ЖШС «KazBookTrade» ТОО «KazBookTrade»
Алматы қ., Жандосов көш.104Б/7, оф.18А
Тел./факс:(727) 275-03-76 e-mail: kazbooktrade2014@mail.ru БИН 140640013229 ЖСК KZ398560000006617116 АҚ “БанкЦентрКредит”, БСН KCJBKZKX |
г. Алматы,ул. Джандосова 104Б/7,оф.18А
Тел./факс: (727) 275-03-76 e-mail: kazbooktrade2014@mail.ru БИН 140640013229 ИИК KZ398560000006617116 в АО “БанкЦентрКредит ”, БИК KCJBKZKX |
ЖУРНАЛИСТИКА мамандарын дайындайтын ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА
МӘЛІМДЕЙМІЗ!
ЖШС «KazBookTrade» баспасы Сіздерге
Молдабеков Әмірдің журналистикаға байланысты
«ХАБАРДЫҢ» БЕС БЕЛЕСІ»
атты бірінші және екінші оқулық кітабын ұсынамыз
«Хабардың» бес белесі» Молдабеков Ә.
Оқу құралы, 2018 ж. – І кітап (80 бет),
ІІ кітап (192 бет).
«Хабар» агенттігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай жазылған бұл еңбекте ұжымның осы уақыт ішінде қол жеткізген табыстары мен әлі де болса толыспай жатқан олқылықтары ғылыми негізде сөз болады. Зерттеу авторы осы саланың маманы болғандықтан, алдына қойған мақсат-міндетін толықтай орындап шыққан деп білеміз.
Бұл еңбек тележурналистерге, оқытушылар мен студенттерге, сондай-ақ журналистика әлеміне құштар оқырмандарға да арналған.
Баспаға əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті
журналистика факультетінің Ғылыми кеңесі ұсынған.
«Хабар» ақпарат агенттігі: даму проблемалары деген тақырыпта зерттеу жүргізіп жүрген Ə. Молдабековтың назарларыңызға ұсынып отырған «Хабардың» бес белесі» атты бұл оқу құралын болашақ үлкен еңбектің алғашқы желісі, іргетасы деп білгеніміз жөн. Көптеген жылдар қазақ телевизиясында қызмет істеп, одан əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқытушылыққа ауысқан Əмірдің бұл сала бойынша тəжірибесімен қатар теориялық дайындығы да мол.
Кітап ғылыми тілде, нақты деректер негізінде жазылған. Автордың өзі «Хабар» агенттігінің қызметін қыр-сырын, ішкі жұмысын, жетістіктері мен кемшіліктерін жан-жақты қарастырған. Өзі əңгіме қылып отырған телеарнаның басшыларымен қатар көптеген қызметкерлерімен де сөйлесіп, олардың ойларын оқырманына ұтымды жеткізеді. Сондай-ақ, бұл еңбекте телекөрермендердің де, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалым-жазушылардың да осы агенттік туралы əр кездерде айтылған ой-пікірлері келтірілген.
Зерттеуші «Хабардың» бес жыл ішінде істеген істерін жалаң баяндап қана қоймайды. Күнделікті берілетін шағын жаңалықтардан бастап, ірі-ірі бағдарламалардың сценарийлерін талдау арқылы сол хабардың мəн-мазмұнын, жетістігі мен кемшілігін оқырманына нанымды түрде нақты деректер арқылы баяндайды. «Тəуелсіздіктің ауыр жүгі» деген алғашқы тарауда автор көп мəселенің басын қайырған. 1995 жылдан арнайы үкіметтің қаулысымен құрылған агенттіктің бірте-бірте 400-ден астам қызметкерлері бар үлкен ұжымға əрі республикадағы телеарналардың көшбасшысына айналғанға дейінгі тыныс-тіршілігін толықтай ашып берген. Сондай-ақ айналдырған бес жылдың ішінде 60 миллионнан астам көрермен жинап, қосымша таза ұлт тілінде «Хабар-2» арнасын ашуы да үлкен ерлік, жасалып жатқан істердің нəтижесі. Əйтсе де, «Хабарда» əлі де болса шешілмей жатқан проблемалар мен кемшіліктер де жоқ емес екен. Оны да автор көбінесе агентіктің өз қызметкерлерінің аузымен айтқызып, оқырмандарды сендірудің жақсы жолын тапқан. Мысалы, «Хабар-2»-нің ашылуына байланысты «Хабардағы» қазақ тіліндегі хабарлар азайып кетуі; күнделікті «Хабардан» еститін жаңалыктарды «Хабар-2»-ден қайталануы; «Хабар-2» де беріліп жүрген «Қырық өтірік», «Мың бір мақал», «Деген екен…» ток-шоу, телеойындарының сценарийлері бір адамның қолынан шыққандықтан бəрі де мазмұн жəне түсірілім жағынан бір-бірінен ерекшеленбеуі кейбір тілшілердің таяздыққа салынуы… т.б.
Алайда осының барлығына қарамастан «Хабар» агенттігінің республика көрермендері үшін жасап отырған жақсылық істері өте көп. Зерттеуде солардың барлығы да жан-жақты қамтылып, көрсетілген. Бір сөзбен айтқанда, автор қазір төртінші билік иелері аталып отырған республикамыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы болып саналатын «Хабар» агенттігінің 5 жыл ішінде қол жеткізген табыстарын оқырмандарына салиқалы түрде жеткізе алған.
Сағымбай Қозыбаев,
тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Осы оқу құралдарына тапсырыс беру үшін мына эл.адреске:
немесе мына телефондаға хабарласуға болады:
8-727-274-72-39, 275-03-76, 8 701 244 06 51, 8 778 393 78 43.
ЖШС «KAZBOOKTRADE» БАСПАСЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
ТОО «KazBookTrade», Алматы қ., Жандосов көш., 7 үй, 18-А офис,
кітап дүкені «Кітаптар-Книги-Books»
Авторлық құқығы қорғалған.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.