Смагулова А.С.,
Мұхаметқалиева Г.О.,
Маткеримова Р.А.
Дипломатиялык аударма кафедрасы жане студенттер
2019 жылдың ақпан айының 27-ші жұлдызында Халықаралық қатынастар факультетінiң Дипломатиялық аударма кафедрасы және Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен «Жастар станциясы» атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шара Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жастар жылына байланысты ұйымдастырылды. Жастар- еліміздің болашағы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы халықтың әл-ауқатына, елдің дамуына, жастардың болашағына бағытталды.2019 жыл- Жастар жылы деп айтылуының өзі бекерден бекер емес. Саналы ұрпақты көбейту үшін елбасымыз барынша жағдай жасау үстінде. Жастар жылы аясында «100 Жаңа есім» жобасы қабылданды. Яғни, еліміздің дамуына барынша үлес қосқан жалынды жастардың есімі Қазақстан тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз. Мұндай жобалар жастардың шабытын ашып, белсенді болуға тәрбиелейді.Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып,ұлттық рух пен патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күрес болып табылады.
Қазақстанды Отаным деп білген әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы –бұның басты шарттарының бірі. Қазақстан- дамушы мемлекет. Оның әлемдік аренада үстемдік етуі үшін оған көп еңбек керек. Ол еңбекті жасайтын қазіргі жастар. Боймен емес, оймен жарысатын бұл заман көп ізденуді талап етеді. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі- бәсекеге қабілетті жастар. Соның негізінде мемлекет бағдарламалар қабылдап, жұмыспен қамтып қана қоймайды, сонымен қатар біліктілігін арттыруға ,мамандығын ауыстыруға, жаңа мамандықтарды игеруіне көп көңіл бөледі. Сонымен қатар мемлекетіміз жастардың денсаулығына көп көңіл бөлуде.
Ресми көрсеткішке сүйенсек жастар арасында өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Жастарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бағдары ретінде Назарбаевтың Қазақстан-2030 стратегиялық жоспарын айтсақ болады. Стратегияның «Қазақстан мұраты» атты бөлімінде: біздің бабаларымыз бен немерелеріміз, бабаларымыздың игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуне белсенді болады.Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиістігін атап көрсетті.
Жасампаз елдің жастары дамыған елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан, ширек ғасырда ширеп, аз ғана уақытта қарыштап дамыған Қазақстанның болашағы. Қазіргі таңда жылдап дамып, сағат сайын өзгеріп отырған қоғамда күрмеуі қиын мәселелер өте көп. Сонымен қатар жастарға артылып отырған міндеттер де аз емес. Мұндай ауыртпалықты шешуің тиімді жолы – білімді ұрпақ. Бүгінгі жастардың бақытына орай тегін білім алып, ғылыммен шұғылданып, идея бөлісіп оны орындауға мүмкіндіктер жасалған. Жас мемлекеттің жас ұрпағымыз. Бізге артар сенім мол. Жаһандану заманында өзіміздің мүмкіндіктерімізді орынды пайдалана білсек нұр үстіне нұр болары сөзсіз. «Алдымызда асу –асу белдер. Ұлт жолында ұйтқи соққан желдер. Белде талар, желде арттан қағар, бәріне де төзу керек, бәріне де көну керек» деген елбасының керемет сөзі бар. Осындай елбасының салиқалы саясатының арқасында жастар үлкен белестерге жетері сөзсіз
Дипломатиялык аударма кафедрасынын ұстаздары:
Смагулова А.С., Мұхаметқалиева Г.О., Маткеримова Р.А.
Для отправки комментария необходимо войти на сайт.