Қазақстан Тарихы | История Казахстана
Қалмақтар қайда кетті?
“Шаңды жорық”
Қалмақтар қайда кетті? 1758-жылды біз мектептегі тариx пәніне арналған оқулықтардан Жоңғар xандығының тариx саxнасынан жойылып кеткен жылы деп білеміз. Жоңғарлардың ұлы қоңтайшысы Қалдан Серен қайтыс болған соң таққа талас басталып, ішкі саясат бәсеңсіп қалады. Осы жағдайды ұтымды пайдаланған Цин империясы 1755-57 жылдарда Жоңғар xандығына шабуылдарын үдетіп, ақыр соңында жойып жіберді делінеді. Бітті. Одан кейінгі жағдай айтыла қоймайды. Ал Жоңғар xандығы жойылғанмен жоңғар ұлты бір де бір адамы қалмай, тып-типыл болған жоқ қой. Олай болса олар қайда? Қазір біз оларды кім деп білеміз және Абылайдың саналы саясаты қандай?
Осы жөнінде толық тарқата кетсек. Тақырыпты толық ашу мақсатында мәселенің түп-төркініне мән бере кетуді құп көрдік. Жоңғар сөзінің негізі “Зунгар-батыс xалқы”-деген ұғымға саяды.Жоңғарлар 1399-1635-жылдары өмір сүрген Ойрат тайпасының өкілі.Ұлы Жібек Жолы сауда керуенінің ықпал етуімен Маңғол ұлысының батыс аймағына тұрақтаған.Жоңғар аталуы да осы себептен.Ойрат тайпасының тағы бір өкілі- Қалмақтар. Маңғол шапқыншылығы кезінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға өткен. Кейін Моңғол империясы ыдыраған тұста ешбір хандықтың құрамына кірмей, өздері бір ұлыс болып қалып қойған, сондықтан “Қалмақ” атанған.Бүгінде “Қалмақ қырылған”-деп аталатын жерлер қазақ даласында ауық-ауық ұшырасып отырады.Бұл тариxта “шаңды жорық”-деген атпен белгілі уақиға салдары. «Шаңды жорық» – қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы шайқастардың бірі. Қазақ әскерлерінің Еділден Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарын өкшелей қуған жорығы халық арасында осылай аталған. Қытайдағы Цинь империясы Жоңғар хандығын талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтарына “ата-бабаларының жері қаңырап, иесіз қалды”- деген лақап тарады. Осыған байланысты халықтың көшбасшылары Ұбашы хан және Церен тайшылар тайпаластарын атамекендері Жоңғарияға қайтару үшін ұлы көш жасауға үгіт жүргізді. Шапқыншылықтардан қажыған, Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған қалмақ халқы 1771 жылы қаңтарда көшуді бастады. Қалмақтардың негізгі бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни оның шығыс жағын; дүрбіт пен хошауыттар оң жағасын алып жатқан еді. Көш 5 қаңтарда басталып, 11198 отбасы өзенінен өте алмай Ресей шегінде қалуға мәжбүр болды. 30909 отбасы немесе шамамен 170— 180 мың адам қазақ жері арқылы өтуге бет алды. Олардың қарулы күштері – 40 мың жауынгер еді. Еділ қалмақтарының көшкені туралы хабар алған Ресей үкіметі оларды күшпен кері қайтаруға тырысты. Бірақ олар қуғыншы ұйымдастырғанша, қалмақтар қазақ иеліктеріне тереңдеп еніп үлгерді. Қалмақтар бірнеше қазақ ауылдарын таптап өтіп, Жем өзенінің жағасында аз уақыт аялдады. Олардың келгенін білген Кіші жүз ханы Нұралы тез арада әскер жинап, қарсы аттанды. Жем өзенінің бойында алғашқы шайқас өтті. Ұбашы жеңіліс тапты және Нұралыға уақытша бітім туралы хат жолдады. Бірақ ол нәтижесіз болды. Қалмақ көштері Мұғалжарды айналып өтіп, одан әрі жылжыды. Көктемгі су тасуы кезінде қамыстан сал жасап, Торғайдан қиындықпен өтті. Көштің артында қалған қаза тапқан адамдардың мәйіттері, әлсіреген адамдар күн сайын көбейе берді. Қазақтар көштің жүрісін қадағалап отырды және толассыз шабуылдар ұйымдастырып, мол олжаға кенелді. Наурыз айынан бастап жаздың ортасына дейін төрт айдай уақыт бойы қалмақтар қазақ жасақтарын қиындықпен тойтарып, аялдамастан ілгері жылжыды. Маусымның аяғына қарай олар Сарыарқаны толығымен Балқашқа дейін қиялай кесіп өтіп, Мойынты өзені жағасында аялдады. Осы жерде оларды Абылай хан бастаған қазақтардың біріккен әскері қоршауға алды.
Қазақ жауынгерлерінің жалпы саны елу мың болды, жекелеген жасақтарды Нұралы хан, Әділ сұлтан, Орыс сұлтан басқарды. Өлім қатерін сезген қалмақ басшылары Абылай ханға бодандыққа қабылдауды ұсынып, елші жіберді. Қалмақ елшілерінің ұсыныстарын талқылау үшін Абылай әскери кеңес шақырады. Абылай олардың ұсынысын қабыл алып, шығыстан төнген қытайлардың қаупіне қарсы қалқан ретінде пайдалануды көздеді. Бірақ тоғыз ұрпақ бойы осы жаумен соғысып келген халық өкілдері оларды біржолата жойып жіберу керек деп мәлімдеді. Кеңес созылып кетіп, үш күндік бітім жарияланды, оның соңғы күнінде тұтқындар алмасып, мәселе түпкілікті шешілетін болып белгіленді. Бірақ үшінші тәулікке қараған түнде қалмақтар аса күшті соққы жасап, қоршау шеңберін бұзып өтті. Таң алдында қазақтар жауынгерлік қатарын қайтадан тәртіпке келтірді. Қазақ жасақтары жауды күндіз-түні өкшелей қуып, әскери күшін біртіндеп жоя берді. Қалмақтар Балқаштың тұщы сулы батыс жағынан айналып, Іле өзенінің бойымен жоғары өрлеп Жоңғарияға өтуді жоспарлады. Алайда қазақтар оларды суға жеткізбей, шөл даламен басуға мәжбүр етті. Шел мен сансыз шайқастардан қалжыраған қалмақтар қырылып, тірі қалғандары тұтқынға түсумен болды. Тек ең табанды, жақсы қаруланған аз ғана тобы Қастек, Қаскелең, Кеген және Нарынқол арқылы зор қиындықпен Жоңғарияға жетті. Мойынтыдағы түнгі шайқаста қалмақтардың бір тобы бөлініп шықты. Танжу тайшы басқарған бұл топ Балқаштың солтүстік жағалауын жағалай жүрді. Біраз уақытқа дейін оларды ешкім байқамай бұл көш жағдайларын жақсартып алады. Алайда көп ұзамай қазақтар бұларды да қыспаққа алды. Бұл кезде олар Аягөз, Қаратал өзендерінен өтіп, Ілеге жеткен еді.
Соған қарамастан қазақтардың шабуылынан олардың да 1/10-і ғана қашып құтылды. Олар Іленің жоғарғы жағына қарай қашып, Қытай шептеріне жеткен еді. Жайықтан Жоңғарияға дейінгі аралықты алты айда азаппен өтіп, тірі жеткен 10-15 мыңдай қалмақтар Қытайға барып, құлдық қамытын киді. Цин әкімшілігі оларды жекелеген ұсақ ауылдарға бөлшектеп, өзінің боданы деп жариялады. Қалмақтардың Еділден Жоңғарияға үдере көшуі Еділ-Жайық бойында үлкен дүрбелең туғызды. Көп ұзамай бұл маңда Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Жайықтан өте алмай Ресейде кідірген 50-60 мың адам аман қалады.Автономиялы республика аталады.1941-45 жылдардағы соғыс кезінде Сталиннің шешімімен “сенімсіз ұлт”-деп танылып,бастарына қара бұлт тағы үйіріліп,күл-талқаны шығады. Қытай мен Қазақ шекаралас болуы,Жоңғарлардың күйін кешетінінің кепілі іспетті болған соң, Абылай Шыңжаң аймағына қақпалап Қалмақтарды өткізіп жіберуімен қатар,біршама қазақ отбасыларын да қоныстандырады.
По этому поводу еще в 80-ые годы XVIII века капитан И.Г. Андреев писал следующее: «По большей части живут вольно, как и природные киргизцы, своими кочевьями, и, имея во всем вольность, составляют смешанное однородство». А через сто лет, в 1879 году французский исследователь Семиречья Ужвальд де Мезе—Ковезд Ш.Е. писал, что в Исыккульском уезде проживало 1300 калмыков, Верненском- 7000, Капальском- 1400, Сергиопольском- 3500: «Калмыки, общим числом 13 183 человек, проживающие к югу от Верного, в окрестностях озера Иссык -куль, в Капальском и Сергиопольском округах, являются потомками более многочисленного в прошлом народа. Они исповедуют буддизм, и следы их культовых памятников обнаруживаются повсюду». Небольшая же часть калмыков выбрала местом жительства Казахстан, окончательно подчинившись вчерашним своим противникам, где вели себя очень мирно и спокойно.
Прежние их набеги, бесчинства были прощены открытыми, добродушными и благородными степняками.
В целом эта война принесла многочисленные страдания и казахам. Тысячи из них погибли на местах многочисленных сражений. Они отдали свои жизни за свою родину, за свободу казахского народа. Разгром калмыков имел и позитивные последствия. Победа над воинственными калмыками, в котором самое активное участие принимал и султан Абылай, способствовало и тому, что осенью 1771 года в Туркестане после смерти хана Абулмамбета, был провозглашен общеказахским ханом
Кейін Қытай-Қазақ арасындағы шекараны бекіту нәтижесінде Шыңжаңдағы қандастарымыз арғы бетте қалып қояды. Міне,Жоңғар xалқының тариxы,Қалмақтардың қырғыны,Абылайдың озық саясаты.Бір ұшы Қытай жеріндегі бауырларымызға да келіп тиіп отыр.Тариxты білу-үлкен міндет.Шыңғыс xанның атының ауызындағы тісті санағанша осындай құнды әрі маңызды ақпараттарды білу пайдалырақ.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.