Айғайқұм

Serik Abikenuly

 

Тағы бір аңыз оқи отырыңыздар….

Айғайқұм

 

Сонау ерте заманда, көлі шалқыған, айдынында аққу-қаз қалқыған, тауларына бұлт қонған, өзендерінен бал аққан, орманын елік-марал ен жайлаған өлкеде бір халық өмір сүріпті. Аң аулап, егін еккен, ит жүгіртіп, атқа шапқан, он саусағынан өнер тамған ел екен, қонғаны жұмақтайын жер екен. Қарты сайыскер, жасы найзагер, қыздары мерген, шетінен жаугер, өр екен. Бұл елді көргендер тамсанып: «Перзенттері даласындай сұлу, сауытты күн туса ғана киетін, бейбітсүйер, азат», – дер екен.
Күндердің күнгі болғанда шығыс жақтан шаң шықты. Алдаспанын ойнатып, жұмақты тартып алмаққа екіленіп жау шықты. Батырлар қағып дабылын, ерлер қылыш қайрады, белдеуге байлап тұлпарын, бар жарағын сайлады. Сапқа тұрды жас өрен, зығырданы қайнады«Елім үшін құрбан», – деп көздері шоқтай жайнады. Намыс буған қалың қол Іле деген есіл су алабына келеді, жауды көзбен көреді. Қалың дұшпан бастаған Қонтай деген нән екен, жайынауыз, қазанбас, обадай-ақ жан екен. Қонтай қолын сермеді, андағайлап жау шапты, жер қорғамақ қалың қол, қарап текке тұрсын ба, Бақтиярлап, Байтоқтап, Қаптағайлап, Ойбастап, астында аты ойқастап, емінген ерлер ол шапты. Екі жақ қатты айқайсты, қылыш пышақ болғанша, найзадан тұқыл қалғанша үш күн, үш түн шайқасты. Өлгендер тау боп үйілді, жаралыда қисап жоқ, Қонтай сонда қоймады көкейін тесіп дүние-боқ. Саспа, саспа, саспа, деп, қашпа кәне қашпа деп сарбазын қуды қайыра, әмір қатты жан тәтті дұшпандар түсті уайымға. Күн екінді болғанда, жан алқымнан алғанда дұшпан қашты қарамай, Қонтай қалды жайына. Батырға да жан керек, қара атын сабалап ол да қашып құтылды, сып беріп түскен түлкідей Матайдың бір сайына. Екіден әскер аз қалды, Іленің түсі бұзылды, қанды майданның орнында қып-қызыл боп саз қалды.
Еліне жетіп бұл Қонтай қайта ұран салады, жұрт қарасы көп еді екі күннің ішінде екі түмен әскерді жинатып-ақ алады. Бір аптадай қамданып, қан тілеген қорқауын қайта жолға салады. Жұмақ мекен еліне мұның да жетті хабары. Өр болса да аз еді, кешегі сүрен қырғыннан қалғаны аман шамалы, қол бастайтын батырдың көбі тағы жаралы, аз сарбазбен бұл жерді қалай қорғап қалады? Ел қараған абыздың түсіп кетті қабағы. Асасына сүйеніп иен далаға жалғыз барады, Көкке зарын салады.
– О, Тәңірім, – деді ол, – өзің сүйген ел едік, жаратылғанның біріне
артықпын сенен демедік. Ырзығыңды тұтып нысаппен, артық түйір жемедік. Өзің берген бұл мекен, қарашықтай сақтадық, аң-суыңды қорламай, аққуыңды атпадық. Міне, енді ел басына күн туды жанға байыз таппадық.
О, Тәңірім,ақтай көргін сенімді, сақтай көргін елімді, жоғалта көрме тегімді! Бәрін қырып салам деп Қонтай тағы төнеді, ондайға өлім тегін-ді. Қара ниет хас дұшпан ешкімді емес аямақ, ақ нұрыңды, е, Аллам, қызыл түске боямақ… Тілеуді бер, жаратқан, жұмақ мекен бұйырып, ұрпағым жүрсін аялап.
Осыны айтып абызың қол жайып көкке қарады, көзінен жасы ағады. Жарқырап тұрған күннің де күрт бұзылды қабағы, айналаны түтетіп, долы дауыл соғады. Қара жерді қақ жарып, қалқанындай батырдың оң жақтан өсіп қара тау, сол жақтан өсіп ала тау ортада дұшпан қалады. Қара дауыл ұйытқып, қос түменін Қонтайдың қамалап-ақ алады. Тасып келген қалың жау жол көруден қалады. Қызықты мына қараңыз, желекті дала төсінде құмды боран соғады. Мынау немнің құмы деп, Қонтай қайран қалады. Үйірілген шағал құм аяқтан қатты шалады, адым аттау мұң болды, көтеріліп қиыршық төске өрлеп барады. Қалың атты сарбазды құм осылай орады. Ет пісірім өткенде екі түмен орнында екі төбе қалады. Халық қатты қуанды: өзіне, – деп, – обалы. «Айғайқұм» деп атапты жау қамалған обаны. Қонтай менен түмені әлі құмда қамауда, шығып кетпек болады, қозғалақтап қояды, кей кездері ыңырсып, кейде айғай салады. Жетісудың жерінде, қос Қалқантау түбінде сол Айғайқұм тұр әне – шапағаттың қамалы, қан тілеген Қонтайдың дауысы естіліп кейде қалады. Өзгеге жамандық тілеген, өзіне тиді зауалы. Осы болар білгенге жауыздықтың сабағы.

“Жетісу жазбалары” кітабынан

 

Начало формы

55Serik Zhanbolat и ещё 54

Комментарии: 3Поделились: 8

Нравится

КомментироватьПоделиться

Комментарии

Нұртөре Жүсіп Айқайқұмға бардыңыз! Айқай мұңды салдыңыз! Ести ме екен, Айқайқұм? Бәріміз де зарлымыз!?.Естімесе, Айқайқұм, Секе неге бардыңыз?

4

Скрыть комментарий или пожаловаться на него

Құрметбек Сансызбай Атам заманнан бері Ата-бабаларымыз, асыл әже-аналарымыздың қаны-жаны, көз жасы, білек күші, дара данышпандылық қасиеттерімен қорғалып бүгінге жеткен милиард xалықты емен еркін бай қуатты асырауға жаратылған кең байтақ жеріміздің байлығын бүгінде сырт …Ещё

Скрыть комментарий или пожаловаться на него

Камал Әбдірахман Өте дұрыс істеп, тарихи атауымен атапсың. Кейбіреулер “поющие барханы-əнші шағылдар” деп əдемілік іздейді. Нақтысы осылай “Айқайқұм”. Алғаш рет 1982 жылы көргенмін. Сарыөзектің маңы, Іле бойы керемет қой. Қызығы, аудан Кербұлақ аталады да , Керібұлақ өзені ауданнан тысқары жатыр. Себебін кім біледі?

1