінші ұлы Қашыннан туған, Моғолстан ұлысының негізін қалаушы көкжал қолбасы Қайду туралы Рашид ад-дин, Жамал Қарши, Вассаф секілді тарихшылардың еңбектері мен «Юань ши» жылнамасында  біршама мәліметтер сақталған. Израильдік ғалым Михал Биран «Қайду және Орталық Азиядағы тәуелсіз моғол мемлекетінің билеушісі» деген еңбегінде Қайдудың Орталық Азияда тәуелсіз мемлекет құруда орасан зор қызмет атқарғандығын бірқатар жазба деректер негізінде дәйекті дәлелдейді.

Ұлы қаған Өгедейдің қолында тәрбиеленген Қайду мемлекет ісіне ерте араласты. Мөңке қаған 1251 жылы таққа отырғанда орда билігіне таласты деген күдікпен, қабілетті Қайдуды өзінен алыс ұстау үшін Тарбағатайға жер аударып жіберді. Бірақ бұл жас бөріні жасытпады. Ол Берке ханның қолдауына сүйене отырып Еміл-Тарбағатай мен Қара Ертістің бойына иелік етіп, күш жинай бастады. Мәмілегер дипломат әрі қабілетті қолбасы боп қалыптасқан Қайдудан қаймыққан Құбылай оны бірнеше мәрте қонаққа шақырды. Бірақ басты қарсыласы Құбылайдың қырық құбылған кәнігі айласын білген Қайду Қытайға бармай, Жошы ұрпақтарына жақындай берді. Қайду ханмен екі рет кездескен Жамал Қарши оны аса ақылды, парасатты, дана хан деп жазады. Ал Рашид ад-дин «Ол өте ақылды, қабілетті және айлакер кісі болатын. Барлық істерін ақыл-айламен ұйымдастыратын» деп сипаттайды. Қалай болғанда, Қайду хан тарихта 1236-1301 жылдары Шағатай ұлысының аумағында, қазіргі Қазақстанның оңтүстігі, Шығыс Түркістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан өңірінде 65 жыл бойы бекем билік жүргізіп, Құбылай қағанға қарсы Қарақорымдағы орданы басып алу жорықтарын ұйымдастырып, көшпелілердің дәстүрлі билік түзімін жалғастыру мақсатында Жошы, Шаға­тай, тіпті Құлағу әулеттерінің күшін біріктіруге орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде қалды.

Қайдудың мақсаты далалық көшпе­лі­лердің мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, атасы Шыңғыстан қалған «Ұлы Йасаны» қуаттап, пәрменді билік жүргізу болды. Сол замандарда оның бұл ата жолына аманатын қолдаған Ұлы далада буырқанып жөңкіген еркін көшпенділер бірлестігінен құралған  қуатты одақтар Қайдудың қол астына шоғырланған еді. Әйгілі Марко Поло өз жазбасында Қайду билігінде 100 мыңнан астам салт атты сарбаздар болғанын айтады. Түрк тектес дұғлат, арулат, қорұлат, жалайыр, қон­қо­тан, барлас, керей, найман, меркіт, қоңы­­рат, қатаған сияқты ру-тайпалардың би­леу­шілері Қайдуды ұдайы қолдап келді.

Қазақ хан­ды­ғының тарихын арқау еткен «Алмас қылыш» сынды көркем фильмнің өзін­де Моғолстан мен оның астанасы Алма­лықтың тұрғын­дарын «сарт» етіп көр­сетіп, өрескел қателікке жол берген.

Ата-баба жолын бұлжытпай сақтауды мақсат еткен Қайду 1269 жылы әйгілі Талас құрылтайын ұйымдастыру арқылы Құбылайға түбегейлі қарсылық танытып, түрк қағанаты тұрпатындағы тәуелсіз мемлекеттердің негізін қалады. Шын мәнінде осы тарихи оқиғадан кейін Қай­дудың саяси ұстанымы мен тікелей билігі арқасында Жошы, Шағатай, Моғолстан ұлысы Құбылай басқарған Юань мемлекетінен дербес өмір сүре бастады. Осы қадамдары арқылы Қайду – атасы Шыңғыс қағанның Мәңгілік елді мұрат еткен дәстүрлі мемлекетшілдік сая­сатын қолдаушы, Құбылайдың империя орталығын көшіруге түбегейлі қарсы­лық көрсеткен, далалық көшпелілердің еркін, тәуелсіз құрылымын жасақтаушы тұлға екенін айналасына көрсете білді. Ол Құбылайдың билігіне қарсы әскери жорықтар ұйымдастырып, Қарақорымды басып алуға бар күшін салды.

Осылайша, шығыста Құбылай бас­қарған бір қанат болса, батыста Жошы, Шағатай, Құлағу әулетімен одақтасқан Қайду басқарған жаңа қанат пайда болып, империяның билігі дербес мемлекеттік құрылымдар мен ұлыстардың билігі аясында дара жүргізіле бастады. Бұл қақтығыстар 1294 жылы Құбылай қайтыс болғанға дейін отыз жыл бойы жалғасты. Құбылай хан Қайдуды жеңе алмай, оны бас игізе алмай өмірден өтеді.

Осы кезеңдерде Тараз, Қаялық, Алма­лық, Қашғар, Хотан, Бұхара, Самарқан секілді он алтыдан астам қалада Қайдудың таңбасымен калима және «әл-хаһан әл-әділ әл-ағзам» деген жазулы күміс дирхемдер соғылып, ақша айналымында кеңінен қолданылды. Қайду заманының өзінде ақша айналымы дамығандығын, сауда-саттық жолдары қарқын алып, салтанатты қалалар гүлденгені айқын. Мұның барлығы болашақ Моғолстан мемлекетінің іргесін бекітіп, дербес дамуына елеулі ықпал етті.

Тарихи Талас құрылтайы

Қайдудың шақыруымен Талас өзені бойында Шағатай, Өгедей, Жошы әулетінің ханзада, нояндары жиналып, Орталық Азиядағы алғаш ұлы құрылтай өткізеді. Бұл тарихта 1269 жылғы Талас құрылтайы деп аталады.

Құрылтай өтетін жер ретінде тарихи Талас жерінің таңдап алынуы тегін емес еді. Қадым заманнан құтты қоныс болып саналатын бұл өңірде Оғыз ханның ордасы орналасты, түрк қағанатының түп қазығы қағылды, 751 жылғы Талас соғысы арқылы Таң империясына күйрете соққы берген түркілер алғаш рет ислам дінін қабылдады, одан кейін Баласағұн, Суяб, Тараз сынды қалалары бар Қарахан мемлекеті қанат жайды. Сондықтан Махмұт Қашқари кезінде «Ұлығ Талас» деп әспеттеген, киіз туырлықты түркі жұрты үшін киелі мекенде Қайду құрылтай өткізді. Қайду басқарған құрылтайға Алтын Ордадан Беркечар мен Мөңке-темір, Шағатай ұлысынан Барақ қатысты. В.В.Бартольд Талас құрылтайының маңыз­дылығына тоқталып, оны Қайду­дың ұйымдастырғанын атап көрсетеді. Құрылтай Орталық Азия тарихында Шыңғыс қаған орнатқан алып империядан кейін алғаш рет жеке дербес мемлекеттік билік жүргізудің тарихи бастауы болып қалды. Құрылтайда  Шыңғыс қағанның «Йаса» заңы, әулеттің саяси ұстанымдары мен байырғы түркілік дәстүрлердің сақталуы бағытында, көшпелілер мүддесін қорғаған  маңызды шешімдер қабылданды. Бұл жайында «Жамиғ ат-тауарих» былай жазады: «Хижраның 667 (1269 жылы) жылы көктемінде  ханзадалардың барлығы Талас пен Кенжектің жайлауында жиналды, сөйтіп бір апта тойлатқан соң, сегізінші күні кеңес құрылтай өткізді. Әуелі Қайду сөйледі: – Біздің даңқты атамыз Шыңғыс қаған әлемді парасаттылығымен, ақылмен және қылыш пен оқтардың соққысымен басып алып, тәртіпке келтірді, дайындап өз әулетіне тапсырды. Міне, біздің бәріміз әкелер жағынан бір-бірімізге туысқанбыз. Өзге ханзадалар болса, біздің аға-інілеріміз, олардың ортасында келіспеушіліктер мен алауыздық жоқ. Не үшін келіспеушіліктер мен алауыздықтар біздің ортамызда болуы керек?! – деді. Барақ: – Иә, жағдай осындай. Алайда мен де сол ағаштың жемісімін ғой. Маған да жұрт және өмір сүруге дүние тағайындалуы керек қой. Шағатай мен Өгедей Шыңғыс қағанның ұлдары еді. Өгедей қағанның естелігі ретінде Қайду, ал Шағатайдан мен, ал олардың үлкен ағасы болған Жошыдан Беркечар мен Мөңке-темір. Кенже іні Төледен Құбылай қаған болып қалды. Қазір ол олардың кеңдігін Ұлы Тәңірі ғана білетін Қытай мен Хотанның шығыс елдерін басып алды. Батыс елдерін Әмудариядан Шам мен Мысырға дейін әкесінің үлесі ретінде Абақа хан мен оның бауырлары иемденіп алды. Ал ол екі ұлыстардың ортасында сендердің иеліктерің болған Түркістан мен Дешті Қыпшақ аймақтары. Сендер маған бірігіп қарсы шықтыңдар. Мен қанша ойлансам да, өзімді күнә жасағандай болып есептемеймін, – деді. Олар: – Шындық сенің жағыңда. Шешім мынадай: бұдан былай өткенді еске алмайық, жайлау мен қыстауларды әділетті түрде бөліп алып, таулар мен жазықты жерлерге қоныстанайық, себебі бұл аймақтар қатты ойрандалған әрі өңделмеген, – деді».

Талас құрылтайының шешімімен үш ұлыстың шегарасы айқындалды. Мауереннаһрдың үштен екісін Барақ алды, үштен бірі Қайду мен Мөңке-темірге тиесілі болды. Қайдудың Бұхараның төңірегіне де билігі жүрді. Шыңғыс ханның ортақ мұрасы жолында бірлескен хандар бұдан былай қалаларға емес, тау­лар мен далаларға, жазық жерлерге қоныстанатын болып уағдаласты. Қайду мен Барақ бірін-бірі «анда» деп атап, анттасты. Құрылтайдан кейін Барақ Абақа ханнан жеңіліп, опат болғаннан кейін Қайдудың билігі тіпті арта түсті. Ол Иранда билік жүргізген Абақа ханмен де келісімге келіп, «анда» болды. Осылайша даңқы аспандап, ықпалы артқан Қайду Шу даласына хан ордасын тігеді. Ұлы далада жаңа тұрпатты мемлекеттердің қалыптасуына ықпал еткен ол 1301 жылы қайтыс болады. Рашид ад-дин «Іле мен Шу өзені бойындағы Сұңқарлық деген биік тауда Қайду және оның ханзадаларының сүйегі қойылған  жерлеу орындары бар», – дейді. Сондықтан тарихшылардың Іле мен Шу өзендері арасына арнайы экспедиция ұйымдастырып, қорықты тауып, зерттегені абзал болар еді.

Моғолстан мемлекеті Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығына енші беріп қана қойған жоқ, оған саяси қолдау көрсетіп, ресми түрде алғаш танып, мойындаған ел болды.

Осылайша Талас құрылтайы арқылы Шыңғыс хан құрған ұлы империя ыдырап, оның орнына Еуразия кеңістігінде түрк-ислам өркениетін ту еткен жаңа, дербес үш мемлекет – Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы және Моғолстан бой көтерді. Құрылтайдан кейін Жошы ұлысының әміршісі Мөңке-темір өзін хан деп атап, өз атынан теңге бастырды. Бұл – дербес мемлекеттің белгісі еді. Сондықтан Талас құрылтайы Алтын Орданың да бастауы деуге толық негіз бар. Ендеше биыл Алтын Орданың да құрылғанына 750 жыл толып отыр. Ал Ұлық Ұлыс – Алтын Орданың бір мұрагері Қазақ хандығы екені белгілі.

Қазақ хандығының бір бастауы

Қайду билік еткен Жетісу, Талас, Шу, Қаратау, Сыр және Мауереннаһр аумағында ежелден мекендеген үйсін, дұғлат, қарлұқ, йағма, жалайыр сынды байырғы түрк тайпалық одақтары Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне айрықша үлес қосты. Сондықтан Қазақ хандығының тарихы – Жошы ұлысымен қатар, Моғолстанның бай тарихымен тығыз байланыста өрілді. Бір сөзбен айтқанда, Моғолстан – Қазақ мемлекетінің қуатты бір бастауы болды. Көшпелі мемлекеттік дәстүр мен дала даналығын мирас еткен Қайду ұрпақтары Керей мен Жәнібек хандарға Шу өңірінен жер еншілеп беру арқылы оларға қамқорлық жасады деп айтуға болады. Біздің тарихнамада бүгінге дейін Моғолстан қазақ сұлтандарын қалмақтарға қарсы қолдану үшін оларға жер берді деген жаңсақ ұғым қалыптасқан. Біріншіден, Шу, Талас өңірі қалмақтың өтінде тұрған жоқ. Екіншіден, ол кезде қалмақ-ойрат қаупі мүлдем жоқ еді. Үшіншіден, ежелден Батыс түрк қағанаты, Қарахан мемлекеті сияқты империялардың бесігі болған, тіпті, Моғолстанның негізін қалаушы құдіретті Қайду мәңгілік тыныс тапқан құтты қонысын өздерінен пана сұрап келгендерге жай бере салу – ақылға сыймайды. Біздің пайымдауымызша, Керей мен Жәнібек Есенбұғаға барғанда Берке мен Қайдудың достығын арқау етіп, Талас құрылтайының шешімдерін алға тартты. Ал мығым Моғолстаннан қолдау тауып, қоныс алып, мойындалған Қазақ хандығы заңды мәртебеге ие болып, Әбілқайырдың қысымынан құтылды. Сондықтан Моғолстан мемлекеті Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығына енші беріп қана қойған жоқ, оған саяси қолдау көрсетіп, ресми түрде алғаш танып, мойындаған ел болды.

Жошы ұлысының мұрасын ала келген Керей мен Жәнібек хандар басқарған жоралы жұрттың Моғолстан иелігіндегі Талас, Шу бойында дербес шаңырақ көтеруі – Орталық Азия тарихында «алаш» деп ұран салған түрк халықтары үшін жаңа оқиғалардың айшықталуын қамтамасыз етті.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында біздің тарихымыздың еуроцентристік көзқараспен зерттеліп келгенін жазған еді. Қазір осы олқылықтың орнын толтырып, өткенімізді жаңаша пайымдауға тиіспіз. Бұл орайда, Моғолстан тарихы Қазақ мемлекеттілігінің ажырамас бөлігі ретінде жан-жақты, кешенді әрі тиянақты зерделенуге тиісті өзекті тақырыптың бірі деп есептейміз. Моғолстанның билік жүйесі, экономика-шаруашылығы, саяси-әскери құрылымы, ру-тайпалар құрамы және Қайду, Есенбұға сынды хандар мен билеушілерін арқау ететін тақырыптар бойынша тиянақты ғылыми-зерттеулер жүргізіп, оны Қазақ хандығының бір бастауы ретінде мектеп оқулықтарына енгізу қажет. Талас құрылтайы өткен жерге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің тарихи достығына арнайы ескерткіш қойып, Орталық Азияда үш ұлыстың құрылған мерейлі жылын бауырлас елдерде атап өту де ұлағатты іс болары анық. Бұл – биыл 750 жыл толып отырған Талас құрылтайы, Алтын Орда, Шағатай ұлысы және Моғолстан мемлекетін жаңаша зерделеудің басы болады деп сенеміз.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

«Egemen Qazaqstan»

 

Qazaq memleketti̇gi̇ni̇n’ bi̇r bastay’y: Mog’olstan, Qai’dy’ ja’ne Talas quryltai’y

2436 retko’rseti̇ldi̇
Bi’yl tarlan tari’hymyzg’a betburys a’kelgen Talas quryltai’yna 750 jyl tolyp otyr! Talai’ memleketter ty’ ko’tergen ki’eli̇ Talas jeri̇nde 1269 jyly Qai’dy’ hannyn’ s’aqyry’ymen uly quryltai’ o’ti̇p, Uly dalada Jos’y Ulysy (Ulyq ulys – Altyn Orda) men Mog’olstan boi’ ko’terdi̇. Sondyqtan bi’yl Altyn Orda men Mog’olstannyn’ quryly’ynyn’ da 750 jyldyg’y!

Ma’n’gi̇ el muraty – Mog’olstan

Ata tari’htyn’ kery’eni̇n y’aqyt pen ken’i̇sti̇k tog’ysynda tu’i’i̇sken tutastyqta qarasaq, arg’y bastay’yn sonay’ saq, g’un, tu’rk qag’anaty syndy alyp i’mperi’yalardan alatyn Qazaq handyg’ynyn’ odan beri̇de Jos’y ulysy men Mog’olstan mem-leketteri̇ni̇n’ negi̇zderi̇n arqay’ eti̇p, da’stu’r sabaqtastyg’y ayasynda qalyptasqany ai’qyn bolady. Bul rette bi̇z ko’bi̇ne qazaq handyg’ynyn’ Altyn ordamen bai’lanysyn ai’tamyz da, al qonys beri̇p, kei’i̇n onymen tutasyp ketken Mog’olstannyn’ murasy jai’ynda so’z qozg’ai’ bermei’mi̇z. Bul taqy¬ryptyn’ V.V.Bartold, V.P.Yudi’n, K.A.Pi’s’y’li’na si’yaqty g’alymdardan o’zge jetki̇li̇kti̇ da’re¬jede zerdelene qoi’¬mag’any tag’y anyq. Sondyqtan Qazaq han¬dy¬g’ynyn’ tari’hyn arqay’ etken «Almas qylys’» syndy ko’rkem fi’lmni̇n’ o’zi̇n¬de Mog’olstan men onyn’ astanasy Alma¬lyqtyn’ turg’yn¬daryn «sart» eti̇p ko’r¬seti̇p, o’reskel qateli̇kke jol bergen.
Bul orai’da, Muhammed Xai’dar Dy’lati’di̇n’ a’i’gi̇li̇ «Tari’h-i’ Ras’i’di’» ty’yndysynda Qazaq handyg’ynyn’ qalyptasy’y men Mog’olstan bi’ley’s’i̇si̇ Esenbug’a ja¬i’ynda bylai’ dei’di̇: «Esenbug’a hannyn’ a’skeri̇ni̇n’ ko’pti̇gi̇nen sultan A’by’ Sai’d (A’mi̇r Temi̇rdi̇n’ urpag’y) a’mi̇rleri̇ olarg’a qarsylasy’g’a s’amasy kelmei’ti̇n edi̇… Xannan bo’li̇ni̇p a’rqai’sysy o’z beti̇ns’e keti̇p, qorg’an turg’yzg’an mog’ol a’mi̇rleri̇ hang’a da bag’ynbai’tyn. Xan da olarg’a ti’i̇spei’ ju’rgen sebebi̇ – bi̇r ku’nderi̇ o’zi̇ne qai’typ oralar degen u’mi̇ti̇ bar edi̇. Sol zamanda A’bi̇lqai’yr hannyn’ Des’ti̇ Qyps’aq dalasyna tu’geldei’ bi’li̇gi̇n ju’rgi̇zi̇p otyrg’an kezi̇ edi̇. Jos’y urpag’ynyn’ sultandary joryq jasap, Ja’ni̇bek pen Kerei’ han Mog’olstang’a keti̇p qalg’an edi̇. Esenbug’a han olardy qurmetpen qarsy alyp, qonystany’g’a Mog’olstannyn’ batys jag’yndag’y S’y’ o’zeni̇ alqabyndag’y Qozy¬basyny berdi̇». Demek, Kerei’ men Ja’ni̇¬bek handar S’y’ o’n’i̇ri̇nde s’an’yraq ko’tergende Mog’olstan Qazaq handyg’ynyn’ kere¬gesi̇n ken’i̇teti̇n, i̇rgesi̇n beki̇teti̇n ata¬¬me¬ken ai’mag’yn beri̇p qana qoi’mai’, bai’¬¬ra¬g’yn bi̇rge ko’teri̇seti̇n bay’yrlas el re¬ti̇n¬de tabi’g’i’ qolday’ bi̇ldi̇rgen dey’ge bolady.
Mog’olstan atay’yna negi̇z bolg’an «mog’ol» so’zi̇ Ortalyq Azi’yada XV g’asyrdan bastap tu’rk, mon’g’ol ko’s’peli̇lerdi̇n’ etno¬poli’toni’mi̇ reti̇nde jalpylama atala bastady. O’zi̇nen buryng’y Qarahan mem¬¬le¬keti̇ni̇n’ ay’mag’yna ornalasqan Mog’ol¬stan s’yg’ysta Qas’g’ardan basta¬lyp, Jeti̇sy’men jalg’asyp, S’y’, Talas, Qaratay’ o’n’i̇ri̇¬men tutasyp, Syrg’a dei’i̇ngi̇ ai’maqty tu’gel qamtydy. S’ag’atai’ ulysynyn’ bi̇r bo’li̇gi̇ de XIV-XV g’asyrlarda «mam¬lakat-i’ Mog’olstan, Mog’ol ulysy, Mo¬g’o¬li’ya» bolyp ataldy. Osy ai’maqta ty’yp, Ay’g’anstan asyp, U’ndi̇stang’a taban ti̇regen Zahi’r ad-di’n Muhammed Babyr¬dyn’ eli̇ de kei’i̇n «Mog’ol memleketi̇» dep atala bastady.
G’asyrlar bederi̇nde qazaq etno¬ge¬ne¬zi̇ni̇n’ tulg’alanyp somdaly’yna Mog’ol¬stan memleketi̇ni̇n’ ai’ryqs’a u’les qosqanyn osy eldi̇n’ tu’pki̇li̇kti̇ qonys¬tang’an ry’-tai’-palardyn’ s’eji̇resi̇n zerdelep salys¬tyrg’anda ai’qyn ko’ri̇neti̇ni̇ tag’y bar. S’y-g’ystany’s’y V.P.Yudi’n «Mog’ol – tu’rk ti̇ldi̇ qyps’aq tobynyn’ o’ki̇lderi̇, qura¬mynda kerei’t, qan’ly, dug’lat syndy ry’-tai’¬palar bolg’an» degen pi̇ki̇r ai’tady. Qyr¬¬g’yz g’alymy O.Karaev «Mo¬g’olstan qa¬zaq halqynyn’ qalyp¬tasy’yn¬da negi̇zgi̇ ui’yt¬¬qy bolg’an» dep atap o’tedi̇. Mu¬ham¬med Xai’¬dar Dy’lati’ a’i’gi̇li̇ ki̇tabynda «mo¬g’ol men qyrg’yz bi̇r halyq» degendi̇ ai’¬tady.
So’i’ti̇p, XIV g’asyrdyn’ orta tusy¬nan «Mog’ol» atalg’an jan’a etni’kalyq u’de¬ri̇s¬ti̇n’ negi̇zi̇ qalandy. Mog’olstan mem¬leke¬ti̇ etnogenezdi̇k turg’ydan Orta¬lyq Azi’ya¬dag’y etnostardyn’ bai’yrg’y ja’ne bu’gi̇n¬gi̇ quramynyn’ jan’as’a tu’zi̇ly’i̇¬ne ai’¬ryqs’a yqpal etti̇, qudi̇ret-ku’s’i̇ tasy¬g’an bul memlekette tu’rki̇li̇k da’stu’rge negi̇z¬de¬li̇ngen i’slam ma’deni’eti̇ ornyg’yp, qalyp¬tasty.
Qudi̇retti̇ han Qai’dy’ Bek
Mog’olstan memleketi̇ so’z bolg’an¬da, S’yn’g’ys han urpaqtarynyn’ arasynda ereks’e dan’qqa bo’leni̇p, tari’htyn’ don’g’alag’yn jan’a bag’ytqa burg’an, Qubylai’ qag’an el astanasyn Kai’pi’nfu’ge ko’s’i̇rgende og’an qarsy s’yg’yp, Ortalyq Azi’yadag’y tu’rk qay’ymynyn’ yntymag’ynyn’ ui’ytqysy bolg’an tegey’ri̇ndi̇ bi’ley’s’i̇ Qai’dy’ ty’raly ereks’e toqtaly’ qajet. O’gedei’ (O’getai’) hannyn’ besi̇ns’i̇ uly Qas’ynnan ty’g’an, Mog’olstan ulysynyn’ negi̇zi̇n qalay’s’y ko’kjal qolbasy Qai’dy’ ty’raly Ras’i’d ad-di’n, Jamal Qars’i’, Vassaf seki̇ldi̇ tari’hs’ylardyn’ en’bekteri̇ men «Yuan s’i’» jylnamasynda bi̇rs’ama ma’li̇metter saqtalg’an. I’zrai’ldi̇k g’alym Mi’hal Bi’ran «Qai’dy’ ja’ne Ortalyq Azi’yadag’y ta’y’elsi̇z mog’ol memleketi̇ni̇n’ bi’ley’s’i̇si̇» degen en’begi̇nde Qai’dy’dyn’ Ortalyq Azi’yada ta’y’elsi̇z memleket qury’da orasan zor qyzmet atqarg’andyg’yn bi̇rqatar jazba derekter negi̇zi̇nde da’i’ekti̇ da’leldei’di̇.
Uly qag’an O’gedei’di̇n’ qolynda ta’rbi’elengen Qai’dy’ memleket i̇si̇ne erte aralasty. Mo’n’ke qag’an 1251 jyly taqqa otyrg’anda orda bi’li̇gi̇ne talasty degen ku’di̇kpen, qabi̇letti̇ Qai’dy’dy o’zi̇nen alys ustay’ u’s’i̇n Tarbag’atai’g’a jer ay’daryp ji̇berdi̇. Bi̇raq bul jas bo’ri̇ni̇ jasytpady. Ol Berke hannyn’ qolday’yna su’i’ene otyryp Emi̇l-Tarbag’atai’ men Qara Erti̇sti̇n’ boi’yna i’eli̇k eti̇p, ku’s’ ji’nai’ bastady. Ma’mi̇leger di’plomat a’ri̇ qabi̇letti̇ qolbasy bop qalyptasqan Qai’dy’dan qai’myqqan Qubylai’ ony bi̇rnes’e ma’rte qonaqqa s’aqyrdy. Bi̇raq basty qarsylasy Qubylai’dyn’ qyryq qubylg’an ka’ni̇gi̇ ai’lasyn bi̇lgen Qai’dy’ Qytai’g’a barmai’, Jos’y urpaqtaryna jaqyndai’ berdi̇. Qai’dy’ hanmen eki̇ ret kezdesken Jamal Qars’i’ ony asa aqyldy, parasatty, dana han dep jazady. Al Ras’i’d ad-di’n «Ol o’te aqyldy, qabi̇letti̇ ja’ne ai’laker ki̇si̇ bolatyn. Barlyq i̇steri̇n aqyl-ai’lamen ui’ymdastyratyn» dep si’pattai’dy. Qalai’ bolg’anda, Qai’dy’ han tari’hta 1236-1301 jyldary S’ag’atai’ ulysynyn’ ay’mag’ynda, qazi̇rgi̇ Qazaqstannyn’ on’tu’sti̇gi̇, S’yg’ys Tu’rki̇stan, Qyrg’yzstan, O’zbekstan, Tu’ri̇kmenstan, Ta’ji̇kstan ja’ne Ay’g’anstan o’n’i̇ri̇nde 65 jyl boi’y bekem bi’li̇k ju’rgi̇zi̇p, Qubylai’ qag’ang’a qarsy Qaraqorymdag’y ordany basyp aly’ joryqtaryn ui’ymdastyryp, ko’s’peli̇lerdi̇n’ da’stu’rli̇ bi’li̇k tu’zi̇mi̇n jalg’astyry’ maqsatynda Jos’y, S’ag’a¬tai’, ti̇pti̇ Qulag’y’ a’y’letteri̇ni̇n’ ku’s’i̇n bi̇ri̇kti̇ry’ge orasan zor en’bek si̇n’i̇rgen tulg’a reti̇nde qaldy.
Qai’dy’dyn’ maqsaty dalalyq ko’s’pe¬li̇¬lerdi̇n’ memleketti̇li̇k da’stu’ri̇n jan’g’yrty’, atasy S’yn’g’ystan qalg’an «Uly I’asany» qy’attap, pa’rmendi̇ bi’li̇k ju’rgi̇zy’ boldy. Sol zamandarda onyn’ bul ata jolyna amanatyn qoldag’an Uly dalada by’yrqanyp jo’n’ki̇gen erki̇n ko’s’pendi̇ler bi̇rlesti̇gi̇nen quralg’an qy’atty odaqtar Qai’dy’dyn’ qol astyna s’og’yrlang’an edi̇. A’i’gi̇li̇ Marko Polo o’z jazbasynda Qai’dy’ bi’li̇gi̇nde 100 myn’nan astam salt atty sarbazdar bolg’anyn ai’tady. Tu’rk tektes dug’lat, ary’lat, qorulat, jalai’yr, qon¬qo¬tan, barlas, kerei’, nai’man, merki̇t, qon’y¬¬rat, qatag’an si’yaqty ry’-tai’palardyn’ bi’¬ley’¬s’i̇leri̇ Qai’dy’dy udai’y qoldap keldi̇.
Qazaq han¬dy¬g’ynyn’ tari’hyn arqay’ etken «Almas qylys’» syndy ko’rkem fi’lmni̇n’ o’zi̇n-de Mog’olstan men onyn’ astanasy Alma¬lyqtyn’ turg’yn¬daryn «sart» eti̇p ko’r¬seti̇p, o’reskel qateli̇kke jol bergen.
Ata-baba jolyn buljytpai’ saqtay’dy maqsat etken Qai’dy’ 1269 jyly a’i’gi̇li̇ Talas quryltai’yn ui’ymdastyry’ arqyly Qubylai’g’a tu’begei’li̇ qarsylyq tanytyp, tu’rk qag’anaty turpatyndag’y ta’y’elsi̇z memleketterdi̇n’ negi̇zi̇n qalady. S’yn ma’ni̇nde osy tari’hi’ oqi’g’adan kei’i̇n Qai’¬dy’dyn’ sayasi’ ustanymy men ti̇kelei’ bi’li̇gi̇ arqasynda Jos’y, S’ag’atai’, Mog’olstan ulysy Qubylai’ basqarg’an Yuan memleketi̇nen derbes o’mi̇r su’re bastady. Osy qadamdary arqyly Qai’dy’ – atasy S’yn’g’ys qag’annyn’ Ma’n’gi̇li̇k eldi̇ murat etken da’stu’rli̇ memlekets’i̇ldi̇k saya¬satyn qolday’s’y, Qubylai’dyn’ i’mperi’ya ortalyg’yn ko’s’i̇ry’ge tu’begei’li̇ qarsy¬lyq ko’rsetken, dalalyq ko’s’peli̇lerdi̇n’ erki̇n, ta’y’elsi̇z qurylymyn jasaqtay’s’y tulg’a ekeni̇n ai’nalasyna ko’rsete bi̇ldi̇. Ol Qubylai’dyn’ bi’li̇gi̇ne qarsy a’skeri’ joryqtar ui’ymdastyryp, Qaraqorymdy basyp aly’g’a bar ku’s’i̇n saldy.
Osylai’s’a, s’yg’ysta Qubylai’ bas¬qarg’an bi̇r qanat bolsa, batysta Jos’y, S’ag’atai’, Qulag’y’ a’y’leti̇men odaqtasqan Qai’dy’ basqarg’an jan’a qanat pai’da bolyp, i’mperi’yanyn’ bi’li̇gi̇ derbes memleketti̇k qurylymdar men ulystardyn’ bi’li̇gi̇ ayasynda dara ju’rgi̇zi̇le bastady. Bul qaqtyg’ystar 1294 jyly Qubylai’ qai’tys bolg’ang’a dei’i̇n otyz jyl boi’y jalg’asty. Qubylai’ han Qai’dy’dy jen’e almai’, ony bas i’gi̇ze almai’ o’mi̇rden o’tedi̇.
Osy kezen’derde Taraz, Qayalyq, Alma¬lyq, Qas’g’ar, Xotan, Buhara, Samarqan seki̇ldi̇ on altydan astam qalada Qai’dy’dyn’ tan’basymen kali’ma ja’ne «a’l-hahan a’l-a’di̇l a’l-ag’zam» degen jazy’ly ku’mi̇s di’rhemder sog’ylyp, aqs’a ai’nalymynda ken’i̇nen qoldanyldy. Qai’dy’ zamanynyn’ o’zi̇nde aqs’a ai’nalymy damyg’andyg’yn, say’da-sattyq joldary qarqyn alyp, saltanatty qalalar gu’ldengeni̇ ai’qyn. Munyn’ barlyg’y bolas’aq Mog’olstan memleketi̇ni̇n’ i̇rgesi̇n beki̇ti̇p, derbes damy’yna eley’li̇ yqpal etti̇.
Tari’hi’ Talas quryltai’y
Qai’dy’dyn’ s’aqyry’ymen Talas o’zeni̇ boi’ynda S’ag’atai’, O’gedei’, Jos’y a’y’leti̇ni̇n’ hanzada, noyandary ji’nalyp, Ortalyq Azi’yadag’y alg’as’ uly quryltai’ o’tki̇zedi̇. Bul tari’hta 1269 jylg’y Talas quryltai’y dep atalady.
Quryltai’ o’teti̇n jer reti̇nde tari’hi’ Talas jeri̇ni̇n’ tan’dap alyny’y tegi̇n emes edi̇. Qadym zamannan qutty qonys bolyp sanalatyn bul o’n’i̇rde Og’yz hannyn’ ordasy ornalasty, tu’rk qag’anatynyn’ tu’p qazyg’y qag’yldy, 751 jylg’y Talas sog’ysy arqyly Tan’ i’mperi’yasyna ku’i’rete soqqy bergen tu’rki̇ler alg’as’ ret i’slam di̇ni̇n qabyldady, odan kei’i̇n Balasag’un, Sy’yab, Taraz syndy qalalary bar Qarahan memleketi̇ qanat jai’dy. Sondyqtan Mahmut Qas’qari’ kezi̇nde «Ulyg’ Talas» dep a’spettegen, ki’i̇z ty’yrlyqty tu’rki̇ jurty u’s’i̇n ki’eli̇ mekende Qai’dy’ quryltai’ o’tki̇zdi̇. Qai’dy’ basqarg’an quryltai’g’a Altyn Ordadan Berkec’ar men Mo’n’ke-temi̇r, S’ag’atai’ ulysynan Baraq qatysty. V.V.Bartold Talas quryltai’ynyn’ man’yz-dylyg’yna toqtalyp, ony Qai’dy’¬dyn’ ui’ymdastyrg’anyn atap ko’rsetedi̇. Quryltai’ Ortalyq Azi’ya tari’hynda S’yn’g’ys qag’an ornatqan alyp i’mperi’yadan kei’i̇n alg’as’ ret jeke derbes memleketti̇k bi’li̇k ju’rgi̇zy’di̇n’ tari’hi’ bastay’y bolyp qaldy. Quryltai’da S’yn’g’ys qag’annyn’ «I’asa» zan’y, a’y’letti̇n’ sayasi’ ustanymdary men bai’yrg’y tu’rki̇li̇k da’stu’rlerdi̇n’ saqtaly’y bag’ytynda, ko’s’peli̇ler mu’ddesi̇n qorg’ag’an man’yzdy s’es’i̇mder qabyldandy. Bul jai’ynda «Jami’g’ at-tay’ari’h» bylai’ jazady: «Xi’jranyn’ 667 (1269 jyly) jyly ko’ktemi̇nde hanzadalardyn’ barlyg’y Talas pen Kenjekti̇n’ jai’lay’ynda ji’naldy, so’i’ti̇p bi̇r apta toi’latqan son’, segi̇zi̇ns’i̇ ku’ni̇ ken’es quryltai’ o’tki̇zdi̇. A’y’eli̇ Qai’dy’ so’i’ledi̇: – Bi̇zdi̇n’ dan’qty atamyz S’yn’g’ys qag’an a’lemdi̇ parasattylyg’ymen, aqylmen ja’ne qylys’ pen oqtardyn’ soqqysymen basyp alyp, ta’rti̇pke kelti̇rdi̇, dai’yndap o’z a’y’leti̇ne tapsyrdy. Mi̇ne, bi̇zdi̇n’ ba’ri̇mi̇z a’keler jag’ynan bi̇r-bi̇ri̇mi̇zge ty’ysqanbyz. O’zge hanzadalar bolsa, bi̇zdi̇n’ ag’a-i̇ni̇leri̇mi̇z, olardyn’ ortasynda keli̇spey’s’i̇li̇kter men alay’yzdyq joq. Ne u’s’i̇n keli̇spey’s’i̇li̇kter men alay’yzdyqtar bi̇zdi̇n’ ortamyzda boly’y kerek?! – dedi̇. Baraq: – I’a’, jag’dai’ osyndai’. Alai’da men de sol ag’as’tyn’ jemi̇si̇mi̇n g’oi’. Mag’an da jurt ja’ne o’mi̇r su’ry’ge du’ni’e tag’ai’yndaly’y kerek qoi’. S’ag’atai’ men O’gedei’ S’yn’g’ys qag’annyn’ uldary edi̇. O’gedei’ qag’annyn’ esteli̇gi̇ reti̇nde Qai’dy’, al S’ag’atai’dan men, al olardyn’ u’lken ag’asy bolg’an Jos’ydan Berkec’ar men Mo’n’ke-temi̇r. Kenje i̇ni̇ To’leden Qubylai’ qag’an bolyp qaldy. Qazi̇r ol olardyn’ ken’di̇gi̇n Uly Ta’n’i̇ri̇ g’ana bi̇leti̇n Qytai’ men Xotannyn’ s’yg’ys elderi̇n basyp aldy. Batys elderi̇n A’my’dari’yadan S’am men Mysyrg’a dei’i̇n a’kesi̇ni̇n’ u’lesi̇ reti̇nde Abaqa han men onyn’ bay’yrlary i’emdeni̇p aldy. Al ol eki̇ ulystardyn’ ortasynda senderdi̇n’ i’eli̇kteri̇n’ bolg’an Tu’rki̇stan men Des’ti̇ Qyps’aq ai’maqtary. Sender mag’an bi̇ri̇gi̇p qarsy s’yqtyn’dar. Men qans’a oi’lansam da, o’zi̇mdi̇ ku’na’ jasag’andai’ bolyp eseptemei’mi̇n, – dedi̇. Olar: – S’yndyq seni̇n’ jag’yn’da. S’es’i̇m mynadai’: budan bylai’ o’tkendi̇ eske almai’yq, jai’lay’ men qystay’lardy a’di̇letti̇ tu’rde bo’li̇p alyp, tay’lar men jazyqty jerlerge qonystanai’yq, sebebi̇ bul ai’maqtar qatty oi’randalg’an a’ri̇ o’n’delmegen, – dedi̇».
Talas quryltai’ynyn’ s’es’i̇mi̇men u’s’ ulystyn’ s’egarasy ai’qyndaldy. May’erennahrdyn’ u’s’ten eki̇si̇n Baraq aldy, u’s’ten bi̇ri̇ Qai’dy’ men Mo’n’ke-temi̇rge ti’esi̇li̇ boldy. Qai’dy’dyn’ Buharanyn’ to’n’i̇regi̇ne de bi’li̇gi̇ ju’rdi̇. S’yn’g’ys hannyn’ ortaq murasy jolynda bi̇rlesken handar budan bylai’ qalalarg’a emes, tay’¬lar men dalalarg’a, jazyq jerlerge qonystanatyn bolyp y’ag’dalasty. Qai’dy’ men Baraq bi̇ri̇n-bi̇ri̇ «anda» dep atap, anttasty. Quryltai’dan kei’i̇n Baraq Abaqa hannan jen’i̇li̇p, opat bolg’annan kei’i̇n Qai’dy’dyn’ bi’li̇gi̇ ti̇pti̇ arta tu’sti̇. Ol I’randa bi’li̇k ju’rgi̇zgen Abaqa hanmen de keli̇si̇mge keli̇p, «anda» boldy. Osylai’s’a dan’qy aspandap, yqpaly artqan Qai’dy’ S’y’ dalasyna han ordasyn ti̇gedi̇. Uly dalada jan’a turpatty memleketterdi̇n’ qalyptasy’yna yqpal etken ol 1301 jyly qai’tys bolady. Ras’i’d ad-di’n «Ile men S’y’ o’zeni̇ boi’yndag’y Sun’qarlyq degen bi’i̇k tay’da Qai’dy’ ja’ne onyn’ hanzadalarynyn’ su’i’egi̇ qoi’ylg’an jerley’ oryndary bar», – dei’di̇. Sondyqtan tari’hs’ylardyn’ Ile men S’y’ o’zenderi̇ arasyna arnai’y ekspedi’c’i’ya ui’ymdastyryp, qoryqty tay’yp, zerttegeni̇ abzal bolar edi̇.
Mog’olstan memleketi̇ Kerei’ men Ja’ni̇bek qurg’an Qazaq handyg’yna ens’i̇ beri̇p qana qoi’g’an joq, og’an sayasi’ qolday’ ko’rseti̇p, resmi’ tu’rde alg’as’ tanyp, moi’yndag’an el boldy.
Osylai’s’a Talas quryltai’y arqyly S’yn’g’ys han qurg’an uly i’mperi’ya ydyrap, onyn’ ornyna Ey’razi’ya ken’i̇sti̇gi̇nde tu’rk-i’slam o’rkeni’eti̇n ty’ etken jan’a, derbes u’s’ memleket – Jos’y ulysy, S’ag’atai’ ulysy ja’ne Mog’olstan boi’ ko’terdi̇. Quryltai’dan kei’i̇n Jos’y ulysynyn’ a’mi̇rs’i̇si̇ Mo’n’ke-temi̇r o’zi̇n han dep atap, o’z atynan ten’ge bastyrdy. Bul – derbes memleketti̇n’ belgi̇si̇ edi̇. Sondyqtan Talas quryltai’y Altyn Ordanyn’ da bastay’y dey’ge tolyq negi̇z bar. Endes’e bi’yl Altyn Ordanyn’ da qurylg’anyna 750 jyl tolyp otyr. Al Ulyq Ulys – Altyn Ordanyn’ bi̇r murageri̇ Qazaq handyg’y ekeni̇ belgi̇li̇.
Qazaq handyg’ynyn’ bi̇r bastay’y
Qai’dy’ bi’li̇k etken Jeti̇sy’, Talas, S’y’, Qaratay’, Syr ja’ne May’erennahr ay’mag’ynda ejelden mekendegen u’i’si̇n, dug’lat, qarluq, i’ag’ma, jalai’yr syndy bai’yrg’y tu’rk tai’palyq odaqtary Qazaq handyg’ynyn’ s’an’yraq ko’tery’i̇ne ai’ryqs’a u’les qosty. Sondyqtan Qazaq handyg’ynyn’ tari’hy – Jos’y ulysymen qatar, Mog’olstannyn’ bai’ tari’hymen tyg’yz bai’lanysta o’ri̇ldi̇. Bi̇r so’zben ai’tqanda, Mog’olstan – Qazaq memleketi̇ni̇n’ qy’atty bi̇r bastay’y boldy. Ko’s’peli̇ memleketti̇k da’stu’r men dala danalyg’yn mi’ras etken Qai’dy’ urpaqtary Kerei’ men Ja’ni̇bek handarg’a S’y’ o’n’i̇ri̇nen jer ens’i̇lep bery’ arqyly olarg’a qamqorlyq jasady dep ai’ty’g’a bolady. Bi̇zdi̇n’ tari’hnamada bu’gi̇nge dei’i̇n Mog’olstan qazaq sultandaryn qalmaqtarg’a qarsy qoldany’ u’s’i̇n olarg’a jer berdi̇ degen jan’saq ug’ym qalyptasqan. Bi̇ri̇ns’i̇den, S’y’, Talas o’n’i̇ri̇ qalmaqtyn’ o’ti̇nde turg’an joq. Eki̇ns’i̇den, ol kezde qalmaq-oi’rat qay’pi̇ mu’ldem joq edi̇. U’s’i̇ns’i̇den, ejelden Batys tu’rk qag’anaty, Qarahan memleketi̇ si’yaqty i’mperi’yalardyn’ besi̇gi̇ bolg’an, ti̇pti̇, Mog’olstannyn’ negi̇zi̇n qalay’s’y qudi̇retti̇ Qai’dy’ ma’n’gi̇li̇k tynys tapqan qutty qonysyn o’zderi̇nen pana surap kelgenderge jai’ bere saly’ – aqylg’a syi’mai’dy. Bi̇zdi̇n’ pai’ymday’ymyzs’a, Kerei’ men Ja’ni̇bek Esenbug’ag’a barg’anda Berke men Qai’dy’dyn’ dostyg’yn arqay’ eti̇p, Talas quryltai’ynyn’ s’es’i̇mderi̇n alg’a tartty. Al myg’ym Mog’olstannan qolday’ tay’yp, qonys alyp, moi’yndalg’an Qazaq handyg’y zan’dy ma’rtebege i’e bolyp, A’bi̇lqai’yrdyn’ qysymynan qutyldy. Sondyqtan Mog’olstan memleketi̇ Kerei’ men Ja’ni̇bek qurg’an Qazaq handyg’yna ens’i̇ beri̇p qana qoi’g’an joq, og’an sayasi’ qolday’ ko’rseti̇p, resmi’ tu’rde alg’as’ tanyp, moi’yndag’an el boldy.
Jos’y ulysynyn’ murasyn ala kelgen Kerei’ men Ja’ni̇bek handar basqarg’an joraly jurttyn’ Mog’olstan i’eli̇gi̇ndegi̇ Talas, S’y’ boi’ynda derbes s’an’yraq ko’tery’i̇ – Ortalyq Azi’ya tari’hynda «alas’» dep uran salg’an tu’rk halyqtary u’s’i̇n jan’a oqi’g’alardyn’ ai’s’yqtaly’yn qamtamasyz etti̇.
Elbasy «Uly dalanyn’ jeti̇ qyry» atty bag’darlamalyq maqalasynda bi̇zdi̇n’ tari’hymyzdyn’ ey’roc’entri’sti̇k ko’zqaraspen zertteli̇p kelgeni̇n jazg’an edi̇. Qazi̇r osy olqylyqtyn’ ornyn toltyryp, o’tkeni̇mi̇zdi̇ jan’as’a pai’ymday’g’a ti’i̇spi̇z. Bul orai’da, Mog’olstan tari’hy Qazaq memleketti̇li̇gi̇ni̇n’ ajyramas bo’li̇gi̇ reti̇nde jan-jaqty, kes’endi̇ a’ri̇ ti’yanaqty zerdeleny’ge ti’i̇sti̇ o’zekti̇ taqyryptyn’ bi̇ri̇ dep eseptei’mi̇z. Mog’olstannyn’ bi’li̇k ju’i’esi̇, ekonomi’ka-s’ary’as’ylyg’y, sayasi’-a’skeri’ qurylymy, ry’-tai’palar quramy ja’ne Qai’dy’, Esenbug’a syndy handar men bi’ley’s’i̇leri̇n arqay’ eteti̇n taqyryptar boi’yns’a ti’yanaqty g’ylymi’-zerttey’ler ju’rgi̇zi̇p, ony Qazaq handyg’ynyn’ bi̇r bastay’y reti̇nde mektep oqy’lyqtaryna engi̇zy’ qajet. Talas quryltai’y o’tken jerge Qazaqstan, Qyrg’yzstan, O’zbekstan memleketteri̇ni̇n’ tari’hi’ dostyg’yna arnai’y eskertki̇s’ qoi’yp, Ortalyq Azi’yada u’s’ ulystyn’ qurylg’an merei’li̇ jylyn bay’yrlas elderde atap o’ty’ de ulag’atty i̇s bolary anyq. Bul – bi’yl 750 jyl tolyp otyrg’an Talas quryltai’y, Altyn Orda, S’ag’atai’ ulysy ja’ne Mog’olstan memleketi̇n jan’as’a zerdeley’di̇n’ basy bolady dep senemi̇z.
Darhan QIDIRA’LI,
«Egemen Qazaqstan»