ал- Фараби атындағы ҚазҰУ дипломатиялық
аударма кафедрасының оқытушылары,
ф.ғ.к.А.Смағұлова, ф.ғ.к. Г.О Мұхаметқалиева
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл- қай елде болмасын қадірлі, қасиетті. Ол ана сүтімен дарып, тұлға болып қалыптасуымызға әсер етеді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген бастамамен халықаралық қатынастар факультеті, әлемдік экономика мамандығының 2курс студенттері кураторы, филология ғылымының кандидаты, доцент Смагулова Айгерим Советхановнамен концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Концерт бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Студенттердің өнерімен қатар, білімділік деңгейі де анықталды.
Әлемде әртүрлі ұлт бар. Сол ұлттың қанымен кіріп, жанымен шығатын бір нәрсе, ол- тіл. Қарапайым қазақтың маңдайына құлпырған қазақ тілі бұйырған. Қазіргі заманға дейін қаншама қиындықты бастан кешірседе, жойылмады, жүдемеді. Тәубе! Қазір еліміз Тәуелсіз. Егемен елдің еңсесі көтеріліп, өз ана тілін мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Қазіргі жаһандану заманында көп тілділік талап етілетін жағдай.Осы тұсты ескере отырып, үш тілділікті қолға алған жағдайымыз бар. Олар: қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Қазақ тілі- мемлекеттік, ал орыс тілі – ресми тіл. Ағылшын тілі- жаһандық тіл. Әлемдік аренаға шығудың бірден бір құралы. Тіл-қарым-қатынас құралы болғандықтан еліміздің барлық саласын дамыту үшін бұл құрал бізге өте маңызды, әрі керек.
Тарихқа үңіліп, бір көз қиығын тастасақ, сан қилы тілді меңгеріп, өз заманының көсем ғалымы атанған қаншама бабаларымыз бар. Оның бірі Әл-Фараби. Жетпіс тіл біліп, білім алып, еліне ғана емес, әлемге пайдасын тигізіп, атын өшпестей етіп тастап кеткен қаншама шығармалары бар. Сол бабаларымыздың жолын қуып, жаңа болашаққа бастайтын жастар болғандықтан көп тілді үйреніп, көбірек жұмыс жасауымыз керек. «Болашақ жастардың қолында» деп елбасымыз айтқандай, салынған ізбен жүріп, елге елеулі, халыққа қалаулы болып жұмыс жасау біздің басты міндетіміз. Мәңгілік елдің мәңгілік тілі ол- Қазақ тілі! Мереке құтты болсын!
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.