Профессор М. К. Барманқұлов тұжырымдары мен заманауи телеақпараттың өзара байланысы

 

Думан Смақов,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Журналистика факультеті

 

Профессор М. К. Барманқұлов тұжырымдары

мен заманауи телеақпараттың өзара байланысы 

Ең керемет саясаткер де, ең қуатты мемлекет те, тіптен менмін деген ұлттың өзі ақпаратсыз түк те емес. Бізге қажет деген оқиғаның барлығы дерлік тек ақпаратта өмір сүрмек. Журналистің ақпаратынсыз мұның барлығы – ештеңе де, ешнәрсе де емес, тек нөлге ғана тең болар еді.

Демек әлемді билеп төстейтін де, біреуге қару, енді біреуге дәру болатын да ақпарат деп топшылағанымыз жөн. Жер-жаһанда күніне милиондаған ақпарат тарайды дер болсақ, соның қайсысы жалған, қайсысы нақты екенін елеп-ескеріп, анық-қанығын тексеру үшін бізге факты керек. Әр ақапарттың өзіндік негізі осы фактыден бастау алады. Олай болса фактысыз ақапарат ақпарат емес деген тұжырымдама жасауға болады.

Марат Кәрібайұлы ақпарат пен фактының арасындағы байланысты ажыратып қана қоймай, оларды нақтылап кеткен. Бұл жерде ақпарат пен фактының, шындық пен қоғам арасындағы байланыс айқын көрсетіледі.

Біріншіден, факты жоқ болса, ақпарат болмайды. Егер де ақпарат жоқ болса, қоғам үшін шындық та болмас еді. Яғни қоғамға айна боларлық жалғыз элемент – ақпарат.

Екіншіден, кейбір кездерде  жазылып отырған ақпарат шындыққа тек сілтеме жасап немесе оның ең төменгі бөлігін, яғни тек фактыны ғана  беруі мүмкін. Бұл жағдайда негізгі ауыртпашылық журналистің шеберлігіне жүктелері анық.

Үшіншіден, ақпарат шындықты тек барабар (адекватты) ақпар түрінде береді. Бұл жерде белгілі бір тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Десе де, барабар ақпар барабар күйінде қалуы керек. Онсыз шындықтың құрылымы бұзылады.

Төртіншіден, ақпарат шындық пен фактыны әр қырынан көрсетеді. Тіптен бір фактының берілуінде екі бірдей көзқарас болып қана қоймай, бірі-біріне деген қарама-қайшылық та болуы ықтимал. Бұл келіспеушілік кезінде түпкі шешім көрерменнің (тыңдарман, оқырман) өзіне қалдырылады.

Бесіншіден, кейбір кездері ақпарат шындықты қалыпты жағдайдан артық көрсету мүмкін. Бұл фактының әсерінен болатын жайт. Егер фактыны пайдалану барысында асыра сілтеушілік немесе керісінше жағдайлар орын алмаса ақпараттағы шындықтың ұлғаюы болмас па еді?!

Алтыншыдан, негізінен ақпарат берушілер факты мен оқиғаны өздері жасаушылар болып табылады. Бұл жағдайда бастапқы фактор қалай болғанымен ақпарат қандай жағдай болса да ақпарат болып қалуы керек.

Ақпарат санадағы шындықтың бейнесі. Ол негізінен субьективті (индивидуалды, қоғамдық, журналистік) шындықты береді. (1-сызбанұсқа)

Профессор М. К. Барманқұловтың тұжырымдамалары да осыған саяды. Ол кісі ақпаратты ең маңызды күш ретінде ғана емес, сонымен қатар ең әлеуеті мол қару ретінде қарастырады.

Тіптен Марат Кәрібайұылының «Телевидение: деньги или власть?» деген жас журналистерге арналған оқулығында телеақпаратты ең үлкен ақша табу құралы ретінде айта отырып, телехабарды таратушылардың мықты менеджер болу керектігін де тілге тиек ете кетеді.

Осыларды бағамдар болсақ ақпараттың таратылуы мен оның берілуінде де арнайы тәсілдер болы керек. Ол арқылы көрермен (тыңдарман, оқырман) берілген ақпаратты тез ұғынып қана қоймай, артынша соған сәйкес әрекет етуіне әкеп соғады. Яғни бұл ең біріншіден мықты идиологиялық – психологиялық қару.

Бұл жағдай көбіне комерциялық және мемлекет иелік ететін арналар арасында жиі болып тұрады. Мәселен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы беріп отырған ақпараттарды «КТК» бермеуі мүмкін. Неге дер болсаңыз екі арнаның жүргізіп отырған идеологиялық саясаты бір-біріне әлгіндегі бір ақпараттағы қарама-қарсы факты секілді болуы да ғажап емес. Негізінен ұлттық арна мемлекеттің идеологиясы арқылы халыққа психологиялық әсер етуді көздесе, «КТК» немесе «ОҢ ТВ» керісінше өздерінің жүргізіп отырған ақпараттық саясаттары арқылы халықтың психологиясына әсер етуді көздейді.

Осы орайда профессор Барманқұловтың іліміне жүгіне отырып қазіргі заманғы телеақпаратты беруде қайшылықтар мен дәстүрлі нормалар жайында да айта кетелік. Мен оларды «Телевидение: деньги или власть» оқулығының 45-126 беттеріндегі «Искусство современной информации» тарауын талдай келе қорытқан болатынмын. Бұл ойым қате болуы да мүмкін.

Біріншіден, мейлі заманауи болсын, мейлі дәстүрлі БАҚ болсын сенсация қумауы керек. Сенсация қуу деген тек қана шарасыздықтан шығатын жеңіл жол.  «Оны әдетте жалқаулар қолданғанды жақсы көреді. Шыны керек, қазіргі уақытта барлығымыз «Караван» газетінің деңгейінде ойлайтын болдық. Бұған «КТК» мен «Рахат ТВ» телеарналары дәлел бола алады».  Иә, расымен де бұрынғы «КТК» мен бүгінгі «КТК» арасында аса қатты айырмашылық жоқ. Тек бұрындары сесацияны орыс тілінде қуар болса, бүгінде қазақ тілінде іздейтін болған. Бұған дәлел ретінде Дина Төлепбергеннің авторлық жобасы «Астарлы ақиқатты» алуға болады. Арзан ақпараттар мен қоғам мүддесіне сай емес жаңалықтардың басым бөлігін осы хабардан көріп жүрміз.

Бұдан өзге арзан ақпараттарға «НТК» арнасындағы «Ревю», «31-арна» арнасындағы «Жұлдыздар жарқырайды», «Астана» телеарнасындағы «Ел аузында», «Хит ТВ» арнасындағы «Тергеу», «Хед  лайнер», «Жұлдызды жаңалықтар» секілді хабарлар мен бағдарламаларды жатқызуға болады. Кілең өсек-аяннан тұратын жоғарыдағы тележобалар тек ауыздан ауызға өтетін әңгімелерді берумен ғана тоқталып келеді. (2-сызбанұсқа)

Екіншіден,  дәстүрлі үлгіде берілетін классикалық ақпараттарды беру тәсілі кешегі күндер мен бүгінгі уақыт контексінде аса қатты ауытқуларға ұшырай қойған жоқ. Қазіргі кезде «24.kz», «Хабар», «Қазақстан» телеарналары мен басылымдар осы үлгіні берік ұстануда. Тек «24.kz» арнасы тәуліктік хабар тарататын болғандықтан арасында фактыны тексермей жіберіп жататын кездер болады. Бұндай сәттерде келесі сағаттағы эфирлерде міндетті түрде кешірім сұралып, көрермендерге ескерту ақпары хабарланып отырады.

Үшіншіден, ақпарат имидж ретінде қолданылады. Яғни қандай да бір тұлғаның, саяси тұлғаның, азаматтың бұқара алдындағы бейнесін қалыптастырады. Осы тұрғыдан оны жанамалық ақпараттар десек те болады. бұған мысал ретінде «Қарыз бен парыз» бағдарламасындағы Сағат Әшімбаевтың, Тыныс Өтебаевтың, қазіргі уақытта  «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай» хабарындағы Бейсен Құранбектің, «Астана» арнасындағы «Сырласу» хабарындағы Әйгерім Сейфулла мен оның әр бағдарламасындағы кейіпкерінің бейнесін, «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» хабарындағы Ирак Елекеев пен оның шақырған қонақтарының бейнелерін айтуға болар еді. Бұл ақпараттар негізінен адамның өмірін қалыптастырады.  (4-сызбанұсқа)

Төртіншіден, анық бір фактіге негізделген ақпарат. Жалпы кез-келген ақпарат белгілі бір фактіге сүйенеді. Басында айтқандай айғақ болмаса ақпарат болмайды. Сол себептен де ақпараттың бастапқы өлшемі факты екенін естен шығармау керек.

Бесіншіден, теңгерімді ақпарат. Берілгелі жатқан материалды нақтылау мақсатында фактілерді бейтараптандыра отырып, ақпаратты негізгі айғаққа қарсы қою әдісі. Бұл жағдайды, негізінен қорытынды немесе сараптамалық материалдарда жиі қолдануға болады. Мысалы «Хабар» арнасындағы «7 күн», «Қазақстан» ұлттық арнасындағы  «Apta.kz», «Алматы» арнасындағы «Алматы апталығы» секілді апталық қорытынды сараптамалық хабарларын алуға болады.  (5-сызбанұсқа)

Алтыншыдан, ақпарат берудегі заманауи және дәстүрлі жылдамдық пен оперативтілік. Телехабарлардағы оперативтіліктің ең бірінші әсері – психологиялық әсер болып табылатыны анық. Неге десеңіз, кез-келген жаңалық көрерменге (тыңдарман, оқырман) сана деңгейінде әсер етеді. Сана бірден психологиялық ойтолғамдар туғызады.

ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдағы ақпарат таратудағы жылдамдық мүлдем салыстыруға келмейді. Өткен ғасырдың ақпараты халыққа ең аз дегенде 1-2 күнде жеткен болса, бүгінгі сәтте, заманауи техника мен ғылыми прогрестің арқасында әп сәтте, кемінде 1-2 минутта жетеді. Бұрындары ақпарат алушы оқиғаның болып кеткендігін білсе, қазір болып жатқандығын біледі. Көп жағдайда жылдам ақпарат тарату адамдар арасында үрей тудырып, оларды сабырсыздыққа әкелуі ықтимал. Бұл ақапараттық соғыс уақытында  бастапқы топ үшін аса пайдалы болуы мүмкін. (6-сызбанұсқа)

Қорыта келе,  өткен ғасыр мен қазіргі мезет арасында аз уақыт өтсе де ақпаратты беру тәсілдері мен оны алу тәсілдері өзгеріске ұшырап келеді. Тіптен оны тарату жылдамдығы мен қабылдаушыға әсері де арта түскен.

Десе де М.К. Барманқұловтың оқулығындағы кейбір тұжырымдар өз құндылығын жоймақ емес. Себебі, уақыт қанша өзгертуге тырысқанымен өзгеруге болмайтын дүниелер болады. Олар көбіне ұлттық идеология мен ұлттық құндылықты қамтитыны анық.

ХХ ғасыр телеарнасындағы телеақпарат бүгінгі уақытта таратылар болса өзекті болмай қалуы да мүмкін. Қазір қолымызда ғаламтор бар. ал әлемдік тордағы ақпарат әр минут сайын емес, әр сикунд сайын жаңарып тұрады. Бұл ғаламдық прогрестің бөлшегі. Бұл заман эволюциясындағы дамудың бір сатысы екені сөзсіз.

 


Пайдалынылған әдебиеттер:

  1. «Телевидение: деньги или власть», М.К. Барманкулов – Алматы, 1997 жыл.
  2. «Жанры печати, радиовещания и телевидения. Сравнительный анализ», М.К. Барманкулов – Алматы, 1974 жыл.
  3. «Весь мир у вас в квартире», М.К. Барманкулов – Алматы, 1972 жыл.
  4. «Журналистика для всех», М.К. Барманкулов – Алматы, 1979 жыл.
  5. http://barmankulov.kz/