ҰЛТТЫҚ МҮДДЕМІЗГЕ ҚАРСЫ КЕЛГЕНДЕРДІ ТАРИХПЕН ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК

Добавить категорию письма

Бейбіт Қойшыбай , жазушы . т.ғ.к
мақала “Жұлдыздар отбасы”

журналының N 10 санында жарияланған,

қысқартып көшірдім , толық нұсқасын

журналдан оқый аласыздар

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕМІЗГЕ ҚАРСЫ КЕЛГЕНДЕРДІ

ТАРИХПЕН ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК

 

 

Өткен ғасырдың 20-жылдарында қазақ даласын ауыр жұт жайлады. Бізде көбінесе ашаршылық екі мерзім болды деп айтылады. Ал, шындығында , ашаршылық нәубеті үш мерзім болды.Қызылдар қазақ даласына келе салысымен алғашқы ашаршылық нәубеті басталды. Атап айтсақ, Түркістан өлкесінде 1917 – 1919 жылдары ашаршылық орнады. Қолда бар астықтың бәрі қызыл әскерге берілді. Кеңес одағы көшпенділерге астық беруден бас тартты.Тіпті ” Көшпенділерді асыраудың керегі жоқ. Олар марксизм тұрғысынан болашағы жоқ , бәрібір өліп бітуге тиісті қауым, оларды асырағанша қызыл әскерді асырау қажет , өйткені қызыл әскер бүкіл әлемге төңкеріс жасайды” деп ойлады. Сөйтіп қазақтарды аштан қатырды.
1921 — 1922 жылдардағы аласапыранда солтүстік өлкедегі қазақтар қырылды. Аштық өлкеден өлкеге ұласа берді. Ал ең үлкен аштық үлкен Қазақстан біріккеннен кейін 1931 – 1933 жылдары болды.Осы алапат ашаршылықта екі миллионнан астам халық қырылды деп айтылады. Міне, осы үш дүркін аштық қазақты ұлттық апатқа апарды. Үш реткі ашаршылықта төрт жарым миллион адам қаза тапты.Ал сол өлім құшқан адамдардың ықтималды өсімін есептесек үш реткі ашаршылықта он миллиондай қазақтан айырылдық деуге болады.
Қуғын – сүргін туралы зерттеліп,айтылып жатқанымен ресми билік тарабынан қолдау жасалған жоқ.Бар болғаны ашаршылықпен қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні белгіленді. Алайда бұған ресми  саяси баға берілген жоқ. Тіпті ашаршылықты еске алу күні – саяси қуғын-сүргіннің тасасында қалып қойды.
Ең бастысы мемлекеттің өзі осы мәселеге байланысты шешім қабылдау керек. Біз сол кезде Мәскеудің тапсырмасын орындаймыз деп ұлтымызды зор қырғыншылыққа ұшыраттық, біз мұны мемлекетті жасаушы ұлт ретінде өзге этностарға түсіндіруіміз керек. Қаңырап қалған қазақтың даласына миллиондап құйылған өзге этностар осы нәубетімізді әлі күнге шейін білмей келеді.Оны білдіру үшін үлкен насихат жұмыстар керек. Біздің ұлттық мүддемізге қандайда бір кедергілер келтірмеу үшін біз өз аумағымыздағы этностарды тарихпен тәрбиелеу керекпіз. Бірақ біздің санамыздың құлданғаны сонша , үнемі ұлттық мүддемізге қайшы жұмыстар істеп келеміз. Сол үшін ең алдымен қазақтың тарихи құқық мүдделерін қалпына келтіруіміз керек. Мемлекеттік деңгейде ірі жұмыстар атқарылып , әрі мұны заңдық негіздермен қадағалау тиіс.

Бейбіт Қойшыбай , жазушы . т.ғ.к
( мақала “Жұлдыздар отбасы” журналының N 10 санында жарияланған,

қысқартып көшірдім , толық нұсқасын журналдан оқый аласыздар  )


Отправлено из Mail.ru для Android

Нажмите, чтобы Ответить, Ответить всем или Переслать