Студенттерге әлеуметтік шәкіртақы тапсырылды

Студенттерге әлеуметтік шәкіртақы тапсырылды

                                

                                     Алдашев С.М.- з.ғ.к.,азаматтық құқық және

 азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының доценті

                       Ермухаметова С.Р.- з.ғ.к.,азаматтық құқық және

азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасының доценті

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде әрбір оқу жылында студенттерге,оның ішінде оқуда үздік студенттер мен әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге бір рет төленетін әлеуметтік стипендия мен оқу гранттарын Үлкен Ректорат жиналысында Университеттің түлектері атынан беру жақсы үрдіс пен дәстүрге айналған. Осындай аталған іс-шара заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен факультет студенттеріне тапсыру рәсімі өткізілді. Аталған әлеуметтік іс-шараға кафедраның оқытушылары:заң ғылымдарының кандидаттары: Ермухаметова С.Р., Нурахметова Г.Г.,Мұқалдиева Г.Б., Абикенов А.А. және аға оқытушылар Урисбаева А.А., Худайбердина Г.А. белсене қатысып, 2,3 курс студенттеріне әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде алты әлеуметтік шәкіртақыны бір жолғы көмек ретінде тапсырды.Үлкен Ректорат жиынында студенттер атынан сөз сөйлеген 2-курс студенті Жидебаева Айдана  Университет басшыларына және заң факультетінің деканы Байдельдинов Д.Л. және кафедра меңгерушісі Тыныбеков С.Т.  шәкіртақы алған студенттер атынан алғыстарын білдірді. Аталған әлеуметтік іс-шараның маңыздылығы биылғы жылы Ел басының тапсырмасыменен 2019 жыл «Жастар Жылы» болып жарияланғандықтан болашақта да өзінің жалғасын тауып әлеуметтік шаралардың бастамасы ретінде қолдау табатына сенімділікті арттырады.