Дара тұлға профессор Марат Барманқұлов

Сұхбаттасқан  журналист

  Әмір Молдабеков Халықаралық ЮНЕСКО

сыйлығының иегері

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университеті 

журналистика факультетінің деканы

Өмірхан Әбдиманұлымен сұхбаттасқан едік

 

 

Дара тұлға профессор Марат Барманқұлов

 

Марат Барманқұлов өмірге жай ғана келіп, әншейн ғана кеткен жан емес. ХХ ғасырдың басындағы Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан сияқты Алаштың бір туар ұлдарымен үзеңгілес болған Халық  Танкин 30- шы жалдардағы сталиндік қанды қырғынның алғашқы құрбандарының бірі болған. Сол  Халық  Танкин көз жұмғаннан кейн арада бір ай өткен соң Марат аты ұл дүниеге келеді. Халық жауының баласы Мараттың әкесінің аты фамилиясы Кәрібайұлы Барманқұлов болып жазылатының арманда кеткен әке әрине білген жоқ. Бұл-кеңестік тоталитарлық жүйенің бала Маратқа тигізген алғашқы ауыр соққысы еді.

Қазақ теледидарындағы, Казправда –дағы жалынды публист ретінде жарқырап көзге түскен жылдары өз алдына әңгіме.

Әл-Фараби атындағы Мемлекетінің Ұлттық университетінің журналистика факультетіндегі қызмет жылдары жеміске толы болды. Қазақстанда қазақ журналистика саласындағы ғылыми еңбек жазған тұңғыш ғалым да осы Марат Барманқұлов, қазақ теледидарындағы Түрік даналары атты телебағдарламаның ғылыми жетекшісі болған да Марат Барманқұлов. Мәкең ғылыми еңбектерімен қоса соңғы жылдары тарих саласында да өндіріп еңбек етті. «Наследники белого лебедя», «Хан Иван», «Золотая баба», т.б. толып жатқан кітаптарының ортақ тарихы жайлы, оның кейбір көлеңкелі тұстары туралы тың ойлар, батыл пікірлер айтты.

Мәкең көз жұмғаннан кейін ілі-шала Марат Барманқұлов өзі жетекшілік жасаған тележурналистика кафедрасының телестудиясына оның есімі берілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  журналистика факультетінде   «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция тележурналистика ғалымы. Профессор М.К.Барманқұлов оқулары өтті    Профессор Марат Барманқұловтың жарқын бейнесін оның жақсы білген адамдардың жүрегінде мәңгі сақталар деген сенім мен,   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  журналистика факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманұлымен сұхбаттасқан едік

Құрметі   Өмірхан   Әбдиманұлы    мырза!  Жалпы

Бүгінгі  іс-шараның ауқымдылығы  конференция  туралы қысқаша айта кетсеңіз…

  • Бүгін біздің факультетте, шынын айтқанда, ұлық той. Бұл сөзден сескенбеу керек. Ұлы ғалымның еңбегін бағалап, ұстаздығын бағалап осы конференцияны өткізіп жатырмыз. Конференцияның аты сіздерге белгілі: «Сандық-ақпараттық дәуірдегі бұқаралық коммуникация құралдарының жаңа мүмкіндіктері мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Бірақ бұл конференция, ең алдымен, Марат Кәрібайұлы Барманқұловқа арналып отыр. Барлығыңызға  да  М.К.Барманқұловтай ұлы ұстаз болуларыңызға тілектеспін. Сіздердің алдарыңызда үш нәрсені айтқым келеді: біріншіден,  мен Барманқұловты бір кісідей білетін адаммын, жеті жыл сол кісінің қол астында жұмыс істедім, екеуміз өте жақсы қатынаста болдық. Ол менің бастығым әрі тәлімгерім болды.
  • Марат Барманқұловты азамат ретінде қандай қасиеттерінен бағалайсыз?
  • Мен Барманқұловтың үш ерлігін, үш қасіретін білемін. Менің Барманқұловты азамат ретінде танитын бірінші ерлігі – бәріңіздің естеріңізде 1986 жылы қазақтан 5 батыр шықты. Бүгінгі таңға дейін соны айтып келеміз. Олар – Олжас Сүлейменов, Салық Зиманов, Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шаймерденов. Жазушылар одағында қазақты жақтады, сөйледі, батыр деп осыларды айтты. Бірақ Кеңестік өкімет саясатына алғаш қарсы шығып сөйлеген – Марат Кәрібайұлы Барманқұлов. Естеріңізді болса, 17-күні түнгі сағат үште ҚазҰУ-ге Соломенцев келіп жиналыс өткізді. Ол жиналысқа үлкен шенділер, ректордан бастап декандар қатысты. Соломенцев пен оның секретарі оқу орнын жабамыз деп қоқан-лоққы көрсеткен еді. Сонда бәрі үндемей отырғанда, Барманқұлов орнынан тұрып сөз сөйледі. Қазақ университеті болғаннан кейін қазақ оқымағанда, кім оқиды деп шындықты тура айтты. Кеңес үкіметі адамдарының отырғанына қарамай, осындай ерлік көрсетті. Мұны ешкім айтпайды, бәрі де ұмытып кеткен. Олжас пен Зимановтың айтқаны бұдан кейін болған, ал Ж.Молдағалиев пен С.Шаймерденов бұдан 3 ай өткен соң, Г.В. Колбиннің алдында айтты. Тілі орыс болған соң, біз жаны орыс деп ойлап жүрген Барманқұлов сол кезде Соломенцевтің алдында рухы күшті қазақ екенін дәлелдеді.

Екінші ерлігі, Совет өкіметінің журналистер одағының сайлауы Мәскеуде өтті.  Оған бүкіл СССР бойынша екі адам ұсынылды. Бірі Өзбекстаннан келген, 2-3 жыл телевиденияда жұмыс жасап танылып қалған журналист Сагалаев, екіншісі – М.К.Барманқұлов. Он бес республиканың ішінен екі-ақ адамның ұсынылуы – керемет жағдай. Сонда Барманқұлов Сагалаевтан бір ғана дауысқа қалып калды. Бұл да – ерлік.

Барманқұловтың мен білетін үшінші ерлігі – жаңадан тәуелсіздігімізді алып, енді ғана қадам басып келе жатқанымызда, ол ештеңеден де қорықпай, елімізде тұңғыш рет халықаралық журналистика және әдебиет институтын жеке өзі ашты, ақырында сол институтынан ажырап қалды.  Мен осыны ерлік деп санаймын. Барманқұлов керемет азамат еді. Ол біреуге өзі жақсылық істеді деп естіген жоқпын, бірақ еш адамға қиянат жасаған жоқ. Бір адамға жамандық ойлаған жоқ. Мен Барманқұловтың үйінде  қуаныштарында да, қайғысына  ортақтасып талай болдым. Өте бауырмал жан еді.

 

Марат Барманқұловтың қарапайымдылығын немен дәлелдеуге болады?

Біз оның әкесі қайтыс болғанда, інісі қайтқанда, ауырып жатқанында үйіне бардық. Сонда ол өзінің әкесі туралы көп дүние айтты. Туған әкесінің «халық жауы» атанып, атылып кеткенін біледі. Бірақ сонда да, Кәрібай ақсақалға деген адалдығын еш жоғалтпаған. Бұл да – азаматтық.

Сонымен бірге, Марат Барманқұлов өзіне түскен салмақты жүрегімен ғана көтеретін еді. . Ана бір жылдары ЮНЕСКО кфедрасы ашылып Америкаға ұстаздар тәжірибе  алмасуға жіберле бастады. Бірақ Барманқұлов жіберілмеді.  Бірде  Америкаға бәрі барып жатқанда, «Мәке, сіз неге бармайсыз?» деп сұраған едім. Сонда ол «менің кафедрамнан адам бар, соның өзі жеткілікті » деп жауап беріп еді

Марат Барманқұловтың ғалым ретіндегі ерекшелігі деп нені атайсыз?

Бүгінгідей конференцияларды, яғни, Амандосов, Қожекеев, Барманқұлов оқуларын өзгеше өткізуіміз керек.  Барманқұлов – шыныда да керемет ғалым, оның кереметтігі – бір жазған кітабын қайта жазбайтындығы. Қазір, мысалы, жүр ғой небір атақты ғалымдар бір кітабын он шығарып. Кіріспесі мен қорытындысын өзгерте салады-дағы. Қазір менің қолымда оның он кітабы бар, соның үшеуіне ол автограф жазып  берген. Сонда қарасам, ол кітаптар бір-біріне ұқсамайды.

Енді мен сіздерге таңғажайып нәрсе айтайын. Барманқұлов телевидениені, халықаралық журналистиканы зерттеген. Бірақ тәуелсіздігімізді енді алған тұста ол түркология туралы 3, тіпті 4 кітап жазған. Сонда ол бар болғаны бір жылдың ішінде төрт кітап шығарып тұр. Ол кісі баяғыдан соған дайындалып жүрген. Қаншама әдебиет, қаншама кітап қарады, ол бірден шыға қоятын дүние емес. Сондықтан, Барманқұлов – таза ғалым. Ол ұлтын сатқан арамза ғалым емес, жазған өтірік жалған  ғалым емес,шын мәніндегі, таза ғалым. Оның ғылымы еңбекпен жасалған асыл мұра . Өзіміздің осыдай ардақты  ағамызға уақыт бөле алмасақ, еске алмасақ онда біз несіне қазақпыз дейміз.

Сұхбатыңызға  рахмет!!!

Сұхбаттасқан  журналист

  Әмір Молдабеков Халықаралық ЮНЕСКО

сыйлығының иегері