S.M. Aldas’ev z.g’.k.,azamattyq quqyq ja’ne
azamattyq i̇s ju’rgi̇zy’,
en’bek quqyg’y kafedrasynyn’ doc’enti̇
J.R.Eslamg’ali’ev
zan’ g’ylymdarynyn’ magi’stri̇
Jarqyn bolas’aqqa bastar jol!
Damyg’an 30 eldi̇n’ qataryna ki̇ry’di̇ ko’zdegen Qazaqstan jastarynyn’ ba’sekege qabi̇letti̇li̇gi̇ olardyn’ bi̇li̇mi̇men o’ls’eneti̇ni̇ belgi̇li̇. Bu’gi̇nde Memleketti̇n’ g’ylymi’ eli’tasyn quray’s’y jastardyn’ bi̇li̇m men g’ylymg’a degen umtylysy, ka’si̇bi’ maman atanyp, el bolas’ag’y u’s’i̇n qyzmet ety’ge degen talpynysy artyp keledi̇. Eli̇mi̇zdegi̇ bi̇li̇m men g’ylymnyn’ qara s’an’yrag’y sanalatyn A’l-Farabi’ atyndag’y Qazaq Ulttyq Y’ni’versi’teti̇ndegi̇ sty’dentter qatarynynyn’ jyl sai’yn artyp jatqandyg’yn so’zi̇mi̇zge da’lel etsek bolady. Altyn uya mektebi̇nen tu’lep us’yp, u’lken o’mi̇rge qanat qaqqan talapkerlerdi̇n’ ko’ps’i̇li̇gi̇ QazUY’-dy tan’day’ynyn’ o’zi̇ndi̇k sebepteri̇ de joq emes. Ma’selen, A’l-Farabi’ atyndag’y QazUY’ otandyq y’ni’versi’tetter ulttyq rei’ti̇ngi̇si̇ni̇n’ ko’s’bass’ysy ja’ne QS halyqaralyq rei’ti̇ngi̇si̇nde a’lemni̇n’ 800 u’zdi̇k y’ni’versi’tetteri̇ arasynda 210 oryndy alady. Eki̇ns’i̇den, 90 gektar ay’maqty qurai’tyn y’ni’versi’tet kampy’synda uly s’yg’ys oi’s’yly A’l-Farabi’di̇n’ «Qai’yrymdy qala» traktatyndag’y ko’zqarasqa sai’ zamanay’i’ oqy’ g’i’marattary, g’ylymi’ i’nfraqurylym nysandary men ki̇taphana, i’nternet-ortalyq, fy’dkorttar, sport kes’eni̇, ki’noteatr, «Keremet» sty’dentterge qyzmet ko’rsety’ ortalyg’y, Sty’dentter sarai’y, a’skeri’ kafedra, bassei’n, sondai’-aq, «Jas g’alymdar u’i’i̇» ornalasqan. U’s’i̇ns’i̇den, ozyq bi̇li̇m bery’ ju’i’esi̇ne negi̇zdelgen 16 faky’ltette 86 mamandyq boi’yns’a sty’dentter jog’ary bi̇li̇m aly’, magi’straty’ra men PhD doktoranty’rada oqy’dy jalg’astyry’g’a mu’mki̇ndi̇gi̇ bar. Oqy’ u’s’ ti̇lde: qazaq, orys ja’ne ag’yls’yn ti̇lderi̇nde ju’rgi̇zi̇ledi̇. To’rti̇ns’i̇den, ku’ndi̇zgi̇ ja’ne qas’yqtyqtan oqyty’ bag’darlamalary boi’yns’a jog’ary ja’ne orta bi̇li̇m aly’g’a jadai’ jasalyng’an. Besi̇ns’i̇den, sty’dentter o’z qyzyg’y’s’ylyqtaryna sai’ 8 sty’dentti̇k bi̇rlesti̇k quramyna ki̇ri̇p, y’ni’versi’tet qabyrg’asynda tu’rli̇ a’ley’metti̇k, qog’amdyq, ui’ymdastyry’s’ylyq i̇stermen ai’nalysy’yna bolady. Sol arqyly oqy’ ornynda belsendi̇ sty’dent atana otyryp, a’rtu’rli̇ s’aralarg’a qatysyp, o’z mu’mki̇ndi̇kteri̇n damyty’yna bolady.
Y’ni’versi’tette Bolon proc’esi̇men oqyty’ ju’i’esi̇ de sty’dentter u’s’i̇n ti’i̇mdi̇ bolmaq. Onyn’ negi̇zgi̇ maqsaty sty’dentter boi’yna bi̇li̇m ji’nay’dyn’ i̇zdeni̇mpazdyq si’patyn qalyptastyry’ arqyly aqparattyq naryqtyq qog’am talaptaryna sai’ keleti̇n o’zi̇ndi̇k bi̇li̇m jolyn i’gery’i̇ne yqpal ety’. Sonymen qatar Bolon proc’esi̇ne sa’i’kes tu’lekterdi̇n’ ka’si̇bi̇n ai’qynday’da tu’si̇ny’ge jen’i̇l, salystyry’g’a bolarlyqtai’ da’rejeler men mamandyqtar usyny’, a’rtu’rli̇ ma’deni’etterge, ti̇lderge, ulttyq ju’i’elerge syi’-qurmetpen qaray’, akademi’yalyq erki̇ndi̇kti̇ damyty’ bolyp tabylady. Resmi’ zan’dylyq turg’ysynan Bolon ju’i’esi̇ Batys Ey’ropa men Qazaqstan arasynda bi̇li̇m den’gei’i̇n bi̇rkelki̇ formy’lamen ten’esti̇ri̇p, eli̇mi̇zdi̇n’ bi̇li̇m qujattaryn Ey’ropa elderi̇nde moi’yndaly’yna jol as’ady. Osy arqyly sty’dentter de Ey’ropa elderi̇ne arnai’y bag’darlamalar boi’yns’a o’z bi̇li̇mderi̇n jeti̇ldi̇ri̇p, ta’ji̇rbi’e almasy’g’a erki̇n mu’mki̇ndi̇k alady. Sol sebepten eli̇mi̇zdegi̇ ko’s’bass’y oqy’ oryny, bi̇li̇m men g’ylymnyn’ qara s’an’yrag’y sanalatyn a’l-Farabi’ atyndag’y Qazaq Ulttyq Y’ni’versi’teti̇ talapkerdi̇n’ tan’day’yna sai’, onyn’ bolas’aqta bi̇li̇mdi̇ maman, ba’sekege qabi̇letti̇ g’ylymi’ negi̇zi̇n qalyptastyry’g’a jol as’atyn u’lken qadamnyn’ bastamasy bolary anyq.
С.М. Алдашев з.ғ.к.,азаматтық құқық және
азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының доценті
Ж.Р.Есламғалиев
заң ғылымдарының магистрі
Жарқын болашаққа бастар жол!
Дамыған 30 елдің қатарына кіруді көздеген Қазақстан жастарының бәсекеге қабілеттілігі олардың білімімен өлшенетіні белгілі. Бүгінде Мемлекеттің ғылыми элитасын құраушы жастардың білім мен ғылымға деген ұмтылысы, кәсіби маман атанып, ел болашағы үшін қызмет етуге деген талпынысы артып келеді. Еліміздегі білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі студенттер қатарынының жыл сайын артып жатқандығын сөзімізге дәлел етсек болады. Алтын ұя мектебінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қанат қаққан талапкерлердің көпшілігі ҚазҰУ-ды таңдауының өзіндік себептері де жоқ емес. Мәселен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы және QS халықаралық рейтінгісінде әлемнің 800 үздік университеттері арасында 210 орынды алады. Екіншіден, 90 гектар аумақты құрайтын университет кампусында ұлы шығыс ойшылы Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» трактатындағы көзқарасқа сай заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым нысандары мен кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, сондай-ақ, «Жас ғалымдар үйі» орналасқан. Үшіншіден, озық білім беру жүйесіне негізделген 16 факультетте 86 мамандық бойынша студенттер жоғары білім алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыруға мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Төртіншіден, күндізгі және қашықтықтан оқыту бағдарламалары бойынша жоғары және орта білім алуға жадай жасалынған. Бесіншіден, студенттер өз қызығушылықтарына сай 8 студенттік бірлестік құрамына кіріп, университет қабырғасында түрлі әлеуметтік, қоғамдық, ұйымдастырушылық істермен айналысуына болады. Сол арқылы оқу орнында белсенді студент атана отырып, әртүрлі шараларға қатысып, өз мүмкіндіктерін дамытуына болады.
Университетте Болон процесімен оқыту жүйесі де студенттер үшін тиімді болмақ. Оның негізгі мақсаты студенттер бойына білім жинаудың ізденімпаздық сипатын қалыптастыру арқылы ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін өзіндік білім жолын игеруіне ықпал ету. Сонымен қатар Болон процесіне сәйкес түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар ұсыну, әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау, академиялық еркіндікті дамыту болып табылады. Ресми заңдылық тұрғысынан Болон жүйесі Батыс Еуропа мен Қазақстан арасында білім деңгейін біркелкі формуламен теңестіріп, еліміздің білім құжаттарын Еуропа елдерінде мойындалуына жол ашады. Осы арқылы студенттер де Еуропа елдеріне арнайы бағдарламалар бойынша өз білімдерін жетілдіріп, тәжірбие алмасуға еркін мүмкіндік алады. Сол себептен еліміздегі көшбасшы оқу орыны, білім мен ғылымның қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті талапкердің таңдауына сай, оның болашақта білімді маман, бәсекеге қабілетті ғылыми негізін қалыптастыруға жол ашатын үлкен қадамның бастамасы болары анық.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.