ҰЯТТАН ЖҰРДАЙ, НАМЫСТАН ТЫРДАЙ…

Мұхтар ШЕРІМ

ҰЯТТАН ЖҰРДАЙ, НАМЫСТАН ТЫРДАЙ…

 

«Қыздарды көрсем қытығым келеді» деуші еді бір досым. Қазіргі қыздарды көрсек, ыстығымыз көтеріледі. «Қыздарға қырық үйден тиым» дегеніңіз дірілдеп, іріңдеп кетті. Қыздар, қапа болмаңыздар, рас қой енді, кейбір қыздарда қасиет те, қадір де, қытық та қалмады ғой?
–Ағай, дим, сізге ғашық болып қалдым… –дейді оныншы сынып оқушысы көздерін жыпылықтатып. Ия, ШҚО-дағы ауылдардың бірінде оқыған оқушы қыз Клара осыдан төрт-бес жыл бұрын ағайымен «Школьный роман» болды.. (Аты–жөні өзгертілді.)
–Ойбай, мен мектеп директорымын ғой?
–Ағай дим, бетіңізден шөп еткізіп сүйіп алайыншы, мақұл десеңіз, өзіңізге тиіп алайыншы? –деп сұрады Клара.
–Ой, Клара, ыңғайсыз ғой бұл ара…
–Ағай,мені кафеге шақырыңызшы?
–Құрып кетемін ғой? Сотталып…
–Қорқасыз ба не?
–Қорықпаймын, жәй, қалтыраймын… –деді мектеп директоры Айтбай Бекбергенов. (Аты –жөні өзгертілді.)
–Онда, кешкі сегізде қалада күтемін.
Клара көздерін сүзе қарап, бөксесін бұлтыңдатып, жүзін қутыңдатып, майыса шығып кетті. Мектеп директорының орындығы сықырлап, ақырында жалп ете құлады. Өйткені, орындығы сынып кеткен еді. Өзі де оқушы қызға «сынып» қалды. Жүрегі алып-ұшып кафеге келді. Клара оңаша столда күтіп отыр екен. Бұл жұрт танымасын деген оймен мұрын астына жасанды мұрт жабыстырып, басына жалбыраған парик киіп, қара шляпасын көздеріне түсіре жақындап келе жатты. Қыз бірден таныды.
–Ой, ағай, шпион сияқты болып кетіпсіз ғой?
–Тссс… Таныстар көріп қоймасын деп…
Сол күні екеуі құшақтасып қайтты. Жолда мектеп директоры «бұл кездесудің қауіпті махаббат» екенін айтты. Қаншама қауіпті болса да, олар ойнас жасап жүрді. Жұрттың бәрі біліп, сырттарынан мазақтай күлді. Бір қызығы, оқушы қыз мектеп бітірісімен, басқа жігітке тұрмысқа шығып кетті. Әне, біздің қыздардың тәлтіректеген тірлігі осындай! Оны айтасыз тағы бір қара көзіміз теледидарда өзінің пәктігін сатамын деп жарияға жар салды. О заманда бұ заман осындай миғұла мәлімдемені естісек, есектен құлап өле қалайық. Бұған да құлағымыз үйренді. Қаракөзіміз Айнаш Жантасова (Аты– жөнін өзгерттік.) небәрі 2 миллион теңгеге пәктігін сатпақ болып, жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасында ашық айтты. Былқ етпестен. Кейін «Мені алдап түсірді, роль ойнадым» деп шықты. Роль «сомдағанының» өзінде мұндай жынды қадамға кім барар еді? белгілі тележүргізуші Сәуле Әбединова «Осы қызды эфирге шығарған продюссер Ләйла Сұлтанқызы мен ана қара сақалды жүргізуші Алмас Алтайды сотқа беру керек!» деп ойын ашық айтты. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, қыздар базары ашылыпты дейік. Қыздар қаз–қатар тізіліп тұр. Пәктіктерін аукционға қойып. Бай– бағландар олардың қасына жақындайды.
–Қанша тұрасың?
–Пәктігімді сатамын.
–Ұялмайсың ба?
–Ұятым ұйықтап қалған..
Көрдіңіз бе, намыстан тірідей өлдіңіз бе? Осындай базар ашылмасын деңіз, қазақ қыздары үшін уайымдап, қайғының ботқасын жеңіз! Өйткені, қазіргі қазақ қыздары ұяттан жұрдай, намыстан тырдай!


Отправлено из Mail.ru для Android