Жер үшін жанталас Ленинді жеңген Әлімхан

Жер үшін жанталас
Ленинді жеңген Әлімхан

        1920 жылғы 9-17 тамыз аралығында Қазақ АССР шекарасын нақтылау мақсатында Мәскеудің Кремлінде талас-тартысқа толы жиындар өтті. Қазақ даласының территориялық тұтастығын сақтау үшін ұлт зиялылары ақылдасып, нәтижесінде Ә. Ермекұлы баяндама жасады.

      Ол сөзінде советтік Ресейдің жаңа басшысы Ленинді нақты әрі дәлелді пікірлерімен иландыра отырып, қазақтар басым тұратын солтүстік өлкелерді қазақ жеріне қосуға күш салады.

     Бұл – қазіргі тәуелсіз Қазақстан шекарасын дұрыстап сызудағы, халық тағдырын оңтайлы шешудегі және территориялық тұтастықты сақтаудағы басты тарихи ерлік болатын.

         Біздің «Тарих ағай» аса маңызды жиын жайлы қызықты деректерді ұсынып, тәптіштеп түсіндіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=pcRzRtz1LpM&t=3s